Name of novel: «Бүкірлер елі»
1. Айым Ақылтай  03/04/2026 18:28 (675)

Автордың жазу стилі мен тілдік ерекшелігі

Азамат Салықовтың бұл шығармадағы тілі ауыр, психологиялық бояуы қалың әрі философиялық ойға толы. Ол жеңіл-желпі, жадағай сөйлемдерден қашып, кейіпкердің ішкі арпалысын беру үшін терең метафоралар мен экспрессивті тіркестерді («сары уайым», «күдік құрты», «ар соты») жиі қолданады. Автордың шеберлігі сол – ол кейіпкердің психологиялық портретін ұзақ сипаттамалармен емес, әрекет пен детальдар арқылы (мысалы, Жұманның қолынан тастамайтын қонжығы немесе Құдіреттің ағаштан ойған ойыншығы) өте нанымды бейнелейді. Сонымен қатар, повесть көлемді ішкі монологтар мен өткір диалогтардың алмасуына құрылған. Жұман мен Айқын арасындағы диалогтар оқырманды ізгілік пен зұлымдық туралы күрделі пікірталасқа жетелесе, Айқынның жалғыздықтағы ойлары экзистенциалдық ауырлықты сездіреді. 

Кімдерге оқуға кеңес беремін? Бұл повесті жеңіл оқылатын детектив, тартымды шытырман немесе романтикалық шығармалар іздегендерге ұсынбаймын. «Бүкірлер елі» – Ф. Достоевскийдің адам жанының қараңғы түкпіріне үңілетін терең психологиялық прозасын немесе Төлен Әбдіктің ар мен қоғам қақтығысын суреттейтін ауыр философиялық туындыларын бағалайтын, өмірдің күрделі сұрақтарына жауап іздеген ойлы оқырманға арналған кітап. Егер сіз ар-ұжданыңызбен оңаша қалып, өзіңізбен іштей соттасуға дайын болсаңыз, бұл кітапты міндетті түрде оқуыңыз керек.

Қорытынды: Азамат Салықов «Бүкірлер елі» арқылы адам жанының ең терең тұңғиығына бойлай алған. Шығарма соңындағы Төлен Әбдіктің: «Өмір ғажап. Оны азапқа айналдыратын – өзіміз» деген түйінді сөзі повестің бүкіл салмағын бір сөйлемге сыйдырып тұр.

Бұл туынды – бүгінгі қоғамның диагнозы. Оқырманды бейжай қалдырмайтын, жүрекке жүк артып, ұзақ уақыт ойландыратын шынайы әрі кесек әдеби құбылыс. Мұндай тапқырлықпен, шеберлікпен жазылған повесть қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып орын алуға әбден лайық!


Facebook ссылка на этот отзыв
Instagram ссылка на этот отзыв

 
2. Әнуар Еспенбет  03/04/2026 19:05 (682)

«Бүкірлер елі» повесі жаңа заман прозасындағы өте салмақты, экзистенциалдық тереңдігімен ерекшеленетін туынды. Меніңше бұл тек отандық әдебиет үшін ғана емес, жалпы әлемдік деңгейде адамзаттық құндылықтарды қозғайтын психологиялық драма.

Азамат Салықовтың шығармашылығына деген шынайы құрметімді білдіре отырып, повесті оқығаннан кейінгі әсерімді және осы туындыға деген өз пікірімді назарларыңызға ұсынып отырмын.

Негізінде әлемдік әдебиетте «жындыхана» метафорасы жаңалық емес. Антон Чеховтың «№6 палатасынан» бастап, Кен Кизидің «Пролетая над гнездом кукушки» романына дейін бұл локация қоғамның ең ауыр дерттерін ашып көрсететін мінсіз микромодель ретінде қолданылып келеді. Ал Азамат Салықов бауырымыз болса бұл дәстүрді қазақтың қазіргі қоғамдық-әлеуметтік реалиясына шебер бейімдеген екен. Шүбә жоқ, оқырманды психологиялық тұрғыдан сілкіп алатын жаңа көркемдік кеңістік тудырған. «Бүкірлер елі» жай ғана емханадағы науқастардың өмірі туралы жазылған шығарма деп ойласаңыз, қателесесіз! Бұл біз күнделікті өмір сүріп жатқан, бірақ мойындауға қорқатын үлкен қоғамның айнасы.

Ең алдымен айтқым келетіні, шығарманың тақырыбының өзі ақ алғашқы беттерден оқырманға үлкен ой тастайды. «Бүкірлер елі» деген атаудың астында адамның тән кемістігі емес, моральдық деформациясы, рухани мүгедектігі жатыр. Айналадағы адамдардың барлығы дерлік бүкірге айналған қоғамда тік жүру: қылмыс, тік сөйлеу: жындылық болып саналады.

Бүкірлер қоғамында адамдар өздерінің «бүкірліктерін» қалыпты жағдай деп қабылдайды. Олар зауытқа қуана кіріп, жүздері түнеріп, бүкірейіп шығады. Бұл – жүйенің адамды қалай сындыратынын, қалай өз қалыбына салып, ар-ұжданын мыжып тастайтынын сұмдық көрсететін дәл суреттеу. Салықов бұл жерде көпке көніп, тобырлық сананың жетегінде кету адам жанын қалай мүжіп жейтінін ерекше шеберлікпен жеткізген.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
3. Нұрбек Рахметов   04/04/2026 06:44 (776)

Бұл шығармада адам табиғатының ең әлсіз әрі ең қауіпті тұстары ерекше шеберлікпен ашып көрсетіледі. Автор тек жеке адамның ішкі әлемін ғана емес, тұтас қоғамның рухани ахуалын, адамгершілік деңгейін, моральдық құндылықтардың қаншалықты әлсірегенін тереңінен бейнелейді. Шығарма оқырманды жай ғана сюжет арқылы қызықтырып қоймай, оны мазалап, ойландырып, тіпті өз-өзіне сұрақ қоюға мәжбүр етеді. Осындай қасиеті арқылы туынды тек көркем шығарма ғана емес, философиялық ой-толғауға айналады. Автор қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – екіжүзділік құбылысын дәл әрі шынайы суреттейді. Шығармадағы кейіпкерлердің сыртқы келбеті мен ішкі дүниесінің арасындағы алшақтық ерекше байқалады. Сырт көзге мейірімді, қамқор, адамгершілігі мол болып көрінетін жандардың шын мәнінде қиын сәтте өз мүддесін бәрінен жоғары қоятыны – бүгінгі қоғамның ащы шындығы ретінде беріледі. Бұл жерде автор ешқандай артық әсірелеуге бармайды, керісінше, күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларды көркем түрде жеткізеді. Осы арқылы оқырман өз айналасындағы адамдарды ғана емес, өзін де қайта саралауға мәжбүр болады. Адам бойындағы мұндай қайшылықтар – тек бүгінгі заманның емес, жалпы адамзатқа тән құбылыс. Дегенмен, шығармада бұл мәселе ерекше өткір қойылады. Себебі қазіргі қоғамда материалдық құндылықтар рухани құндылықтардан жоғары қойылып, адамгершілік екінші орынға ығысып бара жатқандай әсер қалдырады. Адамдар бір-біріне сенуден қалып, әркім өз пайдасын ойлайтын заманға келгендей. Осындай жағдайда адам бойындағы қараңғы жақтар айқынырақ көріне бастайды. Жұманның ой-толғауы арқылы шығармада тарихи өкініш пен ұлттық намыс мәселесі де терең қозғалады. Бұл – шығарманың тек жеке адам тағдыры туралы емес, тұтас халықтың рухани жағдайы туралы екенін аңғартады. Жұманның ішкі толғаныстары арқылы автор өткен мен бүгінді салыстырып, ұлттық болмысқа қатысты күрделі сұрақтар қояды. Ол тек өз өміріне ғана емес, халқының тағдырына алаңдайды. Жалғасын фейсбуктан оқи аласыз...
Осы пікірге Facebook-сілтеме
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
4. Аяулым Мақсұтова  04/04/2026 11:29 (794)

Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” шығармасын оқу арқылы адамның ішкі жан дүниесі оның сыртқы диагнозынан әлдеқайда күрделі екенін түсінуге болады.Бұл шығармада басты кейіпкер арқылы автор психиатриялық емдеу орталығының жай күйін ғана емес адамды қоғам, тағдыр, жалғыздық пен ішкі күйзеліс арқылы сындырып жіберуге болатынын көрсеткісі келгендей. Автор кейіпкерлерді “ауру” адам ретінде емес, ішкі күйін, жан- жарасын көрсете білді. Сол себептен шығарманы оқып отырған оқырман қауым оларға сырттай баға бермей, ішкі халдерін түсінуге жақындайды. 

Маған шығарманың басты кейіпкері Айқын образы ерекше әсер қалдыра алды. Бір кездері ел таныған, сөзі өтімді журналисттің шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығып кетуі өмірдің ащы шындығындай еді. Кейде адамдарға жақпай қалатын ащы шындық арқылы жазықсыз адамдар мәңгі жапа шегіп жатқан жағдайлар қазіргі таңда да маңызын жоғалтпаған өзекті мәселелердің бір. Сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, адамның ішкі жан дүниесінде үлкен арпалыс жүруі мүмкін. Айқынның ойлары мен жалғыздық сезімі оның жан жарасының терең екенін сездіреді. Ал Жанардың бейнесі арқылы төзім, адалдық және шынайы махаббат көрінеді. Оның Айқынға деген қамқорлығы мен үмітін үзбеуі өте әсерлі. 

Шығармада “бүкір” сөзі тек дене кемістігі емес, адамның рухани майысуы, өмір салмағына төтеп бере алмай иілуін білдіргендей көрінді. Яғни адамды бүкірейтетін нәрсе-қайғы, жалғыздық, қоғамның қаталдығы, түсінбеушілік. Кейіпкердің бәрінде сондай ішкі мұң бар. Сол себепті шығарма атауының өзі терең мағына береді. 

Бұл шығарма арқылы түсінгенім- адамға сырттай қарап баға беру қате. Кейде “ауру” деп танылған адамның сөзі сау қоғамнан да шынайы болуы мүмкін. Автор оқырманын мейірімді болуға, өзгенің жай күйін түсінуге, адам тағдырына жеңіл қарамауға шақырады.Шығарма маған адамның жан жарасының көзге көрінбейтінін, бірақ оның салмағы өте ауыр болатынын ұқтыра алды . Ең бастысы, адамды сақтап қалатын күш- түсіністік, жанашырлық және үміт екенін терең сездірді.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
5. Аяулым Мақсұтова  04/04/2026 11:41 (795)

Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” шығармасын оқу арқылы адамның ішкі жан дүниесі оның сыртқы диагнозынан әлдеқайда күрделі екенін түсінуге болады.Бұл шығармада басты кейіпкер арқылы автор психиатриялық емдеу орталығының жай күйін ғана емес адамды қоғам, тағдыр, жалғыздық пен ішкі күйзеліс арқылы сындырып жіберуге болатынын көрсеткісі келгендей. Автор кейіпкерлерді “ауру” адам ретінде емес, ішкі күйін, жан- жарасын көрсете білді. Сол себептен шығарманы оқып отырған оқырман қауым оларға сырттай баға бермей, ішкі халдерін түсінуге жақындайды. 

Маған шығарманың басты кейіпкері Айқын образы ерекше әсер қалдыра алды. Бір кездері ел таныған, сөзі өтімді журналисттің шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығып кетуі өмірдің ащы шындығындай еді. Кейде адамдарға жақпай қалатын ащы шындық арқылы жазықсыз адамдар мәңгі жапа шегіп жатқан жағдайлар қазіргі таңда да маңызын жоғалтпаған өзекті мәселелердің бір. Сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, адамның ішкі жан дүниесінде үлкен арпалыс жүруі мүмкін. Айқынның ойлары мен жалғыздық сезімі оның жан жарасының терең екенін сездіреді. Ал Жанардың бейнесі арқылы төзім, адалдық және шынайы махаббат көрінеді. Оның Айқынға деген қамқорлығы мен үмітін үзбеуі өте әсерлі. 

Шығармада “бүкір” сөзі тек дене кемістігі емес, адамның рухани майысуы, өмір салмағына төтеп бере алмай иілуін білдіргендей көрінді. Яғни адамды бүкірейтетін нәрсе-қайғы, жалғыздық, қоғамның қаталдығы, түсінбеушілік. Кейіпкердің бәрінде сондай ішкі мұң бар. Сол себепті шығарма атауының өзі терең мағына береді. 

Бұл шығарма арқылы түсінгенім- адамға сырттай қарап баға беру қате. Кейде “ауру” деп танылған адамның сөзі сау қоғамнан да шынайы болуы мүмкін. Автор оқырманын мейірімді болуға, өзгенің жай күйін түсінуге, адам тағдырына жеңіл қарамауға шақырады.Шығарма маған адамның жан жарасының көзге көрінбейтінін, бірақ оның салмағы өте ауыр болатынын ұқтыра алды . Ең бастысы, адамды сақтап қалатын күш- түсіністік, жанашырлық және үміт екенін терең сездірді.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
6. Альбина Утянова  06/04/2026 17:55 (1260)

“Бүкірлер елі” - қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтеретін бірегей шығарма.
Қоғамда болып жатқан абсурдты жағдайларға адамзаттың тәні мен жаны үйреніп, сол ақылға сыймайтын дүниені нормаға айналдыруы - сол қоғамның басты дерті. Бұған шығармадағы көрінбейтін доппен ойнаған бір топ адамдарды соның бір мысалы ретінде көрсете аламыз. Ал шығарманың басты кейіпкері Айқын сол абсурдпен күресу жолында еңбек еткен журналист. Қоғамда орын алып жатқан әділетсіздектерді айтып, шындықты жеткізу жолында өзін жындыханадан тапқан адам.
Шығарма адамның бойынан қазірде жоғалып жатқан адамгершіліктің сол адамдарды зұлымдыққа апарып жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар онымен күрес жүргізудің қаншалықты маңызды екенін жеткізеді. Және де сол әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы тұрған адамның сол қоғамда күлкі мен “ауруға”айналып жатқандығы туралы жазылады.
Ізгіліктің не екенін барлық адам білуші, бірақ қоғам тұстастай оның жолын шектегеннен, адамдар теріс жолды жөн көруде.
Шығарманың “Бүкірлер елі” деп аталуы да, соны меңзеген болуы керек. “Бүкірлер елінде тік жүру айып” деп соңынан келтірілген нақыл сөз де осы шығарманың негізгі идеясын көрсететін сияқты.
Сонымен қатар Жұман мен Айқынның арасындағы диалогтардан, осы қоғамның дертіне қатысты адамдардың екіжақты пікірін көруге болады. Біреуі табиғат заңына бағыну дұрыс екендігін айтып, қоғамның барлық дертін қабылдау қажеттігін, соны мойындап, соған сай бейімделе отырып өмір сүру керектігін айтса, екіншісі ондай зұлымдықты табиғат заңы ретінде қарамай, адамның ол нәрседен жоғары болу керектігін айтады.
Қорыта айтқанда, “Бүкірлер елі” қоғамның шынайы бейнесін ашып көрсететін, терең мағыналы шығарма. Автор адамгершілік пен зұлымдықтың ара жігін айқындап, әр адамның өз таңдауы бар екенін көрсетеді. Қоғам қаншалықты бұзылса да, адам өз болмысын сақтап, әділдік жолында күресуі тиіс деген ой түйінделеді. Терең ойлы, пәлсапалық туындыларды бағалайтын оқырман үшін бұл шығарма таптырмас дүние деп айта аламын.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
7. ZHİBEK ZİNELOVA  06/04/2026 21:09 (1283)

«Бүкірлер елі» – біздің қоғамның айнасы ма?!

“Бүкірлер елі” – қазіргі қоғамдағы адамның рухани күйін, еркіндік пен тәуелділіктің, шындық пен иллюзияның шекарасын терең танытатын психологиялық шығарма.

Әдебиетте өз қарақан басының қамын дерт қылатын жазушы болады да, адамзаттың дертін қаламға мансұқ ететін жазушы болады. Мен жас қаламгер А.Салықовтың «Бүкірлер елінен» осы адамзатқа ортақ дертті көргендей болдым.

Еркіндік кейде аяқ-қолың бұғаудан, мойның қамыттан босау емес екен. Еркіндік – ой мен сананың тобырлық езгіден, өз уайымың мен қорқыныштарыңнан босауы. Шығарманың басты кейіпкері Айқын – сол өзі күткен еркіндігінің “тұсауына” өзі түскен жан. Абай атамыз 4-қарасөзінде: «Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық», – дейді. Ол шығарманың басында өзін-өзі «тұтқындаған» кейіпкер болып көрінсе де, оның мақсұт еткені бөлек. Әр қоғамның өз жүйесі бар болғаны сияқты, ол жүйенің өз ұстындары бар. Айқын сол жүйенің құрбаны болғысы келмеді.

«Бүкірлері елі» – шығармада ақыл-ойында ауытқуы бар жандардың емделетін орталығы ретінде сипатталады. Бірақ оқырман санасында «бүкірлер» шын мәнінде дертінен айығу үшін келді ме деген сұрақ қалады. Себебі Айқын, Құдірет сияқты кейіпкердің тағдыры тым басқа. Тіпті Жұмандар да біздің қоғамда жалғыз еместей көрінеді. Осыған қарап, автордың әр кейіпкерді бір-бір типтік бейне арқылы ашқанын байқаймыз.

Жазушының көтерген тақырыбы – адамзатқа ортақ дерт. Жан азабы. Өз басының күйін күйттеген қоғамда осындай тақырыпта қалам тербеген жазушыны алғашқы қадамына сәттілік тілейміз. Әлі айтылар дүние көп. Басты мақсат – оқырманға осындай тақырыптардың жетуіне себепші болу. «Бүкірлер елі» біздің қоғамның айнасы ма, жоқ әлде иллюзия ма, шығарманы оқу арқылы толығырақ таныса аласыздар.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
8. Салтанат Копбаева  08/04/2026 12:11 (1713)

Есболат Айдабосынның «Бүкір» шығармасы мазмұны терең, астары мол, оқырманды ойлануға жетелейтін көркем туынды. Автор бұл мини роман арқылы тек бір аттың тағдырын суреттеп қоймай, адам өмірінің күрделі қырларын, қоғамдағы теңсіздік пен рухани ізденісті шебер бейнелейді. Шығарма басында Тентек өзенінің тосыннан тасуы оқиғаға ерекше драмалық реңк береді. Бұл өзен кейінгі оқиғалармен тығыз байланысып, тағдырдың белгісіз әрі тосын мінезін аңғартады. Басты кейіпкерлердің бірі Бүкір. Алғашында кемтар, бәйгіге жарамсыз деп бағаланған бұл ат уақыт өте келе ерекше қасиетін дәлелдейді. Оның шынайы жүйріктігі еркіндік алған кезде ғана ашылады. Осы арқылы автор табиғи болмыс пен жасанды шектеудің айырмасын көрсетеді. Бүкірдің образы сырт көзге әлсіз көрінгенімен, ішкі қуаты мықты жандардың символы. Қоспа бейнесі де ерекше әсер қалдырады. Оның өмір жолы ауыр: жетімдік, қоғамдағы төмен статус, өзін толық қабылдай алмау сияқты мәселелер оның ішкі жан дүниесіне із қалдырған. Өзінің шын аты Ердәулет екенін кеш білуі оның тұлғалық дағдарысын күшейтеді. Дегенмен уақыт өте келе, әсіресе Бүкірмен арадағы байланыс арқылы Қоспа рухани тұрғыдан өседі. Оның мінезінің өзгеруі, өмірге деген көзқарасының жаңаруы шығарманың маңызды идеяларының бірі. Қарт жылқышы даналықтың, дәстүрдің символы. Оның жылқыға деген көзқарасы ерекше, ол жануарды тек мал ретінде емес, тіршілік иесі ретінде қабылдайды. Оның айтқан ақылдары мен өмірлік тәжірибесі Қоспаның өзгеруіне ықпал етеді. Тіпті қайтыс болғаннан кейін де Қоспаның санасында өмір сүріп, бағыт бағдар беріп отырады. Шығармадағы мистикалық элементтер, әсіресе буырыл жорға мінген қария бейнесі, туындыға ерекше реңк береді. Бұл кейіпкер нақты түсіндірілмейді, бірақ оның әр көрінісі маңызды оқиғалармен байланысты. Бұл автордың оқырманға ой тастау тәсілі. Шығарманың финалы да ерекше. Бүкірдің тұманға сіңіп жоғалуы нақты жауап бермейтін, бірақ терең мағынаға ие көрініс.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
9. Нурболат Каким  08/04/2026 16:16 (1817)

«Букірлер елі» шыгармасы мені шынымен де терен, ойа калдырган туындылардын бірі болды. Алгаш оки бастаганда, бул жай гана жындыханадаты адамдардын, емірі туралы энгіме сиякты корінеді. Бірак, ар бет сайын оки бергенде, автордын айткысы келген ойы элдекайда терен екенін тусінесін. Бул жерде тек ауру адамдар емес, жалпы когам, адамнын ішкі жан дуниесі, шындык, пен жалганнын, арасы туралы сез болады. Маган ен катты эсер еткен кейіпкер - Айкын. Ол бурын калыпты емір сурген, ез ісінде жетістікке жеткен, когамда орны бар журналист болан. Бірак, казір жындыханада жур. Соган карамастан, онын, ойлары мен кезкарасы кейбір «сау» адамдардан да дурыс сиякты корінеді. Кейде тіпті ол айналасындаылардын, бэрін сырттай бакылап, барін тусініп жургендей эсер калдырады. Осы жерінде еріксіз «шын жынды кім?» деген сурак туындайды. Мумкін, біз когамда калыптаскан ережеге сай келмейтін адамдарды езіміз «жынды» деп кабылдайтын шыгармыз. Жындыханадаты емірдін озі де біртурлі таныс корінеді. Барльны бір жуйемен журеді, барі бірдей тартіпке батынады. Дарі ішеді, бірак, ол дарілер адамдарды толык, емдемейді, тек уакытша тыныштандырып, бір иллюзияга кіргізетіндей. Осы тусы казіргі коам а уксап кетті. Кейде адамдар да ез проблемаларын шешудін, орнына, олардан кашып, уакытша умытуды жен кореді. Бул жерде автор ете назік турде улкен маселені керсеткен. Жуман сиякты кейіпкерлер де есте калады. Онын еткен заманды айтып, езін баска бір дауірде жургендей сезінуі - шынайы емірден кашудын бір турі сиякты. Эр кейіпкердін, оз алемі бар, жане сол элем аркылы олардын ішкі куйін тусінуге болады. Жанардын бейнесі де ерекше. Онын, Айкына деген махаббаты, сенімі, куткені оте шынайы берілген. Ол куйеуін бурыны калпына келеді деп уміттенеді. Бірак Айкыннын, езі сол емірге кайтып бартысы келе ме, жок, па - бул жаты тусініксіз. Осы жадай окырманга ауыр эсер калдырады. Кейде адам езі тандаган «женіл» емірден бас тарткысы келмейтін сиякты. Жалпы, бул шыгарма маган катты унады. Ойткені ол артык, астрелеусіз, карапайым тілмен оте манызды ойларды жеткізеді.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
10. Абылай Жанболатов  08/04/2026 17:12 (1825)

Бұл шығарма қатты әсер берді. Маған қатты ұнағаны-сенің жазу стилің. Қарапайым, бірақ өте әсерлі. Оқып отырып, кейбір сәттерде тоқтап, ойланып қалдым. Әрі айта кететін жері сенің өте көркем адеби жеткізе білгенің. Оқып отырып оқырманды киноның ішінде жүргендей болып өзіне тартып алып сездіретін, тек өте мықты авторларда кездесетін қасиет деп білемін. Бұл нағыз сапалы шығарманың бірі! Шығармада тек оқиға емес, астарлы мағына, қоғамға деген көзқарас бар екені сезіледі. Кейбір жерінде адам оқып отырып өзінің өмірін, айналасы туралы ойлап оны салыстыра кетеді екен. Бұндай еңбек жазу оңай емес, еңбегің өте сіңгені көрініп тұр! Сапаны, стильді, вкусты, көркем адебиет сауаттылығын түсінетін адам саған дұрыс баға береді деп есептеймін. Шығармашылық жолыңда тек биіктерден көріне беруіңе тілектеспін! Бұл тек бастама деп сенемін.????????Шығармада қоғамға астарлы сын бар сияқты көрінеді. Бүкірлер деген ұғымның өзіде тек сыртқы бейне емес, адамдардың ішкі дүниесі, кейбір құндылықтарының бұрмалануының символы сияқты әсер қалдырды. Осы ойды автор өте нәзік, бірақ дәл жеткізе білген. Сонымен қатар шығармада тыныш, бірақ ауыр сезім бар-жалғыздық, түсінбеушілік, адамның ішкі психологиялық күресі. Ішкі күйзеліс, өмірге деген көзқарас өте шынайы жеткізілген екен. Осындай эмоцияларды кез келген автордың қолынан келе бермейді және бұл шығарманың басты күші деп ойлаймын! Шығарманы оқып болғаннан кейін де оның ойлары санамда қалып қойды. Кейбір тұстар қайта-қайта еске түсіп, ойландыра береді. Бұл — нағыз сапалы туындының белгісі. Себебі жақсы шығарма тек оқылып қана қоймай, адаммен бірге өмір сүреді. Қорытындылай келе, «Бүкірлер елі» — тек бір оқиға емес, ол — терең мағынасы бар, философиялық ойға жетелейтін шығарма. Мұндай дүниелер қазіргі кезде өте қажет деп ойлаймын.Авторға үлкен алғысымды білдіремін және шығармашылық жолында тек табыс тілеймін. Бұл — тек бастамасы, ал алда бұдан да мықты, терең шығармалар болады деген сенімдемін.Кейбір шығармалар оқылады да ұмытылады, ал кейбірі — жүректе қалып, ойыңды өзгертеді. «Бүкірлер елі» — дәл сондай шығармалардың бірі ????????
Facebook ссылка на этот отзыв

 
11. Гүлжайна Жаңабекова  08/04/2026 18:36 (1850)

«Бүкірлер елі» шығармасына ойтолғау

   Шығарманы бастаған сәттен-ақ мен шатасқан сағаттардан мән іздей бастадым.Оқиғаның ортаңғы желісіне келгенде бұл іздеуімнің бекер емес екенін ұғынғандай болдым.Шынында да бәріміздің уақыттан үмітіміз бар,өйткені уақыт емші,уақыт төреші дегенге сенеміз.Ал ол емнің бізге қалай әсер ететіні және төреліктің қалай қабылданатынын яғни әділ ме жоқ па ол жағын жұмыр басты пенде болғасын ойланып жатпаймыз.Жұман өткеніне оралғысы келеді.Оның армандаған мемлекеті тек ойыншық қуыршағы мен өзі болып қала берді.

   Осыған дейін не үшін жындыхана сөзін бар мәнімен қолданатынын түсінбейтін едім.Неге атауын «оңалту» немесе «түзелту» деген сияқты сөздермен ұштастырмаған деген сұрақ ылғи болатын.Бала көңілді Құдіреттің оқиғасы бұл сауалыма өз тағдырымен жауап бергендей еді.

   Қоғамдағы өзекті оқиқағалар мен тартыстар толысқан адамға қалай әсер ететтіндігін оқиғада анық көрсеткен.Қоғам мен биліктің байланысын шағын «жындыхана» деп аталатын мекемеге ықшамдай алғаны қызық көрінді.Меңгеруші мен мейірбекелер Айқынның ішкі ауруын қалай түсінбесе Айқынның өзі жұмыс істеп жүрген жердегі басшылықтың тура осылай журналисттің ішкі күшін түсінбеді. Айқынның ішіне симаған алпауыт күші түбінде басқаша күйде шыққаны мені қапаландырды.

    .Жұман оны табиғат заңы деп қарастырса ал Айқын заңдылықпен жұбату зұлымдықты ақтау деп ұғынды.Ақырында екеуі де маған өздері жек көрген Сарманды ақтап берді.Сарманның бойында әйтеуір бір адами ізгілік пен жақсылық бар еді,бірақ оны да, оның бар болмысын да көмескілеген зұлымдық− жындыхана немесе Айқынның түсіндегі тобырлы «бүкірлер» болуы ықтимал.

    Жалғыздың туралы эпилогта сөз болды.Қалқаман Сариннің «Жалғыздықта жалғыз жұп бар,ол−өзің» деген өлең жолы осы орайда ойыма келді.Осыған дейін бұл өлеңді махаббат жайында деп ойладым.Бірақ соңында Құдірет те,Жұман да,Айқын да тіпті Жанар да жалғыз қалды.Олар шын жалғыздар еді, олай дейтін себебім «бүкірлер» арасындағы жалғыздық.


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
12. Сұлтан Исатаев  09/04/2026 21:16 (2387)

Азамат Салықовтың **«Бүкірлер елі»** повесі — адамды еріксіз ойға қалдыратын, салмақты шығарма екен. Оқып шыққаннан кейін көңілде түрлі сұрақтар қалады. Автор бұл туынды арқылы біз күнде көріп жүрген, бірақ мән бермейтін қоғамның «ауруларын» ашып көрсеткен сияқты. Шығарманың басты кейіпкері — Айқын. Ол қарапайым адам емес, шындықты іздеп жүріп, ақыры «жындыханадан» бірақ шыққан жан. Бірақ автор мынадай бір қызық параллель жүргізеді: сырттағы еркіндікте жүргендер мен іштегі науқастардың қайсысы шынымен еркін? Кейде жындыхананың ішіндегі адамдар сырттағылардан гөрі шынайырақ, тазарақ көрінеді. «Бүкірлер елі» деген атаудың өзі үлкен мағына береді. Мұндағы «бүкірлік» — арқаның қисаюы емес, жанның қисаюы. Автор адамдардың басынан өткен қиындықтардан, қоғамның қысымынан қалай «майысып», өздігінен айырылып бара жатқанын шебер суреттеген. Әсіресе, кейіпкерлердің ішкі арпалысы, жалғыздығы өте нанымды сенімді жазылған. Маған ұнағаны — шығарманың тілі. Өте түсінікті, қарапайым, сөз сапталып, артық бояусыз, қарапайым сөздермен-ақ адамның ішіндегі мұңды, үрейді жеткізе білген. Мен бұл кітапты оқығаннан кейін ерекше әсерде қалдым. Айқынның айналасындағы басқа кейіпкерлер де (мысалы, Жұман) жай ғана образдар емес, олар — қоғамнан шеттетілген, түсіністік таппаған жандардың жиынтық бейнесі.

Стилистикалық тұрғыдан повесть өте жинақы жазылған. Онда артық сөз, мағынасыз көрініс жоқ. Әрбір деталь, тіпті сағаттың тілі немесе терезеден көрінген аспан болсын, бәрі де кейіпкердің көңіл-күйін ашуға қызмет етеді. Азамат Салықовтың бұл еңбегі заманауи қазақ прозасына қосылған елеулі үлес деп есептеймін. Бұл туынды ұзақ уақыт бойы талқыланатын және ұмытылмайтын шығармалардың қатарында қалары сөзсіз. Өмірдің ащы болса да, шынайы бейнесін көргісі келетін кез келген адамға бұл кітапты міндетті түрде оқу керек.
Қорыта айтқанда, бұл шығарманы тек «бір адамның тағдыры» деп қабылдауға болмайды. Бұл — бәрімізге ортақ мәселе. «Біз кімбіз? Рухани еркіндігіміз бар ма, әлде біз де сол «бүкірлер елінің» біріміз бе?» деген сұрақ әр оқырманның көкейінде қалары анық.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
13. Аяжан Біршілік  10/04/2026 12:27 (2483)

«Бүкірлер елі» романы – адамның рухани күйі мен қоғамның бұрмаланған болмысын астарлы түрде бейнелейтін философиялық шығарма. Бұл туындыда сыртқы әлем емес, адамның ішкі әлемі мен қоғамның ойлау жүйесі негізгі нысанаға алынады. Роман атауының өзі символдық мәнге ие. «Бүкір» сөзі бұл жерде физикалық кемістікті емес, адамның ойлау жүйесінің иілуін, шындықтан ауытқуын білдіреді. Ал «ел» ұғымы – жеке бір адам емес, тұтас қоғамның бейнесі.Шығармада бейнеленген қоғамда адамдар өз жағдайын қалыпты деп қабылдайды. Олар өздерінің бүкір екенін мәселе ретінде көрмейді, керісінше бұл өмір салтына үйреніп кеткен. Осы арқылы автор «қалыпты» деген ұғымның салыстырмалы екенін көрсетеді. Яғни, бір қоғамда дұрыс саналатын нәрсе, басқа ортада бұрмаланған болуы мүмкін.Романдағы басты идеялардың бірі – адамның шындықты қабылдау қабілетінің шектелуі. Адамдар көбіне өздері көріп үйренген дүниені ғана шындық деп қабылдайды. Егер бүкіл орта бұрмаланған болса, онда сол бұрмалану да қалыпты болып көрінеді. Бұл – когнитивтік бейімделудің көрінісі. Автор осы арқылы қоғамның шындықты қалай өзгертетінін көрсетеді.Шығармада ерекше ойлайтын кейіпкер – Айқын бейнесі арқылы жеке тұлғаның қоғамдағы орны көрсетіледі. Бұл жерде автор маңызды мәселені көтереді: шындықты көретін адам әрқашан ортадан оқшау болады.Айқын ішкі сұрақтары оның рухани өсуінің белгісі. Ол неге бәрі бүкір екенін, неге басқаша болуы мүмкін емес екенін түсінгісі келеді. Бірақ қоғам оған нақты жауап бермейді. Бұл да маңызды деталь: жүйе сұрақты емес, тек тәртіпті қолдайды. Романдағы тағы бір маңызды аспект – қорқыныш. Адамдар белгісіз шындықтан қорқады. Сол себепті олар өзгерістен бас тартады. Қорқыныш – қоғамды бір қалыпта ұстап тұратын құралға айналған. Автор бұл шығармада адамның ішкі еркіндігі мен сыртқы жүйе арасындағы қайшылықты көрсетеді. Сырттай бәрі тұрақты сияқты көрінеді, бірақ ішкі жағынан қоғам шындықты қабылдай алмайтын күйде. Бұл – рухани тоқыраудың белгісі. Шығармада өткен туралы аңыздардың айтылуы да маңызды. Бұл арқылы автор тарихтың бұрмалануы немесе ұмытылуы мүмкін екенін меңзейді


Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
14. Арман Салмаганбетов  11/04/2026 06:21 (2624)

Бүгін Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» атты романымен таныстым. Бұл роман мені 2 әлем арасындағы жерге апарғандай болды. Романдағы болатын оқиғалар жері бір жағынан біз білетін қалыпты емхана сияқты, басқа жағынан біз білмейтін, сол емханаларда көп уақыт өткізетін науқас пен жұмыскерлердің өмірлері өтетін жер сияқты. Шынымен де сол жақтын өмірі солай ма, жоқ па білмеймін, бірақ мен үшін енді солай көрінеді. Ондай проблемалармен кездеспегеннен, психикалық ауруханалар бар екені туралы ұмытып та кеттім. Енді жалпы қоғам туралы басқаша көзқараспен қарайтын болдым. Мүмкін біреумен далада, қоғамдық жерлерде сөзге келіспей қойсам, мүмкін ол да мені Геке деп ойлап қалып, ашулы болса? Мен баламмен болсам ше? Байқап жүру керек. Роман маған қатты әсер тигізді. Біраз жыл бұрын ғана біз сияқты қалыпты адамдар, танымал журналист, тарихшы, біз сияқты еңбек етіп, мақсат қойып, армандап, енді ауруханада емделіп жатыр. Одан ешкім сақталмаған. Өмірдегі бір ғана оқиға ақыл-еске қатты әсерін тигізуі мүмкін. Тағы бір қатты ойландыратын мәселе - Айқынның өз еркімен жазылғысы келмеуі. Бұл - оның қиындықтан қашуы, жеңіл жолды таңдауы. Өмірде де кей адамдар проблемамен күресудің орнына, одан қашуды таңдайды. Сырт келбетінен барлығы жақсы болса да, ішкі дүниесі қиын жағдайда болуы - қазіргі көп адамға тән. Денсаулық, емін-еркін жүру, ақыл-естің дұрыс болуы - біз үшін үлкен байлық екенін тағы бір есіме салып, бағалауды үйретті. Азамат Салықовтың бұл шығармасы адам психологиясын терең ашатын, ойландыратын туынды. Әр адам өзін бір сәтке болса да Айқынның орнында елестетіп көреді. Денсаулық, емін-еркін жүру, ақыл-естің дұрыс болуы - біз үшін үлкен байлық екенін тағы бір есіме салып, бағалауды үйретті. Роман түрлі шығармашылық теңеу мен метафорларға толы, бұл жағынан авторға риза болдым. Бұл байқауда Азаматқа қолдау көрсетемін. Алла қаласа, болашақта көп туындыларын көріп, шетел оқырмандарын осындай жазушымен таныстыруды нәсіп етсін.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
15. Гүлім Айбек   11/04/2026 10:42 (2698)

Маған бұл кітап шынымен қатты ұнады. Өте ерекше екен, себебі тек оқиғаны айтып қоймай, адам психологиясын, қоғамның кейде адамға қалай әсер ететінін де жақсы көрсетеді.

Кейіпкерлердің әрқайсысы ерекше есте қалады. Әсіресе Айқынның ішкі күйзелісі мен жалғыздық сезімі қатты әсер етті, кей сәттерде өзің де оның жан дүниесін бірге өткеріп жатқандай боласың.

Маған ұнағаны — шығарма адамның сыртқы емес, ішкі «бүкірлігін» көрсетеді, қоғамның адамды қалай сындыра алатынын терең ашады. Оқып отырып кейіпкерлерге жаным ашып, кей сәттерде қатты ойға баттым. Кей жерлері тіпті ауыр оқылады, өйткені ол жерде шынайы өмірдегідей әділетсіздік, түсінбеушілік бар. Бірақ дәл сол үшін бұл кітап әсерлі деп ойлаймын, бәрі тым әдемі емес, өмірдегідей.

Маған автордың жазу стилі де ұнады, тілі ауыр емес, түсінікті, бірақ көтеретін тақырыбы өте ауыр әрі маңызды. Кейбір сөйлемдері қарапайым болғанымен, астарында үлкен мағына жатыр. Оқып отырып кейде тоқтап, осы расында да солай ғой деп ойланатын сәттер болды.

Тағы бір ұнағаны — кітапта тек бір адамның емес, жалпы қоғамның проблемасы көрсетіледі. Яғни, бір ғана кейіпкер емес, оның айналасындағы адамдар арқылы да көп нәрсе ашылады. Бұл кітаптан кейін адамдарға, олардың әрекеттеріне сәл басқаша қарай бастайтын сияқтысын.

Сонымен қатар, кітапта көтерілген тақырыптар қазіргі заманға да өте жақын деп ойлаймын. Кейде біз адамдарды сыртынан қарап бағалаймыз, бірақ олардың ішінде не болып жатқанын түсіне бермейміз. Осы шығарма соны жақсы көрсетеді. Оқып отырып, мүмкін біз де біреуге дұрыс қарамай жүрген шығармыз деген ой келеді.

Кейбір эпизодтары ерекше есте қалды, тіпті қайта оқығың келетіндей. Автор кейіпкерлердің эмоциясын сондай нақты жеткізген, кейде өзің де сол жағдайдың ішінде жүргендей әсер аласың. Бұл кітапты асықпай, ойланып оқыған дұрыс сияқты, сонда ғана толық сезінуге болады.

Жалпы, бұл жай ғана шығарма емес, адамға әсер қалдыратын кітап екен. Өз басым бұл кітапты оқуға definitely кеңес берер едім, өйткені ол ұзақ уақыт есте қалатын және қазіргі қазақ әдебиетіндегі оқуға тұрарлық туындылардың бірі деп ойлаймын.


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
16. Мустафа Газизов  11/04/2026 12:20 (2722)

Бүгін Меценат байқауына түсіп жатқан Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” повесін оқып шықтым.

Бұл шығарма адамға терең ой салатын, оқиғалар желісі жалықтырмайтын, кейіпкерлер арқылы қоғам шындығын беруге тырысқан сапалы дүние екенін айтқым келеді. Қандай адамдармен араласып өмір сүрсең, ол сенің тағдырыңның көрісінен хабар береді. Жындымен аралассаң өзің де жынды боларсың ба бәлкім деген ой келеді.  Шығармада Бүкірлердің арасында бүкірейіп жүрген, басқалардың артықшылығын жасырған бейнелерді көрсеткен. Айналамызға көз жүгіртсек, байқампаз болсақ, біз де көре алармыз ба, біздің қоғамнан биік адамдарды. Көрсе де көрмегендей болатын, ауру еместі ауру қылатын, бүкір еместі бүкір қылатын сияқты көрінеді біздің қоғам. Бір қарасаң ол да бір мезгілде адамның өзіне берілген таңдау. Сондай шығармадағы кейіпкер Құдыретке де, Айқынға да таңдау кезегі берілген, таңдауын да көріп отырмыз, оқыған адамның өз таңдауы бар болуы керек. Бірінші оны ар сотына саламыз, одан қалса қоғам сотына саламыз.

Айқын мен Жұман диалогы бұл ешқашан бітпейтін тартыс, әркімнің өз шыңдығы бар. Адамның алдына әкеліп берген тағдыры, қасындағы Жұманмен диалогы, қоғам бейнесіне реакциясы, басқалардың оған берген реакциясы, жалғыздық, қаталдық, бәрі-бәрі Айқынды осы күйге түсіріп отыр. Бұл тек Айқынға тән емес, бұл қоғам көрінісі, қоғам дерті. Бұндай адамдарға ауру деп бағалай салу, сарт сындыра салу, түзелмейді дегенге келтіру қате пікір. Ар жағына үңілсек әр адам жеке тұлға, жеке тағдыр. Осындай философиялық ойлар оқырманды оқып болғаннан кейін, біраз уақыт өзімен ұстап тұрады. “Бүкірлер елінде тік жүру айып” деген біразға ойда қалып кетері сөзсіз.

Шығарманы оқып отырып, қазақтың үздік жазушыларының бірі Төлен Әбдіктің бояуын көре алдым. Бұйырса, қазақта алдағы уақытта атамыздай көптеген керемет шығармаларын ұсына алатын жас жазушының қалыптасып келе жатқанына сенемін. Жазушының алғашқы шығармасымен таныса отырып, келесі туындыларын асыға күтеміз.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
17. Сакен Гилманов  12/04/2026 15:59 (2893)

Бүгін Азамат Салықовтың туындысы “Бүкірлер елін” оқып шықтым. Жас та болса, автордың әр кейіпкерге берген сипаттамасы, олардың ішкі жан-дүниесін оқырманға жеткізуі өте керемет. «Бүкірлер елі» шығармасы шынымен де оңай оқылып, тез ұмытылатын дүниелердің қатарына жатпайды. Оқып отырып, бір сәт оқиғаның ішінде жүргендей боласың, ал кей жерінде тоқтап, ойланып қалуға мәжбүр етеді. Бұл - автордың ең үлкен жетістігі деп ойлаймын. Маған әсіресе шығармадағы “бүкір” ұғымының астарлы мағынасы қатты әсер етті. Бұл тек сыртқы кемістік емес, адамның ішкі дүниесінің майысуы, қоғамның әсерінен өзгеруі сияқты терең ойды білдіретіндей көрінді. Қазіргі заманда көп нәрсеге көз жұма қарап, өз шындығымызды жасырып жүретініміз бар. Сол тұрғыдан алғанда, шығармадағы кейіпкерлердің тағдыры өте таныс әрі шынайы сезіледі. Басты кейіпкердің ішкі арпалысы да жақсы берілген. Оның ойлары, күмәні, жалғыздығы - бәрі оқырманға жетеді. Кейде тіпті өзіңді сол кейіпкердің орнына қойып көресің. Ал Жұман сияқты кейіпкерлер шығармаға тереңдік қосып, түрлі көзқарастардың қақтығысын көрсетеді. Осы арқылы автор тек бір адамның емес, тұтас қоғамның мәселесін көтеріп отырғанын байқауға болады. Шығармада ауыр, бірақ шынайы атмосфера бар. Оны оқып отырып, біртүрлі тыныш, бірақ салмақты күйге түсесің. Ең қызығы - кітап біткеннен кейін де ойларың біраз уақытқа дейін кетпейді. Қайта-қайта есіңе түсіп, өз өміріңмен салыстыра бастайсың. Жалпы алғанда, «Бүкірлер елі» - тек оқиға үшін емес, ой үшін жазылған шығарма. Мұндай туындылар көп емес. Авторға алдағы уақытта да осындай терең, мағыналы дүниелер жазуды тілеймін. Бұл - өте жақсы бастама. “Бүкірлер елі” де дәл сондай туындылардың бірі. Бұл кітапты оқыған әр адам өзіне бір ой түйетіні анық. Сондықтан мұндай еңбектердің көбейе түскені өте қуантады.
Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
18. Adilet Tagybergen  12/04/2026 16:45 (2896)

Сәлем, достар! Бүгін Azamat Salykov «Бүркілер елі» кітабы туралы өз пікіріммен бөліскім келіп отыр. Өзіміздің жазушыларды енді оқып бастағасын бұл шығармалардың ішінен Бүкірлер елі атауы қызық болды. Басында құбыжықтар туралы ма десем, адамдар туралы, психологиялық ауытқууы бар адамдар туралы шығарма екен.
Бұл шығарманы оқығанда басында жай ғана психологиялық тақырыптағы әңгіме сияқты көрінді. Бірақ оқи келе оның астарында терең мағына жатқанын түсіне бастадым. Айқынның образы мені қатты ойландырды. Ол шынымен ауру ма, әлде бәрін түсініп, саналы түрде сол ортада қалып отыр ма — нақты жауап табу қиын. Кейбір әрекеттеріне қарасаң, бәрін біліп отырғандай көрінеді, ал кейде керісінше әсер қалдырады. Осы екіұдай күй шығарманы одан сайын күрделендіріп, ойлануға итермелейді. Маған Жанардың бейнесі ерекше әсер етті. Ол күйеуін әлі де жақсы көріп, оның жазылып кететініне сенеді. Үмітін үзбей, әр келген сайын өткенді еске түсіріп, Айқынды қайта «оятқысы» келеді. Бірақ Айқынның оған деген реакциясы біртүрлі салқын сияқты. Ол тыңдап отырғандай көрінгенімен, ішкі жағынан алыстап кеткендей әсер қалдырады. Осы тұстарды оқығанда бір жағынан Жанарға жаным ашып, оның ішкі күйзелісін сезгендей болдым. Шығармадағы «бүкірлік» ұғымын мен тек сыртқы кемістік емес, адамның ішкі күйі деп түсіндім. Кейде өмірдің қиындықтары, қоғамның қысымы, ішкі жаралар адамды шаршатып, іштей сындырып жібереді. Сол кезде адам бәрінен қашқысы келеді, тіпті өз-өзінен де алыстайды. Айқынның жағдайында да сондай бір ішкі шаршау мен рухани ауырлық бар сияқты. Бұл ой шығармадағы терең символиканы одан әрі айқындай түседі. Жалпы, бұл шығарма маған ұнады. Себебі ол тек оқиға айтып қана қоймай, оқырманды ойландырады, ішкі талдауға итермелейді. Оқығаннан кейін біраз уақытқа дейін әсері сақталып, кейбір тұстарын қайта ой елегінен өткізесің. Осындай шығармалар адамның дүниетанымын кеңейтіп, кейіпкерлердің тағдыры арқылы өмірді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
19. Айдарканов  Дарын  12/04/2026 18:06 (2907)

Азамат Салықовтың Бүкірлер елі шығармасы – адам жанының терең қатпарларын ашатын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын ерекше туынды. Бұл шығармада автор тек бір кейіпкердің тағдырын ғана емес, жалпы қоғамдағы адам психологиясының күрделілігін, ішкі күйзелісті және жалғыздық мәселесін кеңінен қозғайды. Басты кейіпкер Айқынның өмір жолы арқылы біз адамның сыртқы табысы оның ішкі тыныштығына әрқашан кепіл бола бермейтінін көреміз. Айқын бір кездері табысты журналист болған, елге танымал тұлға ретінде өмір сүрген. Бірақ уақыт өте келе оның жан дүниесінде шешілмеген ойлар, ішкі қайшылықтар жиналып, ақыры оны психологиялық дағдарысқа әкеледі. Осы тұста автор адамның ішкі әлеміне терең үңіліп, оның ойлары мен сезімдерін өте шынайы жеткізеді. Кейіпкердің ой ағымы, жалғыздық сезімі, өмірге деген көзқарасының өзгеруі оқырманға анық сезіледі. Шығармадағы жындыхана бейнесі де ерекше әсер қалдырады. Бұл жай ғана емделетін орын емес, әр адамның тағдыры түйіскен, түрлі өмір тарихтары жиналған орта ретінде көрсетілген. Мұнда әр кейіпкердің өз шындығы, өз әлемі бар. Олардың кейбір әрекеттері түсініксіз немесе оғаш көрінгенімен, тереңіне үңілсең, бәрінің артында үлкен себеп жатқанын байқайсың. Жұман образы арқылы автор адамның санасы бұзылған кезде оның шынайылықтан қалай алыстап кететінін көрсетеді. Оның тарихи кейіпкерлермен өзін байланыстыруы бір жағынан қызық көрінгенімен, бұл оның ішкі әлеміндегі күйзелістің белгісі. Осындай детальдар шығарманы одан әрі әсерлі етеді. Айқын мен Жанар арасындағы қарым-қатынас та ерекше орын алады. Жанардың сабыры, махаббаты, үмітін үзбеуі – нағыз адалдықтың көрінісі. Ол күйеуінің бұрынғы қалпына оралуына сеніп, соңына дейін қолдау көрсетеді. Бұл оқырманға үлкен әсер беріп, адамдық құндылықтарды еске салады. Жалпы, «Бүкірлер елі» – терең ойға жетелейтін, өмірдің мәні туралы толғануға себеп болатын шығарма. Оны оқыған адам өз-өзіне сұрақ қойып, ішкі әлеміне үңілмей қалмайды.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
20. Nurlybek Amankul  13/04/2026 00:28 (2951)

Азамат Салықов бауырымның "Бүкірлер елі" атты туындысын оқып шықтым. Сюжеті өте қызық, оқуға жеңіл, әрі ойландыратын терең рухани сұрақтарға толы еңбек. Оқу барысында сол жындыханада тоғысқан әр кейіпкердің тағдыры қызық болды. Назарыңды бастан-аяқ жалықтырмай ұстап тұрады, интригаға толы сюжет. Кітап кейіпкерлерін өзара диалогтар арқылы терең аша білген. 

Повестің өзегінде адам мен қоғам арасындағы, адам ішіндегі екіұшты ойлардың қақтығысы жатыр. Басты кейіпкер Айқын өмірдің ақиқатын түсінген, әрі сол жолға өзгелерді шын жанашырлықпен шақыруға ұмтылған адам ретінде суреттеледі. Бірақ қоғам қатыгездігі оның қанатына балта шауып, "ауру" болуына түрткі болады. Аурулардың ортасына түсіп ішкі арпалысы, жан жарасы тіптен ушығады. Оны Айқынның ішкі монологынан аңғаруға болады. Автор аспан мен жалғыздық метафорасын байланыстыра отыра, Айқынның: «Аспан неге түнереді? Ол да мен сияқты жалғыз ба екен?» деген сауалы арқылы бұл қоршаған ортадан бөлектенген, түсіністік таппаған жанның жан айқайын сездіреді мәселен. 

Кітаптан қазіргі қоғам дертін көруге болады, яғни ақылға сыйымсыз, күнәлі, залым істерге адамның еті үйреніп, бірте-бірте қалыпты жағдайға айналуы. Солайша адам туралықтан, ізгіліктен, хақ жолдан ақырын алыстай берсе, теріс жолды дұрыс деп санай бастайды. Ал сол жүйеге қарсы тұрғандар "жынды" немесе "ауру" атанады. "Бүкірлер елі" атауының өзінде үлкен астар жатыр. Егер бәрінің арқасының бүкірі болса, түзу жүрген адам "мүгедек" болып көрінетіні секілді, рухани құндылықтары өзгерген, бұзылған қоғамда ақиқатты айтқан адам "жынды" санатына жатқызылады. Осындай идея арқылы автор бүгінгі қоғамда кімнің шынайы жынды екеніне баға беруге ой салды. Егер ақылды қоғамда ақиқатты айту "ауруға" айналса, онда ауру кімде — адамда ма, әлде қоғамның өзінде ме?

"Бүкірлер елі" туындысын барша әдебиет сүйер қауымға, психология немесе философияға қызығатын жастарға, қоғам мәселелерін терең ойлайтын зиялы қауымға оқуға кеңес беремін.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
21. Меруерт Борибай  14/04/2026 00:24 (3239)

Мен қазақ әдебиетін мектеп кезінен оқимын, бірақ соңғы жылдары оған деген ерекше қызығушылығым пайда болды. Қазақ әдебиеті — халқымыздың мәдениетін, тәлім-тәрбиесін көрсететін және де адамның жан дүниесін ашатын бір үлкен әлем. “Бүкірлер елі” шығармасын оқып, сол бір әлемге тағы бір барып келгендей күйде болдым. Керемет туынды!

“Бүкірлер” метафорасын мен рухани тұрғыда иілген, шындықтан қашып, өздеріне ыңғайлы жалған әлемде өмір сүретін адамдар ретінде қабылдадым. Маған ең ерекше әсер қалдырған кейіпкер — Жұман, себебі ол Айқынның ар-ожданы мен ұмытылған болмысының көрінісі сияқты. Жұманды автор Айқынның ішкі шындығы ретінде көрсеткен. 

Айқын психиатриялық ауруханаға психологиялық күйзеліс салдарынан түсіп, бастапқыда жат болып көрінген ортаға, уақыт өте келе бейімделіп кетеді, тіпті бұл өмір, жындыханадағы жүйе оған жеңіл көріне бастайды. Менің ойымша, жындыханадағы жүйе, қазіргі қоғамдағы тәртіптің, биліктің және адамдарды бақылау механизмінің жиынтығы. Бұл жүйеде ойланатын, сұрақ қоятын, қарсы шығатын адам “проблема”, яғни қазіргі қоғамдағы “ынғайлы адам” түсінігін көрсеткен. Айқынның шындық айтқысы келіп жұмыстан қуылуы, қоғамда шындық айту әрқашан қауіпсіз емес екенін көрсетіп тұр. “Көрінбейтін доп” ойыны - қоғамдағы жалған құндылықтарды, сыртқы әдемі көріністі, “бәрі жақсы” деген иллюзияны көріп, адамдардың жоқ нәрсеге сенетінін, соны “шындық” деп қабылдайтынын көрсетеді. Адамдар кейде шындықтан өздері қашады, өйткені шындық ауыр, бұныда автор көркем түрде жеткізген.

Бұл шығармадағы автордың негізгі идеясы - адам өз ар-ожданынан қашып құтыла алмайтынын, шынайы еркіндік тек шындықты қабылдағанда ғана келетінін көрсету деп ойлаймын.

Мен бұл шығарманы басқа оқырмандарға міндетті түрде оқуға кеңес берер едім, себебі ол терең ой салады. Маған бұл туынды “мен шындықпен өмір сүріп жүрмін бе” деген маңызды сұрақ қойды және ұзақ уақыт ойландырды.


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
22. Балжан Сабыр  14/04/2026 12:15 (3399)

Шынымен де, бұл шығарманы оқып шыққан соң, ішімде бір ауыр үнсіздік орнады. Кеудемді бір белгісіз мұң қысып, ұзақ ойланып отырып қалдым. Оқып отырған кезде көз алдыма бірден түрік әдебиетінің көрнекті өкілі Оғыз Атайдың әйгілі «Tutunamayanlar» романы келді. Екі шығарманың мәні бір-бірімен қатты үндесіп жатқандай.

Оғыз Атайдың кейіпкерлері жалғандыққа толы қоғамға, жасанды, бетперделі адамдарға сіңісіп кете алмай, бұл әлемнен өз орнын таба алмай қиналады ғой. Негізінде, мұндағы жындыхана жай ғана аурухана емес, ол қоғамның бетпердесіз, шындық айтылатын жалғыз панасы сияқты. Емханадан тысқары жүрген, бостандықтағы адамдардың бәрі бейне бір «бүкірлер» сияқты суреттеледі. Олар - әділетсіздікке көнген, дүние-боқтың соңынан қуған, мейірім мен адамгершілікті ұмытқан тобыр. Ал сол бүкірлердің арасында белін тік ұстап жүргісі келген, шындықты шырылдап айтқан адамды қоғам бірден жындыға шығарып, өз қатарынан сызып тастайды.Өкінішке орай, біз өмір сүріп жатқан қазіргі қоғамның ең ащы шындығы осы емес пе? Шығарманың әрбір деталі жүрегіңе инедей қадалады. Мәселен, ең жақын адамдарының опасыздығына ұшырап, дүние-мүлік үшін жындыханаға қамалған, тіпті өз балаларынан тірідей айырылған әке бейнесі кімді болса да бейжай қалдырмайды ғой. Сондай-ақ, сырт көзге сау көрінетін адамдардың қатыгездігі мен зорлық-зомбылығына қарамастан, сүйген адамын сарыла күткен әйелдің адалдығы мен махаббаты адам сенгісіз ауырсыну мен үмітті қатар сыйлайды. Бірақ мені ең қатты ойландырған ол шығарманың шарықтау шегі мен финалы. Басты кейіпкердің тар қапастан қашып шығып, кең тыныс алғанымен, сырттағы мейірімсіз, қатыгез әлемнен шошынуы жаныңды ауыртады. Екіжүзді қоғамның ішіне кіре алмай, еркіндіктің өзі азапқа айналған сәт. Автор қоғамның шіріген тұстарын, адамгершіліктің жоғалуын өте нәзік әрі жанға бататындай ауыр жеткізген. Шығарманың тілі сондай әдемі, бірақ көтерген жүгі ауыр. Оқып біткен соң, шын мәнінде жынды кім: емханадағылар ма, әлде көшеде жүрген біздер ме? деген сұрақпен бірге жүрегіңде үлкен бір бостық қалады екен.Болашағы зор туынды!

Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
23. Ғалым Байтақов  14/04/2026 12:44 (3412)

Мен қазақ әдебиетін мектеп кезінен бастап оқимын. 5-ші сыныптан бастап қазақ әдебиетіндегі бірнеше шығармалар ұнап бастаған. Сонау Ер Төстік, тау көтерген Толағай ертегілерінен, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғабит Мүсірепов сынды авторлардың шығармалары жүрекке жеткен болатын. Атап өтер болсам Көксерек, Балуан Шолақ, Қартқожа романы, Ұлпан сынды туындыларды сол кездері жақсы оқығанмын. Шығарманың атауы “Бүкірлер елі” деп аталуы бір ерекшелік бере ғана қоймай, туындының не туралы екенін қызықтыра түседі. “Бүкірлер” деп автордың шығармаға ат қоюы - тұла бойында,немесе кейіпкерлердің басында бір ауытқулар бар екенін айтқысы келген болар. Өзіме ұнаған кейіпкер Жұман тарихшы. Өз ырқынсыз бұл жерге түскен Айқынға көзін ашуға келген жақсы кейіпкер ретінде көзге түсті. Иллюзияға берілген Айқынның көрінбейтін доп ойнап кетуі сол жерге бейімделе бастауының белгісі болып танылды. Себебі жауапкершіліксіз, ауыр ойларсыз жеңіл өмір оған ұнай бастады. Сол себепті осындай ойда жүрген Айқынға, көзін ашуға ,өміріне жаңа серпіліс беруіне Жұманның рольі ерекше көзге түсті. Құдды бір өзінің кім екенін ұмытып қалған адамның көзін ашуға келген ұзтазы секілді. Ұмытылған “менін” қайта тірілту үшін келген есте қаларлықтай кейіпкер. Қорытындылай келе, бұл шығарма-оқырманды жай ғана қызықтырып қоймай, оны ойландырады, тіпті белгілі бір деңгейде өзгеріске итермелейді. Автор қоғамдағы екіжүзділікті, адам бойындағы қараңғы жақтарды, ұлттық намыс пен тарихи өкініш мәселелерін шеберлікпен ұштастырғаны байқалады. Бәлкім, бұл шығарманың ең үлкен құндылығы да осында шығар: ол бізді ойлануға, өзімізді тануға, және ең бастысы – адам болып қалуға шақырады. Авторға тілейтінім болашақта бұданда терең ой қалыптастыратын ,өзіміздің құндылықтарды тереңнен дәріптейтін шығармаларды жарыққа көп тиражда, оқырманға шығаруға тілектеспін.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
24. Жанерке Нұрғалиева  14/04/2026 15:36 (3551)

Жақында «Бүкірлер елі» деген кітап оқығам. Ткында жайында айтар болсам, бұл кітап мен ойлағандай жай психбольница туралы емес екен. Оқиға желісі уақыттың дұрыс көрсетпеуінен (90:10) басталып жатқанда-ақжағдайдың қалыаты емес екенін сезуге болады жалпы. Басты кейіпкер Айқын алғашында шындықты айтқысы келетін, қоғамға пайда тигізгісі келетін адам ретінде көрінеді. Бірақ уақыт өте келе қысым, әділетсіздік оны сындырады. Жұмыстан қуылғаннан кейін оның ішкі күйзелісі басталып, біртіндеп шындықтан алыстай береді. Ең қорқыныштысы ол бұған қарсы күреспей, керісінше бейімделуді таңдайды.Психбольницадағы өмірі ерекше әсер қалдырды. Әсіресе адамдардың жоқ доппен футбол ойнауы абсурд сияқты, бірақ кейін Айқын да соны қалыпты қабылдай бастайды. Осы жері қатты ойландырды: кейде адам шындықты түсінсе де, соған қарсы тұрудың орнына, жеңіл жолды таңдайды. (Осы кезде Әр оқырман “құдды менің өмірім секілді” деп ойлайтындайы бар екен).Жұман образы да маңызды. Ол Айқынның ар ожданы сияқты әсер қалдырады. Оны қайта ойлануға, өткенін еске түсіруге итермелейді. Бірақ соның өзінде Айқын толық өзгере алмайды. Ал Құдіреттің тағдыры арқылы жүйенің қаншалықты қатал екені көрсетіледі. Соңы ауыр әсер қалдырды. Айқын қаштым деп ойлайды, бірақ шын мәнінде өзінен қаша алмайды. Ақырында қайтадан сол жерге келеді. Бұл адамның ішкі шындығынан, өзінен қашып құтылу мүмкін емес екенін көрсетеді. Кітап авторының еңбегі ұнады, үйткені ол бәрін ашық айтып бермейді, керісінше оқырманды ойландыруға мүмкіндік беріп тұрғандай. Қарапайым сюжет сияқты көрінгенімен, астарында терең философиялық ой жатыр. Жалпы, бұл кітап жеңіл оқылғанымен, мағынасы ауыр, біраз уақыт ойыңнан кетпейтін шығарма екен. Қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалған. Оның бірі қысым. Басты кейіпкердің бастан кешірген мәселесі. Адамдар әлеуметтік, психологиялық және экономикалық қысымға жиі ұшырайды. Бұл олардың денсаулығы мен өмір сапасына кері әсер етеді.

Шығарманы оқуға кеңес берер едім.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
25. Ai Zhuma  14/04/2026 16:40 (3642)

Шынын айтсам, «Бүкірлер елі» шығармасы мені үшін ерекше әсер сезімге бөлеп, терең ойдың иіріміне жетелеуге көмектескен туындылардың бірі болды. Жалпы алғанда, бұл шығарма жай ғана психиатриялық аурухана өмірін суреттейтін шығарма емес, керісінше адам жанының тылсым қатпарларын, сананың арпалысын, шындық пен жалғанның бітіспес күресін бейнелейтін философиялық туынды деп ойлаймын. Оқиғаның электронды сағаттың 90:10-ды көрсетуінен басталуының өзі оқырманға бірден күмән мен мазасыздық сезімін ұялатады. Бұл әлемнің ғана емес, адамның ішкі дүниесінің де астаң-кестең болғанының белгісіндей әсер қалдырады. Әсіресе, Айқын бейнесі маған өте жақын әрі әсерлі көрінді. Басында ол қоғамның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, шындықтың шырағын сөндірмеуге тырысқан азамат ретінде көрінеді. Алайда өмірдің ауыр салмағы, әділетсіздіктің ащы дәмі, жан дүниесіндегі толассыз дауыл оны біртіндеп қажытады. Осы тұста автор адам жанының қаншалықты нәзік әрі осал болатынын шебер жеткізген. Айқынның бірте-бірте ауруханадағы оғаш көріністерге бой үйретіп, жоқ доппен ойналған футболды қалыпты нәрсе ретінде қабылдай бастауы шындықпен күресуден шаршаған жанның жалған тыныштыққа мойынсұнуын білдіреді. Сонымен қатар, Жұман кейіпкері шығарманың терең философиялық өзегін ашып тұрғандай. Меніңше, ол жай ғана адам емес, Айқынның көмескіленген ар-ожданының, ұмыт болған болмысының бейнесі. Оның әрбір сөзі кейіпкердің санасына сәуле түсіріп, көмескіленген шындықты қайта тірілткендей болады. Қорыта айтқанда, бұл шығарма адам баласының кейде шындықтан қашып, өзіне ыңғайлы жалған әлем құрып алатынын өте әсерлі көрсетеді. Шығарма маған терең ой салып, адамның өз көлеңкесінен, өз ар сотынан қашып құтыла алмайтынын ұқтырды. Автор адамның ішкі қайшылығын, ар мен сана тартысын шынайы әрі әсерлі суреттеген. Әсіресе, кейіпкердің қайтадан сол орынға оралуы тағдырдың тәлкегі ғана емес, адамның өзінен өзі қашып құтыла алмайтынының ащы шындығы іспетті. Осы арқылы шығарма жүрекке ой салып, ұзақ уақытқа дейін санадан өшпейтін әсер қалдырады.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
26. Томирис Буркитбай  14/04/2026 19:35 (3733)

«Бүкірлер елі» жас автордың шығармасын оқыған сәтте оның өте өзгеше стильіне , философиялық ұғыммен жеткізу техникасына да таң қалдым.Оқиғаны өз ойымда кинодағыдай елестетіп әр сәтін «енді не болмақ?» деген бір үреймен оқыдым. Шығармада Айқын сондай бір ақылдылығымен және Құдіретке жасаған парасатымен мені сүйсіндірді, қайта сол қақпаның алдына тап болғаны бір ой түйіндісін береді, «бұл өмірде біз бостандыққа өз еркімізбен жүруге дайынбыз ба әлде бұл жай қиялымыздағы иллюзия ма?...» Адал дос бола алған пәк жанары бар Жанардың жанашырлығы өте тамсандырады. Оның төзімділігі батырлықтан кем емес, күйеуіне адал болып, оны соңына дейін күтіп және барлық бірге өткізген естеліктерін оған күнделікті есіне түсіру махаббаттың шынайы айнасы деп есептеймін. Сарманның кей қылықтары адамдардың ойын адастырады, өзіне не керек екенін білмей бір сәтке өзін жынды секілді ұстауынан ляззат алуы ма екен, өте өкінішті. Жұманның тарих пен өмірді ұштастыру арқылы , халықты ата-бабаларымыздың арқасында жүргенімізге шүкір етуді ұмыттырмайтыны өте күшті идеялогиямен жеткізуі бір ғажап дерсің! Бірақ сол бір әдет қалып қойғандай жан досына(қонжыққа) құдды бір шәкіртіне лекция айтуы , өмірде сол ғана оның миссиясы секілді қақпадан арғы өмірден не өзінен тығылуы секілді. Ал Құдіретке тоқтала кетсек оның қандай алып , өте мықты және адалдығына тамсана, алайда бес минуттық нәпсіге беріліп, қазіргі өмірдегі ең құнды адамдарынан айырылуы , ең маңыздысы «УӘДЕСІНДЕ тұрмауы» өте ауыр жағдайлардың бірі , тек «әттең және қап» дегің келе береді. «Бүкірлер елі» өте әсерлі шығарманың бірі және автордың жасына қарамай, өте үлкен философия мен идеологияға толы жазылған оқиғасын бір демде оқып шығу , оның кейбір күрделі жерлерін қайта қайта түсініп , ойлана оқымауға болмайды. Тек тамсана оқу, ойлану жане сабақ алу үшін туынды болған шығарма…
Facebook ссылка на этот отзыв

 
27. Иннабат Бахытқызы  14/04/2026 19:57 (2507)

Шыны керек,мен қазақ әдебиетін мектепте оқығанда көбіне тарихи оқиғаларды ғана көретінмін. Бірақ”Бүкірлер елі”менің бұл түсінігімді өзгертті. Шығарманың атының өзі мені қатты қызықтырды. “Бүкірлер”дегенде менің көз алдыма бір түрлі тағдыры қисайған,жүгі ауыр жандар елестеді. Ал кітапты оқып бастағанда,бұл бүкірліктің арқада емес,адамның санасында екенін ұғып,қатты таңғалдым. Маған бұл шығарманың заманауилығы мен адамның ішкі қорқынышын дөп басып суреттегені ұнады.

Маған шығармадағы “Бүкірлер”деген теңеудің өзі ұнады. Бұл-шыңдықты айтудан қорқып,жалғандыққа иіліп қалған адамдар екен. Кейіпкерлер ішінде маған ең жақыны Жұман болды. Ол Айқынның жанында жүріп,оны үнемі мазалап,сұрақ қоя береді. Меніңше,Жұман-бұл әрқайсысымыздың ішіміздегі “ұят”немесе “ар-ұждан”
Ал “көрінбейтін доппен” футбол ойнау көрінісі-мен үшін шығарманың ең керемет жері. Ойлап қараңызшы,бәрі доптың жоқ екенін біледі,бірақ білмегендей ойнай береді. Бұл дәл қазіргі өмірдегі кейбір жағдайларға ұқсайды:біз де кейде өтіріктің өтірік екенің біле тұра,соған сенген болып жүреміз. Айқынның жындыханадан қашып шығып,қайтадан сонда оралуы мені қатты мұңайтты,бірақ бұл өте терең ой. Ол сырттағы еркіндіктен гөрі,ішкі тыныштықты іздеп қайта келгендей болды.
Бұл туынды маған біздің қоғамдағы ең үлкен мәселені-жауапкершіліктен қашуды көрсетіп бергендей. Автордын айтқысы келгені:адам шыңдықтан қашса да,өз-өзінен қашып құтыла алмайды. Маған Айқынның ішкі арпалысы,оның “мен тазамын ба,әлде мен де осылардың бірімін бе?”деген ойлары өте түсінікті болды. Шығарма бізді “бетпердені шешіп,шыңдықпен бетпе-бет келуге”шақырып тұрғандай әсер қалдырды.
Бұл шығарманы оқып болған соң өзіме: “Менің де арқамда көрінбейтін бүкірім жоқ па?”деген сұрақ қойдым. Маған шығарманың аяқталуы,ондағы философиялық түйін қатты ұнады. Бұл жай ғана оқиға емес,бұл-адамның жаны туралы үлкен сабақ. Басқаларға да осы туындыны оқуға кеңес беремін,себебі бұл туынды біздің көзімізді ашады.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
28. Сандугаш Утянова  14/04/2026 20:07 (3738)

Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасы – оқырманды бірден қызықтыратын, ұзақ уақыт ойынан кетпейтін терең мағыналы туынды. Бұл кітапты оқи отырып, мен тек оқиғаны бақылап қана қоймай кейіпкерлермен бірге өмір сүргендей әсер алдым. Шығармадағы басты кейіпкер Айқынның тағдыры ерекше ойландырды. Оның бұрынғы өмірі мен қазіргі кезіннің арасындағы айырмашылық адамды ойға қалдырады. Автор шығармада оның жан дүниесін шынайы, әсерлі түрде суреттеген. Әсіресе жалғыздық, түсінбеушілік және қоғамнан алшақтау сияқты сезімдер көбірек көрінеді. Бұл кез келген адамға таныс, бірақ әркім бөлісе бермейтін күй. Кітаптағы оның әйелі Жанардың бейнесі де жүрекке жылу береді. Ол қиындыққа қарамастан, сүйген адамына сенуден танбайды. Осы арқылы автор махаббаттың тек қуаныш емес үлкен жауапкершілік екенін көрсетеді. Жанардың күйеуіне көрсеткен қолдауы, жанашырлығы, және қамқорлығы олардың шынайы адал махаббатарының көрінісі деп айтуға болады. Сюжеттегі Жұман атты кейіпкер мен Айқынның арасындағы диалогтар да оқырманды әр түрлі ойға салады. Әсіресе табиғат заңына қатысты айтқан ойларынан екі адамның әр түрлі көзқарастары көрінеді. Жұманның қоғамнан да көрген зардаптары оның сол жерге келуіне себеп болған. Сонымен қатар, шығармадағы психиатриялық ауруханадағы өмірдің суреттелуі де ерекше әсер қалдырды. Әр кейіпкердің өзіндік ерекше тарихы бар. Кейде қалыпты деп саналатын адамдардан гөрі сол ортадағы жандардың ойлары шынайырақ сияқты көрінеді. Жалпы «Бүкірлер елі» – терең философиялық мәні бар шығарма. Ол оқырманды адамгершілік, қоғам, жалғыздық, әділетсіздік және махаббат туралы ойлануға қажет етеді. Сонымен қатар қоғамда орын алып жатқан ақылға қонымсыз нәрсенің үйреншікті жағдайға айналып жатқандығын көрсетеді. Маған бұл кітап өте ұнады, себебі ол тек оқиға айтып қоймай терең ой қалдырады.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
29. Ләйлә Байкубек  14/04/2026 21:27 (3756)

Кейде бір шығарманы оқығанда, оның әрбір жолы жүрегіңе соншалықты жақын болып, өзіңді сол оқиғаның ортасында жүргендей сезінеді екенсің — «Бүкірлер елі» мен үшін дәл сондай туынды болды. Шынымды айтсам, автордың жазу стилі мені бірден баурап алды. Мен үшін туындының ең басты құндылығы — оның қарапайымдылығы мен тереңдігінің үндесуі. Автор өте күрделі адам тағдырын, жанның қиналысын қағаз бетіне соншалықты нәзік әрі шебер түсіре білген. Бұл жай ғана оқиға емес, бұл — адам жанының ең нәзік қылдарын шертетін нағыз өнер туындысы.

Мәтіндегі Айқынның образы маған қатты әсер етті. Кешегі бәрі танитын, табысты журналистің бір сәтте шарасыз күйге түсуі — өмірдің қаталдығын еске салғандай. Автордың «көл бетіне қалқып шыққан өлексе балықтай ойлар» немесе «тат басқан қалың мұң» деген теңеулері маған нағыз ішкі жалғыздықтың сипаттамасы болып көрінді. Оқып отырып, Айқынмен бірге сол суық палатада отырғандай, сағаттың «90:10» деген жұмбақ сандарына қарап, белгісіздіктен қорыққандай күй кештім. Бұл — оқырманды оқиғаның ішіне тартып алып, кейіпкердің сезімін өз сезіміңдей қабылдаттыратын нағыз авторлық шеберлік. Оның бұрынғы жарқын өмірі мен қазіргі сұрқай тіршілігінің арасындағы алшақтық адамды еріксіз мұңға батырады.

«Бүкірлер елі» деген атаудың өзінде үлкен астар жатыр деп ойлаймын. Бұл тек физикалық кемістік емес, біздің қоғамдағы кейбір құндылықтардың бұрмалануы, адамдардың бір-бірін түсінбеуі және рухани құлдыраудың символы сияқты сезілді. Шығармадағы тыныш, бірақ ауыр мұң — жалғыздық пен ішкі психологиялық күрес мені қатты ойландырды. Кейбір тұстарын қайта-қайта оқып, өз өмірімді, айналамдағы жандардың шынайы бейнесін салыстыра бастадым. Автор қоғамдағы әділетсіздік пен тұлғаның еркіндігі мәселесін өте шебер ашып көрсеткен.

Қорытындылай келе, бұл — жай ғана оқыла салатын әңгіме емес, жүректе қалып, адамның дүниетанымын өзгертетін сапалы туынды. Осындай терең мағыналы дүние сыйлағаны үшін авторға үлкен алғыс айтамын және жеңіс тілеймін! ????


Facebook ссылка на этот отзыв

 
30. Карлыгаш Утянова  14/04/2026 22:48 (3777)

Бұл шығарманы оқыған кезде мен бір түрлі күйде болдым. Басында бәрі түсінікті сияқты болды, бірақ кейін ойлана келе бұл шығарма өте күрделі екенін түсіндім. Себебі мұнда тек бір адамның емес жалпы көптеген адамдардың тағдыры көрсетілген.
Айқынның өмірі маған қатты әсер етті. Ол бұрын бәрі бар адам болған: жұмысы бар, отбасы бар, оны жақсы көретін әйелі бар. Бірақ соның бәріне қарамастан, ол өзін жалғыз сезінген сияқты. Менің ойымша оның ең үлкен мәселесі – ішіндегі ойларын ешкімге айта алмауы. Адам ішінде бәрін сақтай берсе, бір күні ол жарылып шығатынын осы шығарма арқылы түсінуге болады.

Жұман кейіпкері арқылы автор адамның ақылы бар болса да, оның өзгеріп кетуі мүмкін екенін көрсетеді. Ауруханадағы өмір де ерекше суреттелген. Барлығы бір тәртіппен жүреді, адамдар өз еркімен ештеңе істей алмайды. Бұл бір жағынан түрме сияқты көрінеді. Бірақ сол жердегі адамдардың өзі әртүрлі, біреуі күліп жүреді, біреуі жылайды, біреуі өз әлемінде өмір сүреді. Яғни олар да қарапайым адамдар, тек олардың ойы өзгеше.Ол тарихты жақсы біледі, бірақ шын өмір мен өткенді шатастырып алады. Бұл да адам миының қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.
Құдірет те ерекше кейіпкер. Ол сыртынан қарағанда қатал, күшті адам сияқты. Бірақ ішкі жағынан өте жұмсақ, сезімтал. Оның медбикеге хат жазуы, ұялуы – оның бала сияқты таза екенін көрсетеді. Бұл маған «адамды сыртынан бағалауға болмайды» деген ой салды.
Жанардың сабырлылығы мен төзімділігі де мені таңғалдырды. Ол күйеуін тастамайды, үмітін үзбейді. Қанша қиын болса да, оны қолдап жүреді. Бұл нағыз адалдық пен махаббаттың белгісі.
Шығармада ең маңызды ойлардың бірі – қоғам туралы. Кейде қоғам адамды түсінбей, оны ауру деп қабылдай салады. Бірақ шын мәнінде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтау қиын. Айқын сол ортада ең сау адам сияқты көрінеді, бірақ ол да сол жерде өмір сүріп жатыр. Бұл жерде автор бізге «шындық деген не» деген сұрақ қояды деп ойлаймын.
Маған әсіресе соңғы ойлары ұнады. Айқын аспанға қарап, өзін жалғыз сезінеді. Бұл әр адамға таныс сезім деп ойлаймын. Кейде адамдар көп болса да өзіңді жалғыз сезінесің. Бұл адамның ішкі күйі.

Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
31. Таир Мухамбетов  14/04/2026 23:11 (3783)

Негізі қазақ әдебиет кітаптарын, соңғы рет сол мектепте ғана оқыдым. Сол кезде бір қызық емес сияқты көрінетін. Не үшін мынаны оқып жатырмыз деген оймен. Бірақ өсе келе ірі тұлғалар туралы, қандай кезеңде жазылған өлеңі шығармалар екенін түсінгенде ғана, бір құндылық пайда болды.

Сол мектептен бергі оқыған бір 3ші шығармам шығар оқыған,(қазақ тілінде). Ең бірінші атын көргенде “Бүкірлер елі”- көзіме просто өмірден өздерінің армандарының орындалмайтынына сенбейтін, көзінде оты жоқ адамдардың бір ауылындағы адамдар туралы деп елестеттім. Сосын шығарманы оқып болғаннан кейін, примерно тиіппін дедім. Бірақ бұлай кәдімгідей тереңінен ашылады деп ойламаппын. Автор әр детальдармен әдемі жеткізген қазіргі өмірдегі шындық пен иллюзияда өмір сүретін адамдарды әдемі көрсеткен.

Адамдар до того, жоқ нәрсені бар деп елестетіп, жалған иллюзияда өмірді таңдайтынын мощно көрсетіпті. Негізі өзім психологияға қызыққасын, қазіргі қоғамдағы адамдарды байқаймын, бірақ ол тек сыртынан байқалатын нәрсе. Даже адамдар бұл феноменді виртуалды ойындар көп ойнай беретін адамдарды да жатқызуға болады деп ойлаймын. Яғни сол өз әлемінде жеңімпаз сезініп, үйреніп қалған ми, Ал шын өмірге шыққанда ол никто екенін біліп, сол виртуалды өмірге қайта қайта келгісі келе береді. Не осознанно...

Бұл дертті негізі японияның бір анимесінде әдемі көрсетіледі.

Қысқаша сюжет(Компьютер ойнынан Әлем бойынша ең топ 1 мира ойыншы болады, бірақ оның ешкім түрін көрмеген, сосын әлем бойынша топ 2 ойыншы болады. Екеуі сыныптас, бірақ екеуіде білмейді. 2ші ойыншы әп әдемак класстағы қыз болады, ал әлем бойынша бірінші ойынша, класссындағы ең слабый, черт, ештенеңе өмірде жетпеген сүмелек бала болады.... яғни бұл аниме шамалы келетіні, адам өз құрып алған әлемінде, қай жерде оған комфортно сол әлемге қарай ұмтылады. Ол шын өмір болсын, иллюзия болсын...

Өзім анимеге қызыққасын, ой аниме есіме келді...

Бір деммен оқып шықтым десем болады. Психология, терең ойланғысы келетін адамдарға өтетін кітап. Авторға риза болдым! Рахмет!


Facebook ссылка на этот отзыв

 
32. Мөлдір Есмағанбетова  15/04/2026 08:52 (3806)

Мен бұл повестің атын оқығанымда балаларға арналған шығарма, ертегі деп ойладым. Бірақ бастап оқығаннан ақ олай еместігін түсіндім. Неге екенін білмеймін маған бірден есіме “Маленький принц” түсті. Аты, суреттері кішкентай балаларға арналған ертегі секілді, бірақ оқып отырып ересек адамның өзі мазмұнын бірден түсініп кетуі қиын. Повесті бастап оқығаннан өзіне баурап, қызықтырып алды. Неге сағат тілін дұрыс көрсетпеген? Бұл жерде маған “Цветы для Элджернона” есіме түсті. Алғаш кітапты қолыма алып оқығанымда басылым осынша қате жіберіп қалай шығарған , тіпті оқи алмай қалдым деп ойлағанмын.Сөйтсем Элджернон қалай айтады, солай жазған екен ғой. Дәл сол сияқты сағат тілінен де “отпечатка” кеткен екен десем, автор повестің басынан әңгіме не жайлы, қандай адамдар жайлы және қай жерде екенін әр бір “детальдан” көрсеткісі келген екен ғой. Ең қызығы осындай танымал, әлемге әйгілі шығармалармен салыстыра алатындай повесті жазған жас, жаңа автор екен. Повестке келер болсак….адам ойының ұшқырлығына шек жоқ қой дер едім. Бірақ шегі жоқ қой деп түбіне түсіп кетпеу керек екен. Қаншалықты шындықты айтамын, бәрін біліп , соны басқаларға жеткіземін мен “ауышып” кетудің арасында “тонкая грань» болғаны ма? Бұл жерде әр бір адам өзінде, өз шамасында ойлап қойғаны дұрыс болар деп қалдым. Ана ретінде басты байлығым отбасым, балаларым деп білемін , кейіпкер секілді басты байлықтарыма зиянымның тигенін қаламас едім. Өмірде ештеңе кездесоқ болмайды. Бұған Айқынның қасына Жұманның дәл уақытында келуі дәлел болды. Адам қанша “жынды” болса да, оның бойынан кейбір “таза” сезімдерді алып тастап немесе жоя алмайды екенсің. Бұған Құдіреттің балалар үйіндегі баласына Айқынның сыйлық апарып беруі дәлел болды. Маған осылай “ дәлел” болған оқиғалар көп болды. Бұл менің өмірге басқаша көзбен қарауыма себепші болды. Повестің соңында саған сұрақ қоятындай “Екі түрлі өмірдің қайсысын таңдайсың?” 

“Тонкая граньнан” қалай өтіп кетпей кейде шындықты жеткізуге ұмтылып, кейде жай ғана ештеңені ойламай өмір сүруге болады? ойымда қалған соңғы сұрақ “Адам өзінен қашып қайда барады?”

Facebook ссылка на этот отзыв

 
33. Динара Боранбай  15/04/2026 11:16 (3856)

Динара Боранбай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, магистрант.

Корректор-редактор, журналист.

Мектеп қабырғасынан бастап кітаппен доспын. Бүгінге дейін әр түрлі шығармалармен, авторлармен танысып, кітап оқу мәдениетім қалыптасты. Жалпы кітап оқу – барлық кітапты оқу деген сөз емес. Кітаппен танысу арқылы талғам, жеке көзқарас пен ой қалыптасатыны белгілі. Дәл қазір мен жаңа заман авторының шығармасымен таныстым. Романның атауы – «Бүкірлер елі». Әуелде атына сай дүние күткен едім, бірақ мен ойлағаннан да бөлек дүние жарқ ете шықты. Кітаптағы «бүкірлік» – тәннің кемтарлығы емес, адамның ішкі дүниесіндегі, санасындағы ауытқулар мен қоғамның рухани кеселдері жайлы. Біз кейде шындықты айтқан адамды «жынды» санап, ал өтірікке бой алдырған қоғамды «сау» деп есептейміз. Автор осы екі дүниенің арасындағы шекараны жойып жібергендей. 
Азамат Салықовтың бұл туындысы – қазіргі қазақ прозасындағы болмысы бөлек, интеллектуалды деңгейі жоғары, экзистенциалдық сарыны басым шығарма. Тілі жеңіл, шұрайлы жазылған шығарма мені бірден баурап алды. Автор шығарманы 90:10-ды көрсеткен сағатпен бастау арқылы оқырманды бірден қалыпты логика жүрмейтін әлемге жетелейді. Сондай-ақ, «Жындыхана» – бұл тек медициналық мекеме емес, бұл –шынайылық пен шындықтан алыстаған, бірізділікке бой алдырған қоғамның бейнесі. 
«Бүкірлік» – рухани дерт. Шығарманың символикалық жүгі өте ауыр. Егер адам қоғамда өз пікірін ашық айта алмаса, әділетсіздікке көз жұма қараса, ол бірте-бірте рухани түрде күйреп, «бүкір» рөліне ене бастайды. Автор осы «бүкірлік» арқылы адамның өз болмысынан жерінуін, мойнына түскен әлеуметтік қамыттың ауырлығын көрсеткен. Айқынның «сырттағы» өмірден гөрі осы жерде өзін еркін сезінуі – қазіргі адамның трагедиясы. Шын мәнінде біз еркінбіз деп ойлаймыз, бірақ іштей «өз ойымыздың құрсауындамыз».

Толық пікірімді фейсбук парақшамнан оқыңыздар)

Facebook ссылка на этот отзыв

 
34. Zhomart Orynbassarov  15/04/2026 14:40 (3933)

Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасы – қарапайым тілмен жазылғанымен, мағынасы терең туынды. Бұл шығармада автор қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын және ішкі дүниесін көрсетеді. «Бүкір» сөзі бұл жерде тек сыртқы кемістікті білдірмейді, ол адамның ішкі жан дүниесіндегі қателіктерді, әділетсіздікке бейімділігін, өтірік пен екіжүзділікті де меңзейді. Осы арқылы автор әр адамға ой салғысы келеді. Шығармадағы кейіпкерлер шынайы өмірге өте жақын. Олардың арасында тек өз пайдасын ойлайтындар да, шындықты айтудан қорқатындар да, бәріне бейжай қарайтындар да бар. Осындай образдар арқылы автор қоғамдағы көптеген мәселелерді ашық көрсетеді. Оқырман кейіпкерлердің әрекеттерін оқи отырып, кейде өз таныстарын немесе тіпті өзін де байқап қалуы мүмкін. Бұл шығарманың басты ерекшеліктерінің бірі деп ойлаймын. Маған бұл туындының қарапайым әрі түсінікті тілде жазылғаны ұнады. Оқуға жеңіл, бірақ сонымен қатар әр сөйлемнің астарында терең мағына жатыр. Автор көп сөзге бармай, нақты әрі әсерлі жеткізеді. Сондықтан шығарма оқырманды жалықтырмайды, керісінше соңына дейін қызықтырып отырады. Сонымен қатар, «Бүкірлер елі» адамды ойлануға мәжбүр етеді. Әркім өзіне сұрақ қояды: «Мен дұрыс өмір сүріп жүрмін бе?», «Менің бойымда кемшілік бар ма?» деген сияқты. Бұл – шығарманың ең маңызды тұсы. Өйткені адам өзіне сын көзбен қарағанда ғана өзгере бастайды. Қорытындылай келе, бұл шығарма – тәрбиелік мәні зор, қазіргі қоғам үшін де өзекті туынды. Ол әр оқырманға ой салып, жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі. Менің ойымша, «Бүкірлер елі» әр адамға пайдалы шығарма болып табылады.

Бұл шығарма адамды тек ойландырып қана қоймай, өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдауға да жетелейді.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
35. Марғұлан  Абышев   16/04/2026 00:54 (4012)

Бұл шығарманы оқығанда бірден адамның ішкі жан дүниесін тебірентіп, терең ойға қаласың. Негізі, сырттай қарасаң, бәрі жай ғана ауруханадағы адамдар сияқты көрінгенімен әр кейіпкердің ішінде үлкен бір тағдыр, ауыр ойлар, қайғы жатыр. Әсіресе Айқынның образы қатты әсер етті. Ол бұрын қарапайым емес, елге танылған, өз ісін жақсы көрген адам болған. Ал қазір мүлде басқа. Соның өзі өмірдің қалай өзгеріп кететінін көрсетеді.

Маған ұнағаны – автор бәрін шынайы етіп көрсеткен. Ешқандай артық бояу жоқ шыңайылық, бәрі өмірдегідей. Кейіпкерлердің сөйлегені, ойлағаны – бәрі сенімді.Құдды бір осы оқиғаны бастан кешіп жаткандайсын. Кей кезде тіпті олардың орнына өзіңді қойып көресің. “Осындай жағдайға мен түссем не істер едім?” деп ойланасың.
Жұман, Құдірет сияқты кейіпкерлер де ерекше. Бір қарағанда олар біртүрлі көрінеді, бірақ тереңірек қарасаң, әрқайсысының өз шындығы бар. Мысалы, Жұманның өзін батырлармен байланыстыруы немесе Құдіреттің махаббатқа сенуі – олардың да бір нәрсеге үміттеніп жүргенін көрсетеді.
Шығармада “бүкірлік” деген ұғым жай ғана дене кемістігі емес сияқты. Ол – адамның ішкі сынуы, қоғамның қысымы, өмірден шаршау сияқты нәрселерді білдіреді. Яғни, кейде адам сырттай сау болса да, іштей “бүкір” болуы мүмкін деген ой келеді.
Жалпы, бұл шығарма маған қатты ой салды. Адамдарды сыртынан қарап бағаламау керек екенін түсінесің. Әркімнің ішінде біз білмейтін үлкен бір әлем бар. Сол үшін адамдарға түсіністікпен қарау керек деп ойлаймын.Менің ойымша, бұл шығарманы әр адам оқып шығуы керек. Өйткені ол тек бір оқиға емес, өмірдің шындығын көрсетеді. Әсіресе қазіргі заманда адамдар бір-бірін түсінбей жатады, ал бұл шығарма соны жақсы жеткізеді. Оқып отырып, өзіңе де бір есеп бересің, өмірге басқа көзбен қарай бастайсың. Кейбір жерлері ауыр болса да, ол шындық болған соң әсер етеді. Осындай шығармалар адамды ойландырады, өзгертеді. Сондықтан уақыт бөліп, міндетті түрде оқуға кеңес беремін.Өзім осы шығарманы оқығаныма қуаныштымын.)

Facebook ссылка на этот отзыв

 
36. Қазыбек  Шаханов  16/04/2026 10:37 (4107)

Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” туындысын оқып шықтым. «Бүкірлер елі»… Бастапқыда осы атауының өзі мені қызықтырып, оқуға итермеледі. Оқи келе басты кейіпкер Айқынның өмірімен, ішкі жағдайымен таныстым. Сол сәтте автор қолданған “бүкірлік” сөзінің жай мағына емес, терең метафора екенін ұқтым. Бернард Шоу айтқандай: «Бүкірлер елінде тік жүру айып». Яғни қоғамның өзі бүкірейіп кетсе, норма өзгереді. Тік жүрген адам енді ол ортада бөтен, тіпті “ауру” болып көрінеді.
Басты кейіпкер- Айқында дәл сондай адам болды. Ол тік жүрді, ойын ашық айтты, бірақ соның салдарынан жұмысынан айырылды, махаббатынан алыстады, жалпы өмірден, қоғамнан шаршады. Маған оның ең ауыр тұсы – шындықты түсіне тұра, сол шындықпен күреспеуі. Ол жындыханаға түскенімен, бір жағынан бұл оның саналы таңдауы сияқты көрінді. Себебі сырттағы өмір оған бұлыңғыр, мәнсіз болып қалғандай. Сол үшін ол шындықтан қашып, өз әлеміне кіріп кеткендей әсер қалдырды. Қынжылтатыны – оның күреспей, беріліп кеткені.
Жындыхана болғанымен, мұндағы адамдардың ішінде ең сезімтал, ең шынайы жандар жатқандай көрінді маған. Әсіресе Жұманның бейнесі ерекше әсер қалдырды. Ол тарих факультетінде дәріс оқыған, бірақ өмірде өз орнын таба алмаған адам. Жалғыз қалғанда ойыншық қонжығына лекция оқитыны бір қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде өте мұңды. Оның санасы өткен заманда қалып қойғандай, өзі де сол заманның адамы секілді өмір сүріп жүргендей әсер қалдырады. Бұл – қоғамға сыймаған адамның ішкі күйінің көрінісі сияқты.
Жалпы, бұл шығарма жай ғана оқылып қоя салатын дүние емес. Ол оқырманды терең ойға жетелейді. Меніңше, автор бұл туынды арқылы бізге үндеу тастағандай…. Себебі мұндағы оқиғалар тек жындыханаға қатысты емес, біздің қоғамымызға да тән ащы шындықтарды көрсетеді. Кейде біз де байқамай, сол “бүкірлердің” қатарында жүрміз бе деген ойға қалдым. Сондықтан бұл шығарма – тек кейіпкерлер туралы емес, әрқайсымызға қойылған сұрақ сияқты.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
37. Айгерим Матаева  16/04/2026 11:35 (4149)

Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасын оқыдым. Бұл шығарма адам жанының терең күйзелісі мен қоғамдағы жалғыздық мәселесін ашатын туынды. Аталған шығарманы оқи отыра кейіпкерлердің күйзелісін өз басымнан өткізіп, проблемамен жалғыз күресу қаншалықты қиын екенін, адам жанының қаншалықты күрделі болса да, нәзік екенін түсіндім. Бұл кітап сырттай «ауру» деп қабылданатын адамдар арқылы шын мәнінде қоғам мен адамның ішкі күйін көрсетеді. Адамдар өз шындығынан қашып, жеңіл өмірді таңдайтынын, бірақ бұл шынайы бақыт әкелмейтінін көрсетеді. Басты кейіпкер Айқын – бұрын табысты журналист болғанымен, қазір өмірден түңіліп, өз ойының тұтқынына айналған жан, ол шындықтан қашып, өз ойының ішінде өмір сүріп кеткен. Осы арқылы мен адамның ең үлкен күресі сыртта емес, өз ішінде екенін ұқтым. «Бүкірлер елі» шығармасынан бірнеше маңызды сабақ алуға болады: - Шындықтан қашу – шешім емес. Көпшілік ауыр өмірден, жауапкершіліктен немесе ішкі күйзелістен қашып, өздеріне «ыңғайлы әлем» құрып алады. Бірақ бұл уақытша ғана жеңілдік береді. - Адамның ең үлкен күресі – өз ішінде. Айқынның жағдайы көрсеткендей, сыртқы әлемнен гөрі адамның ішкі ойлары мен сезімдері оны көбірек шаршатады. Егер адам өз ойымен жұмыс істемесе, ол өз-өзінің «тұтқынына» айналады. - Қоғам да адамға әсер етеді. Кейде адамды «әлсіз» немесе «ауру» ететін – тек оның өзі емес, оны түсінбейтін, қысым жасайтын қоғам. Сондықтан біреуді бағаламас бұрын оның ішкі жағдайын түсінуге тырысу керек. - Үміт пен махаббаттың маңызы. Жанардың бейнесі арқылы автор шынайы қамқорлық пен махаббаттың адамды сақтап қалатын күш екенін көрсетеді. - Нағыз «бүкірлік» – ойдағы бұрмалану. Адам сырттай қалыпты көрінгенімен, іші күйзелісте болуы мүмкін. Сондықтан ең бастысы – өз ойыңды түзету, шынайы өмірмен бетпе-бет келу. Айқыннан бөлек Құдіреттің бүкір өмірі жаныма қатты батты, қаншалықты бүкірлігі тереңге сіңіп, шынайы өмірден алыстатты. Енді ол өз қалпына келуі мүмкін бе деген өкініш қалды. Менің түйгенім – адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, шынайы өмірден қашпай, оны қабылдай білуі тиіс.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
38. Ганиев Торе  16/04/2026 13:32 (4189)

Басты кейіпкер Айқын қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, шындықты айтуға тырысқан журналист. Оның интеллектуалды бағдарламасы қоғамға пайдалы болғанымен, билікке ұнамай, жұмыстан қуылады. Осыдан кейін оның ішінде психологиялық күйзеліс басталып, түнгі шошынулар, елестер пайда болады. Бір сәтте ол әйелін өз басшысы ретінде елестетіп, оған қауіп төндіруге шақ қалады. Осы оқиғадан кейін туыстары оны психиатриялық ауруханаға орналастырады.Ауруханада Айқын біртіндеп “жеңіл” өмірге бейімделеді. Ол ауыр ойлардан, жауапкершіліктен алыстап, бейқам күйге өтеді. Дәл осы кезеңде оның енжарлығы айқын көрінеді: ол айналасында болып жатқан абсурдты қалыпты қабылдай бастайды. Пациенттердің жоқ доппен футбол ойнауы бәрі бірдей жоқ нәрсені “көріп”, соған сенуі бастапқыда оғаш көрінгенімен, кейін Айқын да оған қарсы тұрмайды. Бұл оның шындықпен күресудің орнына, бейімделуді таңдағанын көрсетеді.Құдіреттің тағдыры арқылы жүйенің қатыгездігі ашылады: ол бір түннің ішінде шын мәнінде “жындыға” айналдырылады. Бұл оқиға Айқын үшін бетбұрыс нүкте болады. Ол алғаш рет қауіптің өзіне де төнгенін түсініп, қашуға бел буады. Көлеңкенің сұлбасы Жұманға ұқсап кеткендей болады яғни оның ар-ожданы толық үстемдікке шыққан. Бірақ бейсаналы түрде, өзі аңғармай, қайтадан сол психбольницаға келіп қалады. Қалай келгенін өзі де түсінбейді. Шығарма осы жерден аяқталады. Эпилогта шығарманың философиялық түйіні ашылады: Айқын бұл жерге не үшін қайта оралғанын түсінеді. Ол сыртқы әлемнен емес, өз ішіндегі ар сотынан қашып құтыла алмағанын аңғарады. Шынайы еркіндікке жетудің орнына, ол саналы түрде “теріс өмірді” жауапкершіліксіз, иллюзияға негізделген өмірді қабылдайды. Бұл жеңіліс қана емес, адамның шындықты көтере алмағандағы таңдауы.Шығарма адам міндетті түрде жынды болмай-ақ, психопатологияға ұшырамай-ақ екі түрлі өмір сүре алатынын көрсетеді: бір жағынан шындықты түсінеді, екінші жағынан сол шындықтан қашып, өзіне ыңғайлы жалған әлемде өмір сүреді. Бүкірлер елі осы екілік күйдің, ішкі қақтығыстың және адамның өз-өзінен қашуының тарихы.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
39. Ұлмира Сегизбаева  17/04/2026 02:53 (4558)

Мына туынды тура бір жан тамырыңды дөп басатын, адамның сай-сүйегін сырқырататын ауыр да шынайы дүние екен. Қазіргі қоғамның нағыз бет-бейнесін, жалғандық пен шындықтың арпалысын дәл осылай ашып көрсету үшін жазушыға кең жүрек пен асқан батылдық керек қой, шіркін! Айқын деген кейіпкердің тағдыры кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық. “Бүкірлер елінде тік жүру айып” деген бір-ақ ауыз сөздің салмағы қандай ауыр десеңізші... Жұрттың бәрі бұрыс жүрген қоғамда адамгершілік пен ізгілікті ту еткен жалғыздың қиналысы көз алдыңа келеді де тұрады. Алып денелі әкенің балаларына деген өзекті өртер сағынышы, тарихшымен болған терең философиялық тартыстар, жындыхананың ішіндегі сау саналатын адамдарымыздың жасап жатқан сұмдық тірліктері міне, осының бәрі соншалықты нанымды жазылған екен. Жазушы адам психологиясын терең меңгергендей. Шығарма оқып отырған адамның көкірегіндегі ұйықтап жатқан ар-ожданын жұлқып оятып жіберетіндей керемет әсер қалдырады. Жындыханадағы емделушілердің көрінбейтін доппен футбол ойнайтын тұсы бар. Алғашында бұл есі ауысқандардың тірлігіндей күлкілі көрінгенімен, қазіргі қоғамның өзі дәл осылай көрінбейтін, жалған құндылықтардың соңынан қуып, өзін-өзі алдап жүрген жоқ па деген ауыр ойға батасыз. Сырттағы сау қоғам Айқын сияқты шындықты айтқан журналисті ішіне сыйғыза алмады. Жындыхананың басшылары мен медбикелерінің түн ішіндегі азғындығын, яғни аурулардың ас-ауқатын ұрлап таситын жемқорлығын көріп, абақтыдай аурухананың ішіндегі науқастардың жаны әлдеқайда таза екеніне көзің жетеді. Жазықсыз жандардың қоғамнан теперіш көріп, тағдырдың тәлкегіне түскені, әке мейіріміне шөлдеген сәбилер кімді болмасын қан жылатады. Осы меценат сайысына қатысып жатқан туындылардың ішіндегі шоқтығы биік, ең мықтысы дәл осы шығарма деп кесіп айта аламын. Бұл туынды әдеби байқаудың жеңімпазы болуға ғана емес, үлкен экрандарға жол тартып, кино болып шығуға сұранып тұрған дайын сценарий дерсің! Осындай терең, салмақты, адам рухын қозғайтын, жылатып отырып ойландыратын дүние жазған жазушының қаламы мұқалмасын.


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
40. Адия Сейталова   19/04/2026 00:14 (5425)

Всем доброго времени суток! Хочу поделиться своим отзывом на произведение Азамата Салыкова «Бүкірлер елі». Для начала хочу сказать, что это мой первый опыт чтения такого формата, но он очень близок к психологическому жанру, который я привыкла читать. Это произведение оставило у меня много запоминающихся, искренних моментов и знакомых чувств из реальной жизни, которые я испытываю и сейчас.
В романе говорится о главном герое Айкына, который оказывается в психиатрической клинике и сталкивается с собственным внутренним надломом. Если кратко о сюжете: главный герой был честным и добросовестным журналистом. Несмотря на то, что он приносил пользу обществу, его устранили, так как власть посчитала его угрозой. С этого момента он начинает бороться с мыслями и избегает ответственности, ему снятся кошмары. Позже он начинает думать, что даже жена может представлять для него угрозу. Он скрывает свои внутренние переживания, отдаляется от неё, и родственники принимают решение отправить его в психиатрическую клинику для восстановления.
Сюжет раскрывается через повседневную жизнь пациентов и персонала клиники. Мы видим Жумана, который живёт в мире собственных иллюзий, добродушного Кудырета, мечтающего о семье и детях, а также жену Айкына — Жанар, которая продолжает верить в его выздоровление. На фоне этих событий постепенно проявляется главный внутренний конфликт героя: его чувство вины и желание либо вернуться к нормальной жизни, либо остаться в привычной изоляции.
Айкын понимает, что он не смог сбежать не из больницы, а из самого себя. Он обнаруживает, что истинная свобода заключается не в побеге, а в не принятии ответственности. Однако герой выбирает иллюзию вместо правды, потому что не способен выдержать её тяжесть.
«Бүкірлер елі» — это не только история о клинике. Это метафора всего общества. Каждый человек несёт свой «горб» внутренние страхи, вину, ошибки и несбывшиеся ожидания. Автор показывает, что человек часто выбирает иллюзию вместо ответственности, потому что правда требует внутренней силы.

Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
41. Индира Жоламанова   19/04/2026 00:16 (5426)

Кітап сүйгіш жандар үшін шығармаға қалдырған пікірлер өте маңызды. Ол кітап туралы ойды бөлісуге, саралауға және автордың еңбегін бағалап, қолдау көрсетуге өзіндік септігін тигізеді. Міне, қазір сол мақсатта көңілімде ерекше орын алған Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасына пікір қалдыруды жөн көрдім. Шығарманы оқып бастағанда ойымда «Не себепті бүкірлер елі?» деген сұрақ пайда болды. Оқу барысында ол сұрақ жайында қалды, себебі шығармада адамзат болмысы, қоғам рөлі туралы ой тереңдететін сан түрлі тақырыптар көтеріледі. Бір бірімен жалғасқан мәселелерге мән беріп үңілген сайын шешімін табуға бас қатырасың. Басты кейіпкер Айқынның жай-күйі адам жанының күйзелісінің қаншалықты ауыр дерт екенін анық көрсетеді. Ақыл ойы келісті, мақсаты айқын, адамдық құндылықтарға ие жас жігіттің аурулар үйінен бір шығу себебі ол – жалғыздық. Адамды өзінен қатты ешкім жазалай алмайды. Жақынымен сырласа алмауы көңіл сарынын, ұйқы тыныштығын бұзды. Уайымға батып, көмек сұрауғада тырыспағанының салдары оны сау ауру қылды. Өз ойына батып соңында өзін құтқара алмады. Әрине ондай күйзеліске түсудің бір үлкен себебі болуы тиіс. Себебі ондай күй кешу үшін адам қаншалықты шарасыз болуы керек. Осы сәтте қоғам мәселесі бас көтереді. Айқынның халыққа жаны ашып жасаған әрекеттері оған маңдайының соры болып қайтты. Тілшіліктен редакторға түсті, одан сағы сынбай ісін жалғастырамын деп жұмыстан шығарылды. Тіпті басқа жұмысқа орналасу мүмкін болмады. Сонда ол кімнің жауы болды? Жалғыз Айқын ғана емес, шығармада одан бөлек кейіпкерлерде қоғам әділетсіздігінен зардап шеккендер. Құдіреттің жауы жақындары болып шықты. Дүние қоңыз туысқандары жақынының өмірін, отбасын ойланбастан тағдыр тәркегіне тастады. Жағымсыз кейіпкер Сарман немесе аурулар үйінің жүйесінің өзі осы мәселенің көрінісі болып табылады. Пікірімді түйіндей келе басында айта кеткен сұрағыма жауап айтайын. Автор бүкірлер деген сөзді метафора ретінде шебер қолданған. Бұл сөзбен физикалық емес рухани бүкірлікті сипаттаған. Және ең бастысы соңында қойылған сұрақ: Шын мәнінде кім бүкір? Науқастар ма, әлде қоғам ба?
Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
42. Аружан Жұмабаева   19/04/2026 00:29 (5429)

Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасы – терең ойға жетелейтін, адам жанының ішкі әлемін ашатын ерекше туынды. Бұл кітапты оқи отырып, мен өмірдегі ең басты құндылықтардың бірі – еркіндік екенін түсіндім. Бірақ кей адамдар сол еркіндікті дұрыс бағаламай, өз ойларына беріліп, өзін өзгелермен салыстырып, шынайы жолдан ауытқып кететінін автор айқын көрсетеді. Шығарма оқырманды ойлануға, өмірді қарапайым әрі шынайы қабылдауға шақырады.


Кітапта адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бейнесі арасындағы қайшылық негізгі тақырыптардың бірі ретінде көрінеді. Кейбір адамдар қоғамда өздерін басқаша көрсетуге тырысып, шынайы болмысынан алыстайды. Мұны Құдірет бейнесі арқылы көруге болады. Ол өзін ауру адамдай көрсетіп, жоқ нәрсені бар қылып, шындықтан қашады. Бұл адамның кейде өз-өзін алдап, айналасына бейімделу үшін жасайтын әрекеттерін білдіреді.

Ал Жанар бейнесі – адалдық пен мейірімнің символы. Оның Айқынға деген сезімі тұрақты, таза әрі шынайы. Жанардың мінезі арқылы автор махаббаттағы сенім мен адалдықтың маңызын көрсетеді. Оның сабырлылығы мен шынайылығы оқырманға ерекше әсер қалдырады.

Айқын – шығармадағы күрделі кейіпкер. Оның ішкі ойлары, күмәні мен толғанысы арқылы адам психологиясы терең ашылады. Ол жиі өз-өзімен күресіп, дұрыс шешім табуға тырысады, бірақ артық ойлар мен сенімсіздік оны шатастырады. Кейде ол өмірге де, сезімге де күмәнмен қарайды. Дегенмен уақыт өте келе өз қателіктерін түсініп, өзгеруге ұмтылады. Жанардың адалдығы оның көзқарасын өзгертеді, ол өмірді жеңіл қабылдаудың, шынайылықтың маңызын түсіне бастайды. Бұл оның рухани өсуін көрсетеді.

Шығарма жалпы адам бойындағы ішкі күресті бейнелейді. Кейде адам өз ойының тұтқынына айналып, өмірді қиындатып алады. Бірақ әрқашан дұрыс жолды таңдап, өз-өзін түсінуге мүмкіндік бар екенін автор жеткізеді.
Бұл кітап мен үшін тек оқиға емес, үлкен ой салатын туынды болды. Оқырманды «Мен кіммін?», «Өмірде не маңызды?» деген сұрақтарға жетелейді. Шығарма тілі көркем, ойы терең, әсері күшті.

Қорытындылай келе, «Бүкірлер елі» – адамды ойландыратын, рухани дамуға жетелейтін құнды шығарма.

Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
43. Гулзада Айытбаева  19/04/2026 03:49 (5434)

Байқауымша басты кейіпкер өз мамандығына берілген адам. Ол өз ісін барынша адал атқаруға тырысқан. Бірақ адалдықты ұнатпағандар оны ысыра бастаған. Осылайша ол тұрақты жұмысынан шеттетіліп, айналасындағы адамдар арасында беделі түсіп, сөздерді көтере алмай қиналғанын байқадым. Әрі бала-шағаның да қызығын көріп көңілін басқа жаққа бұрайын десе, әйелі Жанарда бедеу болып шығады. Мені тарихшы Жұманмен айтқан диалогтары қатты ойландырды. Әсіресе “ егер сен біреуге шабуылдасаң батырсың, бірақ біреу саған шабуылдаса ол жауыз” деген сөз шыныменде өте бір үлкен парадокс екені, терең мағынаны қамтитыны соншалық, есімнен кетпей қойды. Және жалғызбасты әлсіз әйелдің соңына түсіп алған бастықтың да әрекеті мені жиіркендірді. Одан бөлек Жанар мен Айқынның шынайы махаббатын байқадым, бір-біріне ғашық жандар екені көрінеді. Бірақ айналасында жақсы адамдар жиналмағаны өте өкінішті. Сондай ақ туысқандардың шынымен дүние үшін бет көріспей кететіні өтірік емес. Тіпті туысқанын үй үшін жындыханаға өткізіп жібергені қатты жүрегімді ауыртты. Шын мәнінде туысқандар бір біріне қиын кезде демеу емес пе? Демеу болмағанның өзінде осыншалықты зиян бергені мүлдем жаныма батып кетті. Және ең жаманы балалардың дұрыс қамқоршысы болмай, жетімдер үйіне түсуі тіпті өзіне қол жұмсауы өте жаман болды. Расында әрбір бала - ата ана үшін ең үлкен аманат. Және бүкір деген сөздің өзі осы ХХІ ғасырдағы ең үлкпн дертті қозғағандай болды. Ол телефонға тәуелділік. Барлығы бүкірейіп сол телефонға үңірейгені көз алдыма елестеп кетті. Жалпы менің ойымша бұл туынды бізге туысқандық отбасылық құндылықтардың қаншалықты маңызды институт екенін көрсететін секілді. Әрі адам баласы әлсіз жаратылғандықтан бүкіл әлемнің уайымын арқаламағаны дұрыс деп ойлаймын. Әйтпесе осылай жынды болып кетуі мүмкін. Және істеген істерінен ештеңе шықпай қайтадан қашқан нүктесіне оралуы мүмкін. Ізгілігіңді сақта, ізгілігіңді көрсет, бірақ маған ізгілік жасалмады деп ешқашан мұңайма, әрі ізгі адамдарды іздеп тауып солармен бірге бақытты ғұмыр кешуге ұмтыл. Өмір онсызда қысқа!


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
44. Жания Жанарбекқызы   19/04/2026 15:47 (5482)

«Бүкір» шығармасы – адам тағдыры мен қоғамның қатыгез шындығын терең ашып көрсететін әсерлі туынды. Әңгіменің басты өзегі – тағдырдың тәлкегіне түскен екі кейіпкердің өмір жолы арқылы адам болмысының күрделілігін көрсету. Екеуінің де жетім болуы, шыққан тегінің белгісіздігі және «бүкір» тағдырдың ауыр жүгін арқалауы – автордың қоғамдағы теңсіздік пен әділетсіздікті астарлы түрде жеткізу тәсілі.


Шығармада бүкірлік тек сыртқы кемістік емес, ол – ішкі күйзеліс пен өмірдің ауыртпалығының символы. Бірінің туа біткен кемістігі болса, екіншісінікі – өмірдің соққысынан қалыптасқан. Кейіпкерлердің көрген азабы, қоғамнан көрген қысымы оқырманға терең ой салады, себебі мұндай жағдайлар шынайы өмірде де жиі кездеседі.

Әсіресе, олардың бір-бірімен кездесуі – шығарманың ең маңызды сәті. Бұл кездесу үміттің, түсіністіктің және адамдық жылулықтың бар екенін көрсетеді. Бірінің бағын бірі ашуы – тағдыр қанша қиын болса да, адам өмірінде жарық сәттер болатынын дәлелдейді. Осы тұста автор адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы мен қолдауының маңызын ерекше атап өтеді.

Автордың тілі қарапайым, бірақ өте әсерлі. Әр сөйлемде ауыр мұң мен шынайылық сезіледі. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі терең ашылып, олардың сезімі оқырманға анық жеткізіледі. Бұл шығарма оқырманды бейжай қалдырмайды, керісінше, өз өмірі туралы ойлануға итермелейді.

Сонымен қатар, шығармада қоғамның әлсіз жандарға деген көзқарасы да сынға алынады. Көп жағдайда адамдар сыртқы ерекшелікке қарап үкім шығарып, ішкі әлеміне үңілмейді. Автор осы түсінікті өзгертуге тырысып, әр адамның тағдырына құрметпен қарау керектігін жеткізеді. Бұл – шығарманың тәрбиелік мәнін арттыра түсетін маңызды қыр.

Тағы бір назар аударарлық жайт – кейіпкерлердің рухани беріктігі. Қанша қиындық көрсе де, олар өмірге деген сенімін жоғалтпайды. Бұл оқырманға күш береді,
Қорытындылай келе, «Бүкір» – тек екі адамның оқиғасы емес, ол – қоғамдағы көптеген адамдардың тағдырын бейнелейтін шығарма. Бұл әңгіме адамгершілік, төзімділік және үміт туралы терең ой қалдырып, әр адамға сабақ бола алады.

Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
45. Улмекен Жубаниязова  19/04/2026 21:09 (5540)

"Бүкірлер елі" туындысында автор қазақ қоғамына жат жала жабу,әділетсіз жазалау, шындықты жасыру, бұрмалау, әлімжеттік жасау, заңды әділдікті орнатуға емес, биліктің мүддесін іске асыруға қолдану сияқты орын алған келеңсіз жағдайларды жұмсақ тілмен және көркем жеткізуге тырысып отырғандығын байқатады. Кітаптың негізгі кейіпкері, төртінші биліктің өкілі, шындыққа қол жеткізе алмаған журналист Айқынның әділетсіз тағдырлы өмірі бейнеленген.
"Бүкірлер елі" шығармасында бейнеленген, адам өмірі үшін құнды тағы бір көрініс Айқынның жары Жанардың өмірлік серігіне деген махаббаты, мейірімі, жанашырлығы. Бір бірін сүйіп қосылған жандардың қиындықта да сақталып отырған өзара шынайы сыйластығы мен мөлдір сезімі. Дертке шалдыққан жолдасын жолға тастамай, одан үмітін үзбей, отбасындағы отағасының орынын жоқтатпай, басына түскен қиындықты сабырлылықпен көтеріп, басшысы Сапар Қалиұлы сияқты нәпсіқұмар, арандатушы, жезтырнақ жанның құрығына түсіп қалмай, батырлық пен шыдамдылық танытып жүрген Жанардың әрекеті көпшілікке үлгі. Жас автордың шығармашылық еңбегі оқырмандардың жүрегіне жол табады деген сенімдемін. Жастар Азаматтай ойлы болса, ел болашағына деген сенім арта түсері анық.
Қоғам - биліктің айнасы , бағынушы - басшының айнасы,ұлттың болмысы мен табиғаты, адами құндылықтар аяққа тапталып, тіл мен жер жетімсіреп, ардан аттап, абыройды таптап, рухани әлсіреу орын алып жатқан уақытта жастардың қаламы ұшталып, қоғамның жан жарасын қағаз бетіне көтеріп жатырғаны - көңілге үлкен медеу. Қазақ қоғамын қазіргі басқару жүйесінде жындыхананы шындықтың үнін өшірудің бір құралы ретінде пайдалану белең алғаны көпке мәлім. Автор өз еңбегінде жас болса да осы жағдайды тапқырлықпен, шеберлікпен бейнелей білген, мен оған жемісті еңбек, ақ жол тілеймін. "Бүкірлер" елінде "тік жүре алатын" заманға тезірек жетіп зұлымдық жойылып, гүлденген дәуірді жазатын заманға жетіңіз.

Instagram ссылка на этот отзыв

 
46. Молдир Мадияр  20/04/2026 10:53 (5798)


«Бүкірлер елі» - қазақ әдебиетіндегі тың серпіліс. Бұл шығарма миф пен шындықты, өткен мен бүгінді бір арнаға тоғыстырып, оқырманды ерекше әлемге жетелейді. Романның басты күші оның идеясында жатыр. «Бүкір» образы арқылы автор адам жанындағы қорқыныш, екіұдайлық, ар мен ұят арасындағы арпалысты ашып көрсетеді. Бұл сыртқы жау емес, іштегі жаумен күрес туралы туынды. Шығарманың оқиға желісі серпінді, бір оқысаң қоя алмайсың. Автор оқырманды жалықтырмайды: әр тарау жаңа құпия, жаңа сұрақ тастайды. Кейіпкерлері тірі, олардың әрқайсысының өз шындығы, өз мұңы бар. Әсіресе бас қаһарманның ішкі өзгерісі сенімді суреттелген. Ол сынбайды, керісінше, өз «бүкірін» жеңу арқылы тұлға айналады. Романның тілі көркем әрі жеңіл. Ауыр философиялық ойлар қарапайым, ұғынықты тілмен берілген. Дала аңыздары, көшпенділер дүниетанымы қазіргі қоғамның кеселдерімен шебер байланысқан. Сондықтан шығарма жасөспірімге де, ересек адамға да ой салады. «Бүкірлер елі» тек қиял-ғажайып ертегі емес. Бұл - өз-өзіңді тану, жақсы мен жаманды ажырату, таңдау жасау туралы терең туынды. Кітапты оқып болған соң әр оқырман өз ішіне үңіледі. «Менің бүкірім кім?» деген сұрақ мазалайды. Бұл роман - қазақ фэнтезиінің жаңа деңгейі. Ұлттық нақышты жоғалтпай, әлемдік деңгейдегі оқиға айтуға болатынын дәлелдейді. Қиялыңды шарықтатып, жаныңды тербейтін кітап. Әр кітапханадан орын алуға лайық.

Шығарманың тағы бір ұтымды тұсы - оның тәрбиелік мәні. «Бүкірлер елі» жас ұрпаққа батылдыққа, әділдікке, ата-баба аманатына адал болуға үндейді. Бірақ мұны дидактикалық ақыл айтып емес, қызықты оқиға арқылы жеткізеді. Оқырман өзі қорытынды шығарады, өз сабағын алады. Автордың шеберлігі - кейіпкерлерді «ақ» пен «қараға» бөлмейтінінде. Әр «бүкірдің» өз себебі, өз тарихы бар. Жауыздық қайдан шығады? Адам неге өзгереді? Роман осы сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан ол бір оқып тастайтын шығарма емес. Қайталап оқыған сайын жаңа мағына ашасың. Қорыта айтқанда, бұл - жүректі де, ақылды да қозғайтын кітап. Оқып шыққан соң бойыңда күш пайда болады. Өз өміріңдегі «бүкірлермен» алысуға деген жігер оянады.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
47. Жанат Бибосынов  20/04/2026 16:37 (6359)

«Бүкірлер елі» романы – оқырманды терең ойға жетелейтін, қоғамның шынайы келбетін көркем тілмен бейнелеген тағылымы мол шығарма. Автор туынды арқылы адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік, рухани құндылықтар мен қоғамдағы күрделі мәселелерді шебер суреттеген. Романды оқу барысында әр кейіпкердің ішкі жан дүниесі, өмірге деген көзқарасы, тағдыр талқысына түскен сәттері ерекше әсер қалдырады. Бұл шығарма тек оқиға желісімен ғана қызықтырып қоймай, адам мен қоғам арасындағы байланысты тереңінен түсінуге мүмкіндік береді. Романның басты ерекшелігі – оның астарлы ойында. «Бүкірлер елі» атауының өзі символикалық мәнге ие болып, қоғамдағы кемшіліктер мен рухани қисықтықтарды меңзейтіндей әсер қалдырады. Автор кейіпкерлер тағдыры арқылы өмірдегі әділетсіздік, немқұрайлылық, адам бойындағы әлсіздік пен қайсарлықты қатар көрсете білген. Әрбір тарау оқырманды жаңа ойға жетелеп, бүгінгі өмірмен салыстыруға мәжбүр етеді. Шығарманың тілі көркем, мазмұны бай, оқиғалары шынайы әрі әсерлі берілген. Кейіпкерлер бейнесі нанымды жасалғандықтан, олардың қуанышы мен қайғысын бірге сезінесің. Романдағы оқиғалар тек бір кезеңнің көрінісі емес, кез келген қоғамға тән мәселелерді қозғайды. Сондықтан бұл туындының құндылығы уақыт өткен сайын арта түседі. «Бүкірлер елі» – адам санасын серпілтетін, қоғамға сын көзбен қарауға үйрететін, терең философиялық мәні бар роман. Бұл шығарма оқырманды бейжай қалдырмайды, қайта өмір туралы, адамдық қасиет туралы, әділдік пен ар туралы толғануға шақырады. Осындай мазмұнды әрі мәнді туындыны әрбір кітапсүйер қауым оқуы тиіс деп ойлаймын.

«Бүкірлер елі» романы – қоғамның шынайы келбетін астарлы түрде бейнелеген, терең ойға жетелейтін мазмұнды шығарма. Автор адам бойындағы мінез-құлық пен заман келбетін шебер суреттеген. Бұл роман оқырманды бірден баурап алады. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры арқылы өмірдің ащы шындығы анық көрінеді. «Бүкірлер елі» – тек көркем туынды емес, қоғамға айтылған сын мен ойлы үндеу секілді әсер қалдырады. Автордың айтар ойы өте терең.

Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
48. Меруерт Таджиева   20/04/2026 21:38 (6917)

Салықов Азаматтың «Бүкірлер елі» шығармасы – қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың әлсіреуі мен адам болмысының өзгеруін астарлы түрде бейнелейтін терең мағыналы туынды. Автор бұл шығармада «бүкір» ұғымын тек физикалық кемістік ретінде емес, ең алдымен рухани, моральдық тұрғыдан қисайған, әділетсіздікке бой алдырған адамдардың символы ретінде қолданады. Осы арқылы жазушы қоғамдағы әділетсіздік, жалғандық, екіжүзділік секілді мәселелерді ашық көрсетеді. Шығарманың негізгі идеясы – адамның сыртқы келбеті емес, ішкі дүниесі маңызды екендігі. Автор «бүкірлер елін» сипаттай отырып, олардың бәрі бірдей бүкір болғандықтан, бұл жағдай олар үшін қалыпты құбылысқа айналғанын көрсетеді. Яғни, қоғам түгелімен бір бағытта өзгерсе, ол өзгеріс дұрыс болмаса да, адамдар оны қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды. Бұл – бүгінгі қоғам үшін өте өзекті мәселе. Себебі кейде адамдар әділетсіздікке, өтірікке немесе жемқорлыққа көз жұмып қарайды, тіпті оны өмірдің бір бөлшегі ретінде қабылдап кетеді. Бұл туындының маңыздылығы – оның шынайылығында. Автор ешнәрсені жасырмай, қоғамдағы кемшіліктерді ашық көрсетеді. Менің ойымша, бұл шығарма әсіресе жастар үшін маңызды. Себебі қазіргі уақытта ақпарат көп, түрлі көзқарастар бар. Осындай жағдайда адам өз бағытын жоғалтып алуы мүмкін. Ал «Бүкірлер елі» шығармасы адамға өз-өзіне сыни көзбен қарауды үйретеді. Бұл – тұлға ретінде қалыптасу үшін өте маңызды қасиет. Шығармадағы идеялардың бірі – шындықты айту қиын болса да, оны айту керек. Егер ешкім шындықты айтпаса, қоғам толықтай «бүкірлер еліне» айналуы мүмкін. Бұл жерде автор батылдықтың маңыздылығын көрсетеді. Әр адам өз орнында әділ болса, қоғам да өзгереді. Сонымен қатар, шығармада үміт те бар. Автор тек проблеманы көрсетіп қана қоймай, оны шешудің жолын да ишаралайды. Ол – адамның өзін өзгертуі. Егер әр адам өз бойындағы «бүкірлікті» түзесе, қоғам да түзеледі. Бұл – өте қарапайым, бірақ маңызды ой.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
49. Мадина Маканова   20/04/2026 23:09 (6954)

«Бүкір» — жеңіл оқылғанымен, жүректе тастай ауыр салмақ қалдыратын туынды.Бұл туындыны оқыған адамның жан дүниесі бұрынғысынша болмасы рас. «Бүкір» шығармасы адамның тағдыры, оған деген қоғамның көзқарасы және ішкі жан дүниенің тереңдігін көрсететін ерекше әсерлі туындылардың бірі. Шығарманың басты кейіпкерінің сыртқы кемістігі арқылы оның ішкі әлемін, қоғамнан көрген қысымын және адамдық қасиеттерін ашып көрсетеді. Автор бүкірлік образын тек физикалық ерекшелік ретінде емес, символикалық мағынада қолданады. Қоғамдағы әділетсіздік, адамдардың бір-біріне деген қатыгез көзқарасы мен стереотиптердің көрінісі. Кейіпкердің жан дүниесіндегі тазалық пен мейірімділік оның сыртқы бейнесіне қарама-қайшы қойылып, оқырманға терең ой салады. Айналадағы адамдардың сыртқы «сұлулыққа» табынып, ішкі мазмұнды елемеуі — қазіргі күннің де ащы шындығы. Бұл кітап оқырманды мейірімділікке, адамды бағалай білуге және кез келген жанның сыртқы қабығының астында үлкен әлем жатқанын түсінуге үндейді.Бұл туынды тек бір тағдырдың тауқыметі туралы емес, қоғамның қатыгездігі мен адамгершілік сынды асыл құндылықтардың безбенге түсуі жайлы. Оқырмандардың «жүрегім ауырды», «көзіме жас алдым» деген пікірлері автордың кейіпкердің ішкі арпалысын, мұңы мен жалғыздығын шебер жеткізе алғанының дәлелі. Бұл кітап оқырманды мейірімділікке, адамды бағалай білуге және кез келген жанның сыртқы қабығының астында үлкен әлем жатқанын түсінуге үндейді.

«Сыртқы келбеттің кемістігі — тағдырдың жазуы, ал жан дүниенің кемістігі — адамның өз қасіреті». Бұл туынды тек бір тағдырдың тауқыметі туралы емес, қоғамның қатыгездігі мен адамгершілік сынды асыл құндылықтардың безбенге түсуі жайлы.
Бұл кітап адамды жақсы болуға шақырмайды, ол адамды адам болып қалуға үндейді. Әрбір пенденің сыртқы қабығының астында бүтін бір ғалам жатқанын, оны бағалай білу керектігін ұқтырады.

Instagram ссылка на этот отзыв

 
50. Бибигул Кунанбаева  21/04/2026 00:11 (6978)

Қазақ әдебиетінде адам болмысының күрделі қырларын, қоғамдағы әділетсіздік пен рухани құндылықтардың құлдырауын бейнелейтін шығармалар аз емес. Солардың бірі – «Бүкір елі» әңгімесі. Бұл шығарма тек бір ауылдың немесе бір топ адамның тағдырын суреттеп қана қоймай, тұтас қоғамның моральдық ахуалына терең үңіледі. Әңгіме атауының өзі символдық мәнге ие: «бүкір» сөзі тек физикалық кемістікті ғана білдірмейді, сонымен қатар рухани майысу, әділетсіздікке көну, шындықты бұрмалау сияқты ұғымдарды меңзейді.Ең алдымен, шығармадағы негізгі идея – қоғамдағы әділетсіздік пен адамдардың соған бейімделуі. Автор «бүкір» бейнесін жай ғана кемтар адам ретінде емес, жүйеге бағынып, шындықты айта алмайтын, өз ұстанымынан тайған адамдардың жиынтық образы ретінде береді. Әңгімеде бүкірлер елі – бұл ерекше мекен емес, керісінше, шындық бұрмаланған, әділет жоғалған кез келген қоғамның бейнесі. Осы тұрғыдан алғанда, шығарма оқырманды терең ойға жетелейді: біз өмір сүріп отырған ортада «бүкірлік» қаншалықты бар?Шығармадағы кейіпкерлер жүйесі де ерекше назар аудартады. Кейіпкерлердің барлығы дерлік белгілі бір дәрежеде «бүкірлікке» ұшыраған. Олар өз шындығын айта алмайды, көпшілікке қарсы тұрудан қорқады немесе өз пайдасын ойлап, әділетсіздікке көз жұма қарайды. Мұндай мінез-құлық бүгінгі қоғамда да кездесетінін жоққа шығаруға болмайды. Автор осылайша адам бойындағы әлсіздік пен қорқынышты шебер ашады.Сонымен қатар, әңгімеде дараланып тұратын кейіпкер де болуы мүмкін – ол шындықты іздейтін, әділеттілікті қалайтын тұлға. Бірақ мұндай кейіпкер көбінесе қоғам тарапынан түсінілмейді, кейде тіпті шеттетіледі. Бұл – автордың қоғамдағы конформизмге қарсы айтқан сыны. Шындықты айтқан адам «бүкір» қоғамға сыймайды, себебі ол жалпыға ортақ «иілу» заңына бағынбайдыШығармадағы ең маңызды мәселелердің бірі – жеке адамның қоғамға тәуелділігі. Кейіпкерлер өз бетінше әрекет ете алмайды, олар көпшіліктің пікіріне бағынады. Бұл – адам еркіндігінің шектелуі.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
51. Назгуль Жетписбаева  21/04/2026 05:56 (6985)

Жас жазушы Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» атты шығармасының оқиғасы психологиялық ауытқуы бар адамдарды, яғни науқастарды емдейін мекемеде орын алады. Аталған туындының бас кейіпкері жас жігіт, сол жындыханаға түспес бұрын, сау кезіндегі өмірінде репартер-тілші қызметін атқарған, БАҚ-құралдарында жұмыс істеп, арнайы телеарнада репортаждар жүргізген делінеді, сол жұмыс бабымен қоғамдағы көзбояушылық пен теңсіздікке әбден наразы болып, психологиялық ауытқуға ұшырағандықан жындыханаға түседі. Сол мекемеде әртүрлі адамадармен танысады және өзінің досымен танысады. Мекемедегі орын алған оқиға желісі бойынша өзінің сүйіктісімен де сол мекемеде қауышады. Бұл шығарма гротекс пен сатира жанры арқылы қоғамның дертіне диагноз қоятын шығарма деуге болады. Себебі бұл туындыны оқып отырып, кейіпкерлердің барлығы физикалық немесе рухани бүкір біреуі өтірік айтып бүкірейген, біреуі пара алып бүкірейген, біреуіқорқақтықтан бүкірейген. Бұл туындыда жалпы науқастардың күнделікті қайталанатын тәртіп бойынша өтіп жатқан өмірі жақсы суретелген. Бірақ бұл суреттеуде тура айыптау жоқ, ол әсірелеп, келемеждеп отырып оқырманның өзін ұялтады. Бұл – өткір тілді, астарлы образдар танылған, терең ой салатын шығарма. Оқу барысында жазушы философиялық, әртүрлі тақырыптарды қозғай отырып, арасында күлкілі элементтерді де қосып бір ауқымды тақырыпты қозғайды. Жазушының аталған шығармасын оқып, қазіргі уақыттағы жазушылардың шығармашылығын, қозғап отырған келелі мәселені байқауға болады. «Бүкірлер елінде» кітабында қоғам, адам психологиясы, әділетсіздік секілді тақырыптар қозғалады. Бұл жай ған бір оқиғаны суреттеу туралы әңгіме емес – бұл оқырманға ой салатын, тіпті оқи отырып мазасыздық сезімін тудыратын шығарма деуге болады. Шығарма өмірдегі терең мағынасы бар мәселелерді көтереді.
Instagram ссылка на этот отзыв

 
52. Арай Сембек  21/04/2026 08:48 (7060)

Салықов Азаматтың «Бүкірлер елі» шығармасы – қазіргі қоғамның келбетін, адам болмысының ішкі қайшылықтарын, моральдық құндылықтардың өзгеруін терең астармен жеткізетін туынды. Бұл шығарма алғаш қарағанда фантастикалық немесе шартты әлемді суреттейтіндей көрінгенімен, шын мәнінде автор өмір сүріп отырған қоғамдағы шынайы мәселелерді символдық бейнелер арқылы көрсетеді. «Бүкір» бейнесі – жай ғана сыртқы кемістік емес, ол адамның рухани, адамгершілік тұрғыдан «бүкірейіп», яғни тура жолдан ауытқуын меңзейді.

Шығармадағы негізгі идея – адам табиғатының бұзылуы мен қоғамдағы әділетсіздік. Автор «бүкірлер» арқылы қоғамдағы жалғандық, екіжүзділік, әділетсіздік, өзімшілдік сияқты қасиеттерді әшкерелейді. Бүкір болып туған адамдар емес, керісінше, уақыт өте келе бүкірейген, яғни рухани тұрғыдан өзгерген жандар бейнеленеді. Бұл – өте маңызды тұс. Себебі автор адам табиғатында бастапқыда тазалық, адалдық бар екенін, бірақ қоғам әсерінен оның өзгеріп кететінін көрсеткісі келеді.

Шығармада ерекше назар аударатын жайт – қоғамдағы қалыптасқан нормалардың бұрмалануы. Бүкірлер елінде бүкір болу – қалыпты жағдай, ал түзу адам – оғаш, бөтен. Бұл жағдай біздің өміріміздегі кейбір құбылыстарды еске түсіреді. Кейде қоғамда дұрыс сөйлейтін, әділдікті жақтайтын адамды түсінбей, керісінше, өтірікке бейімделгендер көпшілікке айналып кетеді. Осы арқылы автор оқырманды ойлануға итермелейді: «Біз қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз? Шынайы құндылықтар қайда жоғалды?»

Тағы бір маңызды мәселе – бұл шығармадағы моральдық таңдау. Әр адам өмірінде белгілі бір сәтте таңдау жасайды: шындық пен өтіріктің, адалдық пен сатқындықтың, әділдік пен әділетсіздіктің арасында. «Бүкірлер елі» осы таңдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, шығармада үміт те бар. Басты кейіпкердің күресі, оның ішкі тазалығын сақтауға деген ұмтылысы – оқырманға үміт береді. Қаншалықты қиын болса да, адам өз болмысын сақтай алады деген ой айтылады. Бұл – шығарманың ең маңызды және құнды тұстарының бірі.


Осы пікірге Facebook-сілтеме
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
53. Ринат Батырәлі  21/04/2026 09:00 (7072)

«Бүкірлер елі» – адам болмысының күрделілігін терең ашатын, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтарды шынайы бейнелейтін маңызды шығарма. Автор бұл туынды арқылы тек бір кейіпкердің тағдырын ғана емес, тұтас қоғамдағы әділетсіздік, қатыгездік пен мейірімнің арақатынасын көрсетеді. Шығармада сыртқы келбет пен ішкі жан дүниенің арасындағы алшақтық ерекше шеберлікпен суреттелген. Басты кейіпкердің “бүкір” болуы – жай ғана физикалық кемістік емес, ол – символ. Бұл образ арқылы автор қоғамдағы рухани кемшіліктерді, адамдардың бір-біріне деген салқын көзқарасын, сыртқы бейнеге қарап бағалау сияқты теріс ұғымдарды сынға алады. Кейіпкер қоғамнан шеттетілгенімен, оның ішкі әлемі таза, сезімі терең, адамгершілігі жоғары екені айқын байқалады. Осы арқылы «шын мәнінде бүкір кім?» деген ойлы сұрақ туындайды. Шығармада адамдардың көбіне сыртқы келбетке мән беріп, ішкі дүниеге үңіле бермейтіні ашық көрсетіледі. Бұл – бүгінгі қоғамда да өзекті мәселе. Автор осы стереотипті бұзып, оқырманды терең ойлануға жетелейді. Әсіресе, адамға деген мейірім мен түсіністіктің жетіспеуі шығармада айқын сезіледі. Туындының тілі қарапайым болғанымен, мағынасы өте терең. Оқиғалар өмірге жақын, сондықтан оқырманға әсері күшті. Жалпы алғанда, бұл шығарма – адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, адамды сыртқы емес, ішкі болмысына қарап бағалауға үндейтін, тәрбиелік мәні зор туынды.Маған ерекше ұнаған тұсы – шығармадағы астарлы ойлар. «Бүкірлер елі» тек сыртқы кемшілік туралы емес, адамның рухани «бүкірлігі», яғни ішкі әлсіздігі, қоғамдағы әділетсіздік, адамгершілік мәселелері туралы ой қозғайды. Бұл – қазіргі заман үшін де өзекті тақырып. Автор оқырманға дайын жауап бермейді, керісінше, әркім өз қорытындысын жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, бұл роман – тәрбиелік мәні зор, терең философиялық ойларға толы шығарма. Ол адамды өз-өзіне үңілуге, айналасына басқаша қарауға үйретеді. Осындай туындылар қазақ әдебиетінің құндылығын арттырып, оқырман санасын байыта түседі деп ойлаймын.
Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
54. Алима  Дуйсмаганбетова   21/04/2026 10:23 (7217)

Жақында “Бүкірлер елі” атты бір туынды оқыдым.  Жындылар туралы емес, ЖҮЙЕГЕ бейімделіп кеткендер туралы шығарма. Автордың ойы санамда біраз қайшылықтар тудырды...... “Мен де жынды боп жүрген жоқпын ба?” - деп қорқып кетеді екенсің ..... Біз әдетте “психбольница” дегенде ақылынан адасқан адамдарды елестетеміз. Бірақ бұл шығарма сол түсінікті төңкеріп тастайды. Шын мәнінде, ең қауіпті “жындылық” — шындықты көре тұра, соған қарсы тұрмау. Шығармадағы басты кейіпкер Айқын дәл осы тұста “құлайды”. Ол шындықты білетін адам бола тұра, соны қорғаудан бас тартады. Қарапайым өмірде де адам шындық пен өз әрекеті сәйкес келмегенде, шындықты өзгертпесе де, оған деген көзқарасынөзгертеді.  Айқын да солай жасайды. Ол жындыханада күн сайын көзге көрінбейтін доппен ойнап жүрген бір топ адамды көреді. Алғашында жоқ допқа күледі, кейін өзі де сол көрінбейтін допты ойнайды. Бұл  -  саналы түрде  иллюзияны таңдау. Бүгінгі қоғамда біз осы “жоқ доппен футбол ойнап жүргендерді” көремз. Әділетсіздікті көріп тұрып үндемеу,

жүйеге қарсы шықпау, “маған тыныш болса болды” деу  - бұл да бір түрдегі бүкірлік. Яғни, физикалық емес, рухани бүкірлік. Адамның омыртқасы емес, позициясы бүгіледі. Мысалы, КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ:

  • “ренжіп тұрмын” деудің орнына күлімсірей саламыз;
  • “мені тыңда” деудің орнына үндемей қаламыз;
  • “бұл маған ауыр” деудің орнына бәрін қалыпты қылып көрсетеміз.

Осылайша адамдар бір-бірімен емес, бір-бірінің жасап алған елесімен өмір сүре бастайды.Сырттай бәрі тыныш көрінеді. Бірақ ішінде айтылмаған сөздер, басылған эмоциялар, жалған келісімдер қалады. Мұны қарым-қатынастағы “бүкірлік” дер едім. Денесі емес, ішкі шындығы бүгіліп қалған адамдар боп кетеміз......Ең қауіптісі, бұл жағдай ұзаққа созылғанда, адам шынайы сезімін ажырата алмай қалады. Ол расында жақсы ма, әлде тек “жақсы сияқты” ма?  Өзі де білмей қалады........  


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
55. Анар Жумагулова   21/04/2026 12:10 (7341)

Есболат Айдабосынның «Бүкір» шығармасы – адам болмысы, қоғамдағы көзқарас және ішкі жан дүниенің тазалығы туралы терең ой қозғайтын туынды. Бұл шығарма оқырманды бірден сыртқы келбет пен ішкі рухани байлықтың айырмашылығы туралы ойлануға жетелейді. Қазіргі қоғамда адамдар көбіне адамның сыртқы бейнесіне қарап баға беруге бейім. Ал бұл шығарма дәл осы түсініктің қате екенін көрсетеді. Шығармада бүкір бейнесі арқылы автор қоғамдағы әділетсіздікті, адамдардың бір-біріне деген қатынасындағы салқындық пен түсінбеушілікті ашып көрсетеді. Бүкір адамның өмірі жеңіл емес екені анық байқалады. Оның сыртқы келбетіне қарап, адамдар оны төмен санайды, кейде мазақ етеді немесе менсінбейді. Бірақ автор оқырманға оның ішкі әлемі бай, жүрегі таза екенін ұғындырады. Осы арқылы жазушы «адамды сыртқы көрінісіне қарап бағаламау керек» деген маңызды ойды жеткізеді. Менің ойымша, бұл шығармадағы басты мәселе – қоғамның қатыгездігі мен адамдардың бір-біріне деген немқұрайлығы. Көп жағдайда адамдар өзгешелікті қабылдай алмайды. Егер біреу өзгеден ерекшеленсе, оны бірден жат көріп, шеттетеді. Бұл – қазіргі заманда да өзекті мәселе. Сол себепті бұл шығарма тек өткенді емес, бүгінгі күнді де сипаттайды. Шығармадағы кейіпкердің тағдыры мені қатты ойландырды. Оның өміріндегі қиындықтарға қарамастан, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауы – үлкен күштің белгісі. Ол кек сақтамайды, жамандыққа жамандықпен жауап бермейді. Бұл – нағыз рухани биіктіктің көрінісі. Кейіпкердің осындай мінезі арқылы автор адам бойындағы ең маңызды қасиеттер – мейірімділік, сабырлық және кешірімділік екенін көрсетеді. Сонымен қатар, шығармада адамдардың екіжүзділігі де байқалады. Кейбір адамдар сырттай жақсы көрінгенімен, ішкі дүниесі кедей болуы мүмкін. Ал керісінше, сыртқы келбеті ерекше болғанымен, ішкі жан дүниесі бай адамдар бар. Бұл қарама-қайшылық шығармада өте әсерлі берілген. Автор осы арқылы оқырманды терең ойға қалдырады.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
56. Еркежан Болатбекова  21/04/2026 17:59 (7725)

"Бүкірлер елі” деген шығарманы оқып болдым. Кітап талқыда талдайық деп айтқан соң келістім. Телеграм тобына қосылып едім, қайта қайта жарнамаланып жатқасын, “навязчивая реклама” деп ойлап, шығармадан көп нәрсе күтпедім. Әрі түсінгенім бойынша енді бастап келе жатқан автордың шығармасы, үстіртін бірнәрсе болады деп мерзімнен ерте тон піштім. ҚАТЕЛЕСТІМ!
Шығарма шедевр, әлі ой елегімнен өткізе алар емеспін. Кейбір ойларға санамның дәрежесі жетпей жатыр. Бұл кітапты тағы талқылайтын әртүрлі орта керек еді.
Бар болғаны 72 бет, оқып шықсаңыздар. Кейбір жерінде бір-екі мардымсыз орфографиялық қателіктер демесең, оқиға желісі, диалогтар, көтерілген мәселе бәрі көңілімнен шықты. Езгілік пен әділетсіздік кешкен кейіпкерлер мен олардың оқиғасы - біз өмір сүріп жатқан қоғамның айнасы.
Экранизация болса қалай екен деп бір ойладым. Бұл оқиға желісімен фильм керек! Кітап оқымайтындар үшін, жалпы көтерілген мәселесі үшін, бәріне тасталған үн мен ой үшін.
Терең мағынаға толы ауыр да әсерлі шығармада автор қоғамның рухани күйін, адамдардың ішкі күйзелісін шебер көрсетеді. Кейде қоғамның әсерінен адамның өзі қорқыныштан, үндемегеннен, көнгеннен, ұяттан “бүкір” болып кетеді. Терең философиялық ойлар ұштасқан “Бүкірлер елі” мені де ойландырды: мен қай жерде өзімді бүгіп жүрмін? Қай жерде үндемедім, ойымды жасырдым? Болмысыма жат дүниені қай жерде қабылдап, қай жерде соған сеніп қалдым? Адамдардың ішінде жүріп, жалғыздық сезінбеу үшін, олар секілді бүкір болуым керек пе? Білмеймін… Шығарма эпилогында жазылған “Бүкірлер елінде тік жүру айып” деген сөзбен де келіскім келмейді. Еңкейген елді еңсесі биік, еңі тік тұлғалар көтере алады деген ой да санамнан кетер емес. Еліміздің әр азаматы сондай тұлға болуға ұмтылсақ деймін.


Сіздерді шығарманы оқуға, айтылған негізгі тақырыптарға ой жүгіртуге, айналаңыздағы адамдармен көтерілген мәселе бойынша пікір алмасуға әрі ешқашан "Бүкірлер елінің" тұрғыны болмауға шақырамын!

Instagram ссылка на этот отзыв

 
57. Балжан Ергалиева  21/04/2026 21:37 (7830)

Когда я прочитала произведение, у меня появилось ощущение, что это не просто история про одного человека, а отражение состояния многих людей. Здесь показано не сумасшествие в привычном смысле, а более тонкая вещь — внутренний выбор между правдой и удобством.
Меня особенно зацепило, как постепенно меняется Айкын. Он не становится «другим» внезапно — он словно устает быть собой. И в этом есть пугающая правда: иногда человек не ломается от одного удара, а тихо отказывается от себя шаг за шагом. Его адаптация к абсурду — это не слабость в чистом виде, а способ защититься от боли. Но именно в этом и кроется трагедия: защита превращается в отказ от реальности.
Люди вокруг видят то, чего нет, и живут по этим правилам — и герой в итоге принимает их. В этот момент понимаешь, что граница между нормой и безумием очень условна. Если все верят в иллюзию, она начинает казаться правдой.
Образ Жумана я восприняла как совесть, от которой невозможно окончательно избавиться. Он возвращает Айкына к вопросам, от которых тот пытался уйти. И именно это делает его присутствие таким важным — он не даёт герою окончательно раствориться в «лёгкой» жизни.
Финал оставил тяжёлое, но честное ощущение. Айкын возвращается не потому, что не смог убежать физически, а потому что невозможно убежать от самого себя. И его выбор иллюзии — это не освобождение, а признание того, что правда для него стала слишком тяжёлой. это показалось как замкнутый круг. Айкын возвращается туда, откуда бежал, но теперь уже без иллюзии, что есть другой выход. И в этом есть что-то тревожно честное: иногда человек не находит свободу не потому, что её нет, а потому что она требует слишком высокой цены.
Это заставило меня задуматься о том, как часто люди сами выбирают «удобную» реальность, чтобы не чувствовать внутреннего конфликта. И в этом его самая сильная сторона — он говорит не о вымышленном, а о очень знакомом человеческом состоянии

Facebook ссылка на этот отзыв

 
58. Қанағат Абу  21/04/2026 22:15 (7848)

Бүкірлер елі – қандай ел? Ол елде мен бармын ба? деген сұрақтар бұл туындыны оқып бастағаннан біткенге дейін санамда тулап тұрды. Бүкірлер елі адамның, қоғамның дертін бір арнаға тоғыстырған шығарма деп білемін. Кемшіліксіз адам жоқ. Адамның, қоғамның кемшілігін бүкірлікке теңеген автор бұл туынды арқылы қоғам дертін қозғай алды. Адам өзімен алысып, айналасымен жарысып өтер қысқа ғұмырында шексіз ойларын шектеулі қоғамда іске асыруға бейім болады... Бірақ кей жағдайларда сол қоғам оның ашық жолына бұзып өтпес тосқауыл қояды. Адам шарасыздықтан, қоғамнан алыстап жалғыздықты аңсайды. Жалғыздық – соңғы шешім бе? Әлде амалдың жоқтығы ма? Бұл сұрақта сананың шырмауына байланды... Жазықсыз адамның жапа шегуі бұл қоғамның айнасы... Бұл бейне шығармадағы Айқын атты кейіпкермен жетті. Өзінің сүйікті жұмысынан ішкі қалауындағы шындықты қозғап, ол ісіне айналаның қысымы артып жұмысынан да шеттетілді. Бұл қазіргі уақыттың ащы шындығы. *Бүкірлер елінде тік жүру айып* Бұл сөз кемшілігі көп қоғамда, кемшіліксіз жүрудің мүмкін еместігін жеткізіп тұрғандай. Адам бәрібір өзінің ішкі әлемі арқылы, сыртқы әлемге бір өкініш ала келеді. Тек сол өкінішті өрлетіп алудан адам сақтану қажет. Себебі іштегі биіктер өкініштен туған жалғыздықтан емес, арманнан туған әрекетпен әсемделу керек. Сол өзінің ішкі әлемін әсемдіктен мақұрым еткен адамды Айқын образынан көргендей болдым. Айқынға келген сынақ па? Әлде өз басына тілеп алған тұзақ па? Тағы да санаға топырлаған сұрақтар легі... Айқынның қайта жындыхана қақпасының алдына келуі – адамның қандай жағдай болмасын өзінің өмірінен шығып кете алмайтынын меңзегендей... Себебі қанша талпыныс, қанша қарсылық тағдырға бөгет бола алмайды. Бостандық деген осы ма? дейтін Айқынның өзіне қойған сұрағы жалпы шығарманы қорытындылап тұрғандай. Айқын қоғам ұсынған бостандықта жетті, бірақ өзі қалаған, ішкі жан дүниесі аңсаған бостандықтың есігіне де үңіле алмады... Ғажап өмір – ішкі әлемнің үнсіздігін ұғыну! Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» маған ерекше сезім дарытты. Бұл шағын шығарма арқылы қозғалған алып тақырыптар үшін авторға алғыс айтамын!
Facebook ссылка на этот отзыв

 
59. Аружан Қаусылханова  21/04/2026 22:55 (7859)

Осы айда Салықов Азаматтың Бүкірлер елі шығармасын оқып шықтым. Алғашында бұл жай ғана психбольница немесе фантастикалық әлем туралы шығар деп ойлаған едім. Бірақ оқи келе, туындының әлдеқайда терең философиялық мағынасы бар екенін түсіндім. Негізінде, бұл шығарма – адамның шындықтан қашуы, қоғамдағы жалған норма болып кеткен щаттардың қалыптасуы және рухани құндылықтардың әлсіреуі туралы. Шығармадағы бүкірлік ұғымы тек физикалық кемістік емес, ол – шындықты бұрмалау, әділдіктен тайқу, рухани майысу дегенді білдіреді. Автор бүкір адамдар өмір сүретін қоғамды суреттей отырып, сол ортада қате түсініктердің қалыпты жағдайға айналып кеткенін көрсетеді. Керісінше, түзу адамдар бөтен, түсініксіз, тіпті қауіпті болып көрінеді, оны күнделікті өмірде кездестіріп жатамыз. Бұл қазіргі қоғаммен де үндеседі. Көпшілік қателікті дұрыс деп қабылдаса, шындықтың өзі жат болып қалады. Бірақ уақыт өте келе ол күрестен шаршап, жеңіл жолды таңдайды. Ең ауыр тұсы болған сәт оның жалған әлемге бейімделіп кетуі, тіпті абсурд жағдайларды да қалыпты деп қабылдай бастауы. Жұман кейіпкері Айқынның ішкі дауысы, ар-ожданы сияқты әсер қалдырады. Ол оны қайта-қайта ойлануға, оянуға итермелейді. Ал Құдіреттің тағдыры арқылы жүйенің қаншалықты қатал әрі әділетсіз екенін көруге болады. Бір сәтте Айқын да солардың қатарына қосылады. Бұл эпизод қазіргі қоғамдағы иллюзия мен шынайылықтың шекарасы қалай бұзылатынын дәл көрсетті десек болады. Сонымен қатар шығармада билік мәселесі туралыда айтылады. Бүкірлер еліндегі жүйе әділетсіздікке негізделген. Олар өз кемшілігін жасырудың орнына, оны нормаға айналдырып, өзгелерді соған бейімдейді. Бұл арқылы автор кейбір жағдайларда биліктің шындықты мойындамай, керісінше жалғанды насихаттайтынын көрсетеді. Жалпы, шығарма жеңіл болмады мен үшін, бірақ терең ой салады. Адам кейде шындықты түсініп тұрса да, одан қашып, өзіне ыңғайлы жалған өмірді таңдауы мүмкін екенін дәл жеткізеді. Оқуға тұрарлық, мағынасы ауыр, бірақ әсерлі туынды.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
60. Жансая Рахымжанова  21/04/2026 23:06 (7861)

Хотела поделиться своими мыслями о рассказе «Бүкірлер елі», который участвует в конкурсе меценат. Данное произведение - это рассказ о человеке, который устал от правды и ответственности и решил от этого спрятаться. С самого начала автор показывает что время на часах идёт неправильно, тем самым подчеркивая что с миром что то не то, как будто реальность здесь искажена. В повесьте главным героем является журналист - Айкын, который хочет делать что-то полезное для общества. Но после того как его увольняют, он ломается. У него начинаются страхи, видения, и в итоге он оказывается в психиатрической больнице. Там он постепенно привыкает к странной жизни: перестаёт задумываться, принимать решения, просто плывёт по течению. Даже абсурдные вещи, вроде игры в футбол без мяча, со временем начинают казаться ему нормальными. Еще один из немало важных персонажей — Жуман. Он как будто напоминает Айкыну, каким он был раньше, заставляет его снова думать и сомневаться. Через него поднимаются вопросы: нужно ли бороться за правду или проще всё забыть и жить спокойно. История с Кудыретом показывает, насколько жестокой может быть система и как легко человека сломать. Это становится для Айкына переломным моментом, но даже после побега он не находит свободы. В конце герой понимает, что от самого себя убежать невозможно. В итоге он сам выбирает жить в иллюзии, потому что так проще. Произведение мне очень понравилось. Оно заставляет задуматься о многих важных вещах: о правде, ответственности и о том, как человек иногда сам убегает от реальности, как легко можно потерять себя и начать жить в удобной, но ложной иллюзии.

Хочется отметить идею о том, что от самого себя убежать невозможно — она раскрыта очень понятно и сильно. После прочтения остаётся ощущение, что история ещё долго будет крутиться в голове.
Желаю автору и всем остальным финалистам  дальнейших успехов, вдохновения и новых сильных произведений! 

Facebook ссылка на этот отзыв

 
61. Берік Мобарк  21/04/2026 23:06 (7863)

Бүкірлер елі шығармасының атауы ерекше, өзіндік құпиясы бар, кітап оқушының назар аудартатындай шығарма. Атауын алғаш естігенде балалар шығармасы көзіме елестеді. Шығарманы оқи келе балалар емес ересек адамдардың өздері бір-екі қайтара оқып, миды жұмыс істетіп, ойға салып, қорыту керегін аңғардым. Жалпы мазмұнды шығарма, бірден эмоция бермейтін, ойланып, толғанып түйін шығаратын шығарма. Ең ұнағаны жазушының оқырманға деген ой тастауы, ойландыруы. Өмірде әртүрлі тағдыр болады, сол тағдырды әркім әртүрлі өзінше бастан кешеді және де сол тағдырды сырттан көрген жандар әртүрлі ой қалыптастырады. Сол секілді шығармада бірнеше адамның тағдыры қозғалған. "Бүкір" сөзі бұл шығармада жайдан жай алынбаған. Адамның кемістігі тек сырт келбетінде емес, жан дүниесінде де болатыны хақ. Сырты бүтін - іші түтін жандар қаншама, осы бүкірлік. Басты кейіпкер Айқын сол адамдардың бейнесі. Айқын арқылы кәзіргі заманның, кейінгі заманның, тіптен өткен заманның қоғамда айтыла бермейтін, талқыланбайтын, адамдардың сыртқы жетістігімен адамды бағалайтын, ол жетістікке не нәрсені құрбан етумен жеткеніне көз жеткізбейтін, сол жеңістердің артында не тұрғанын, жарқырағанның барлығы алтын емес екенідігін көрсеткендей. Шығарманы қорытып отырып Абайдың мына өлең шумақтары есіме түсті Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай айтпақшы әр адамның жүрегіне бойламай, оның ой тереңдігіне түспей, Мұхтар атамыз айтпақшы оның сана биігіне шықпай, оның кім екенін білмейсің. Әр адамда оны қолдайтын, түсінетін адамы болса шын бақыт. Шығармада махаббат туралы да, үміт, адамгершілік, адалдық туралы да сөз қозғалады. Бұл адамнық асыл қасиеттері, діңгегі. Сол себептен де шығарма көңілден де, ойдан да шықты. Қай уақытта да, қай заманда да кездесетін моральді, психологиялық мәселелер қөтерілген шығарма болғандай.
Facebook link

 
62. Қанағат Абу  22/04/2026 00:42 (7876)

Бүкірлер елі – қандай ел? Ол елде мен бармын ба? деген сұрақтар бұл туындыны оқып бастағаннан біткенге дейін санамда тулап тұрды. Бүкірлер елі адамның, қоғамның дертін бір арнаға тоғыстырған шығарма деп білемін. Кемшіліксіз адам жоқ. Адамның, қоғамның кемшілігін бүкірлікке теңеген автор бұл туынды арқылы қоғам дертін қозғай алды. Адам өзімен алысып, айналасымен жарысып өтер қысқа ғұмырында шексіз ойларын шектеулі қоғамда іске асыруға бейім болады... Бірақ кей жағдайларда сол қоғам оның ашық жолына бұзып өтпес тосқауыл қояды. Адам шарасыздықтан, қоғамнан алыстап жалғыздықты аңсайды. Жалғыздық – соңғы шешім бе? Әлде амалдың жоқтығы ма? Бұл сұрақта сананың шырмауына байланды... Жазықсыз адамның жапа шегуі бұл қоғамның айнасы... Бұл бейне шығармадағы Айқын атты кейіпкермен жетті. Өзінің сүйікті жұмысынан ішкі қалауындағы шындықты қозғап, ол ісіне айналаның қысымы артып жұмысынан да шеттетілді. Бұл қазіргі уақыттың ащы шындығы. *Бүкірлер елінде тік жүру айып* Бұл сөз кемшілігі көп қоғамда, кемшіліксіз жүрудің мүмкін еместігін жеткізіп тұрғандай. Адам бәрібір өзінің ішкі әлемі арқылы, сыртқы әлемге бір өкініш ала келеді. Тек сол өкінішті өрлетіп алудан адам сақтану қажет. Себебі іштегі биіктер өкініштен туған жалғыздықтан емес, арманнан туған әрекетпен әсемделу керек. Сол өзінің ішкі әлемін әсемдіктен мақұрым еткен адамды Айқын образынан көргендей болдым. Айқынға келген сынақ па? Әлде өз басына тілеп алған тұзақ па? Тағы да санаға топырлаған сұрақтар легі... Айқынның қайта жындыхана қақпасының алдына келуі – адамның қандай жағдай болмасын өзінің өмірінен шығып кете алмайтынын меңзегендей... Себебі қанша талпыныс, қанша қарсылық тағдырға бөгет бола алмайды. Бостандық деген осы ма? дейтін Айқынның өзіне қойған сұрағы жалпы шығарманы қорытындылап тұрғандай. Айқын қоғам ұсынған бостандықта жетті, бірақ өзі қалаған, ішкі жан дүниесі аңсаған бостандықтың есігіне де үңіле алмады... Ғажап өмір – ішкі әлемнің үнсіздігін ұғыну! Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» маған ерекше сезім дарытты. Бұл шағын шығарма арқылы қозғалған алып тақырыптар үшін авторға алғыс айтамын!
Facebook ссылка на этот отзыв

 
63. Қанағат Абу  22/04/2026 00:50 (7877)

Бүкірлер елі – қандай ел? Ол елде мен бармын ба? деген сұрақтар бұл туындыны оқып бастағаннан біткенге дейін санамда тулап тұрды. Бүкірлер елі адамның, қоғамның дертін бір арнаға тоғыстырған шығарма деп білемін. Кемшіліксіз адам жоқ. Адамның, қоғамның кемшілігін бүкірлікке теңеген автор бұл туынды арқылы қоғам дертін қозғай алды. Адам өзімен алысып, айналасымен жарысып өтер қысқа ғұмырында шексіз ойларын шектеулі қоғамда іске асыруға бейім болады... Бірақ кей жағдайларда сол қоғам оның ашық жолына бұзып өтпес тосқауыл қояды. Адам шарасыздықтан, қоғамнан алыстап жалғыздықты аңсайды. Жалғыздық – соңғы шешім бе? Әлде амалдың жоқтығы ма? Бұл сұрақта сананың шырмауына байланды... Жазықсыз адамның жапа шегуі бұл қоғамның айнасы... Бұл бейне шығармадағы Айқын атты кейіпкермен жетті. Өзінің сүйікті жұмысынан ішкі қалауындағы шындықты қозғап, ол ісіне айналаның қысымы артып жұмысынан да шеттетілді. Бұл қазіргі уақыттың ащы шындығы. *Бүкірлер елінде тік жүру айып* Бұл сөз кемшілігі көп қоғамда, кемшіліксіз жүрудің мүмкін еместігін жеткізіп тұрғандай. Адам бәрібір өзінің ішкі әлемі арқылы, сыртқы әлемге бір өкініш ала келеді. Тек сол өкінішті өрлетіп алудан адам сақтану қажет. Себебі іштегі биіктер өкініштен туған жалғыздықтан емес, арманнан туған әрекетпен әсемделу керек. Сол өзінің ішкі әлемін әсемдіктен мақұрым еткен адамды Айқын образынан көргендей болдым. Айқынға келген сынақ па? Әлде өз басына тілеп алған тұзақ па? Тағы да санаға топырлаған сұрақтар легі... Айқынның қайта жындыхана қақпасының алдына келуі – адамның қандай жағдай болмасын өзінің өмірінен шығып кете алмайтынын меңзегендей... Себебі қанша талпыныс, қанша қарсылық тағдырға бөгет бола алмайды. Бостандық деген осы ма? дейтін Айқынның өзіне қойған сұрағы жалпы шығарманы қорытындылап тұрғандай. Айқын қоғам ұсынған бостандықта жетті, бірақ өзі қалаған, ішкі жан дүниесі аңсаған бостандықтың есігіне де үңіле алмады... Ғажап өмір – ішкі әлемнің үнсіздігін ұғыну! Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» маған ерекше сезім дарытты. Бұл шағын шығарма арқылы қозғалған алып тақырыптар үшін авторға алғыс айтамын!
Facebook ссылка на этот отзыв

 
64. Бекзат Орысбаев  22/04/2026 07:55 (7884)

Шығарманы толық оқып шықтым. Қазақ әдебиеті шығармаларын мектеп кезден бері оқымаппын, оған пікір жазу тіпті қиын екен, барынша тырысып бақтым. Атауының өзі біраз қызығушылық тудырды. Оқып отырып біраз ойлар келеді екен. Қазіргі таңдағы адамзаттың, жалпы қоғамның қалыптасқан проблемалары шығарма барысында әдемі көрсетілген. Кітаптағы барлық кейіпкерлерді автор өте әдемі сипаттаған, жалпы алғанда мезгілді, уақытты әсерлеп ерекше етіп жазғаны тәнті етті. Басты кейіпкер Айқынның өмірдегі болған оқиғаларын жаза отырып, бүкіл адамзат проблемасын көрсете білген автор. Шығармада адам баласының бойында болатын жаман қылықтарын сатқындықты, жауыздықты, дүниеқұмарлықты сонымен қатар жақсы мінездерін адамгершілікті, ізгілікті, бауырмалдылықты, махаббатты, достықты, адалдықты бәрін шығарманың басты кейіпкері күндерің өткізген жындыхана төңірегінде тамаша сыйдыра білген. Өз басым жазушының жеткізбек болған ойларын басты кейіпкердің палаталасы болған тарихшы - Жұманмен әңгімелерінде көрдім. Жұман мен Айқынның палатадағы дискуссиясы шығарманың негізі, өзіме біраз ойлар осы тұстарда келді, философияға немесе адам психологиясына жақын ойлар, екі тараптың екі түрлі ойы біртүрлі оқып жатқан адамды сан алуан ойға салады деп ойлаймын. Жалпы кітапты оқи отырып біз де осындай өмірді сүріп жатырық па деп ойланып қаласын. Неге адам адамнан қорқатын заманға жеттік па, адам қылықтарың табиғаттағы жан жануардың табиғи заңдылықтармен салыстырғаны, ізгілік пен зұлымдықтың жолдарың, бірі жуан бірі жұқа жолдан тұрып таңдаудың адам баласының оңайға көбірек түсіп кете беретіні де бар екен. Шығарма өте көлемді болмағанымен қамтитын аумағы зор, жаза беруге болады. Қынжылтатыны кітаптың соңғы тұстары, өмір деген сынақта талай адам солай өз дегеніне жете алмай, өз мақсатына жете алмай, жақындарының сенімің ақтай алмай Айқын секілді жол бойында сынған көліктей өз діттеген жеріне жете алмай қалған болар… Шығарма өте керемет, оқуға кеңес беремін. Жазушы Азамат Салықовқа браво, шығармалары көп болсын, Мухтар Шаханов атамыздың жолың берсін.
Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
65. Актолкын Кисымова  22/04/2026 13:10 (8174)

Шығарма қолыма тимес бұрын атауына қарап, бүкірлер туралы фантастикалық шығарма болар деп ойлағанмын. Алайда туындыны оқып бітіргеннен кейін ғана фантастикалық шығарма емес, адам психологиясы туралы терең туынды екенін ұқтым. Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” туындысының басты кейіпкері - Айқын. Кейіпкердің ақыл-есі сау бола тұра, жындыханада жатуы кез келген оқырманды таңқалдырары анық. Біз адамдар жындыханада жататын адамдардың бәрі жынды деп ойлаймыз, алайда бұл шығарма олай емес екенін, онда да ақыл-есі сау, өмірге құштарлығы зор, психикасы сынбаған адамдардың бар екенін түсіндіргендей. Айқын - өмірде өзін-өзі таба алмаған жан. Неге олай дейміз?Өйткені ол кейіпкерде бәрі болды: қызмет те, атақ та, абырой да. Алайда кейіпкер үшін ол нәрселер жанын тыныштандырмаған секілді. Сондай ой тұңғиығында жүрген оның жындыханада емделуіне тура келді. Жындыханадағы басқа емделушілермен салыстырсақ, Айқынның сөйлеуі, ойлауы, айналаны бағдарлауы, адамдармен қарым-қатынасы дұрыс секілді. Алайда шығарма соңында біз күткен бақытты,яғни сәтті күн болмады. Кейіпкер қайтадан жындыхана алдына келеді. Бұл кейіпкердің өз ойына өзі шырмалғаны шығар? Оның қашып шығып, мақсатына жетуіне өз ойына шырмалғаны кедергі болды. Сонымен бұл шығармадағы жары Жанар арқылы әйел адамның мықтылығын да дәлелдей түскендей. Жанар бұл шығармада - нағыз мотиватор. Айқынның жүрегіндегі нұрды, көзіндегі отты қайтадан жағу үшін барын салды. Ол жарына аяушылықпен қарамады, сол баяғы студент күніндегідей адал махаббатпен қарай білді. Міне, бұл - нағыз қазақтың қайсар әйелінің бейнесі. Автордың тілі - жеңіл. Стилі - бөлек. мен оқыған шығармалар ішіндегі стилі, тақырыбы өзгеше шығарма десем болады. Әрі қарай жалғасын жазса, Айқын тағдырын баяндаса, қызық болар еді деп ойлаймын. Бұл шығармадан не түйдім: адам үшін өмірдің мәні - байлық та емес, жұмыс та емес, өмірдің мәні-адам жанының тыныштығы.
Осы пікірге Facebook-сілтеме
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
66. Айдос Шарипбай  22/04/2026 14:27 (8242)

“Бүкірлер елі” шығармасын оқып, өте терең әсер алдым. Алғашында бұл жай ғана психиатриялық аурухана туралы оқиға сияқты көрінеді, бірақ тереңіне үңілсең, автор адамның ішкі әлемін, санасындағы жалған шындықты және одан қашу механизмдерін өте шебер ашып көрсеткенін түсінесің. Шығармадағы уақыттың өзі “қате” басталуы (90:10) — бүкіл әлемде бір қисынсыздық бар екенін білдіретін маңызды символ. Бұл деталь оқырманды бірден ойландырып, алда не күтіп тұрғанын сездіреді.

Айқын кейіпкері арқылы үлкен философиялық мәселе көтеріледі. Ол бастапқыда шындықты айтуға тырысқан, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам еді. Бірақ қысым, қорқыныш және ішкі күйзеліс әсерінен ол біртіндеп өзгере бастайды. Ақырында ол бәрінен шаршап, жеңіл әрі тыныш өмірді таңдайды. Бұл өзгеріс өте табиғи әрі шынайы көрсетілген, сондықтан оқырманға қатты әсер етеді. Әсіресе ауруханада науқастардың жоқ доппен футбол ойнауы — өте күшті символ. Алғашында абсурд болып көрінген бұл көрініс уақыт өте қалыпты жағдайға айналады. Тіпті Айқынның өзі де соған қарсы тұрмайды. Бұл адамның шындықпен күресудің орнына, жалған дүниеге бейімделе салатынын анық көрсетеді.

Жұман кейіпкері — ерекше мағынаға ие образ. Ол Айқынның ұмыт қалған “менін” қайта оятуға тырысады, оның бұрынғы сенімдерін, мақсаттарын еске салады. Ал Құдіреттің тағдыры арқылы жүйенің қатыгездігі айқын ашылады: адамды қысқа уақыт ішінде қалай “сындыруға” болатыны көрсетілген. Бұл тұстар шығарманың ең ауыр әрі әсерлі бөліктерінің бірі болды.

Жалпы, бұл шығарма маған маңызды ой салды: кейде адамдар шындықтан қашып, өздеріне ыңғайлы иллюзияны таңдайды. Бірақ мұндай таңдау адамды біртіндеп өз болмысынан алыстатады. Осындай терең мағыналы туындылар оқырманды бей-жай қалдырмайды және ұзақ уақыт ойда сақталады.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
67. Зарина Меліс  22/04/2026 15:40 (8290)

Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасы туралы өз ойыммен бөлісіп өтсем, «Бүкірлер елі» адам табиғаты мен ішкі әлемі жайлы терең ойға жетелейтін туынды деп ойлаймын. Бұл шығарма адам туралы қалыптасқан көзқарасты қайта қарауға итермелейді. Әдетте біз біреуді сырт келбетіне, не диагнозына қарап бағалауға бейімбіз, алайда бұл шығарма адамның шынайы болмысы оның ішкі жан дүниесінде жатқанын сездіреді. Автор психиатриялық орталық өмірін суреттей отырып, әр кейіпкердің артында терең тарих пен ауыр тағдыр бар екенін аңғартады. Бұл шығармада мені ерекше ойландырған нәрсе – адамның тағдыры кейде өз еркінен тыс бағыт алып кететіні. Бір сәттік шешім, қоғамның қаталдығы немесе жалғыздық адамның бүкіл өмірін өзгертіп жіберуі мүмкін екенін автор өте шынайы жеткізеді. Сол себепті әр адамның артында айтылмаған оқиға, көрінбейтін күрес бар екенін ұмытпау керек сияқты.
Айқын бейнесі ерекше ой қалдырады. Бір кездері беделді журналист болған оның шындық үшін күресіп жүріп қоғамнан шеттетілуі өмірдің әділетсіз қырын көрсетеді. Сырттай сабырлы көрінгенімен, оның ішкі әлемі жалғыздық пен ауыр ойларға толы.
Жанар образы арқылы автор адам бойындағы мейірім мен адалдықтың құнын көрсетеді. Оның Айқынға деген сенімі мен қамқорлығы үміттің қиын жағдайда да сөнбейтінін білдіреді.
Жұман бейнесі де терең. Ол тек науқас емес, өткеннің салмағын көтеріп жүрген, жан дүниесі жаралы адам. Оның елестерге, естеліктерге байланып қалуы ішкі күйзелістің тереңдігін көрсетеді.
Шығармадағы «бүкір» ұғымы физикалық кемістік емес, рухани сыну, өмір ауыртпалығынан еңкею мағынасында ашылады. Қайғы мен жалғыздық адамның ішкі әлемін өзгертетін күш ретінде беріледі.
Қорытындысында бұл шығарма адамды сырттай бағалаудың қате екенін ұғындырады. Кейде ең тыныш көрінген адамның ішінде ең ауыр шындық жасырынуы мүмкін, ал оны түсіну үшін тек көзқарас емес, жанашырлық пен терең түсінік қажет.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
68. Алина Мейрамбек  22/04/2026 19:23 (8423)

Достар, жақында оқыған бір кітабыммен бөліскім келіп отыр.
«Бүкірлер елі» бастапқыда жай қызығушылықпен қолға алған шығарма еді. Бірақ оқи келе ішіне тартып, соңына келгенде терең ойға қалдыратын, өте маңызды туынды екенін түсіндім. Ауыр тақырып көтерілген, бірақ оны жеткізуі ерекше — бір жағынан жеңіл оқылады, бір жағынан ішіңді мазалай береді.
Шығармадағы абсурд көріністер алғашында түсініксіздеу көрінеді. Бірақ біртіндеп сол жағдайлардың астарында үлкен шындық жатқанын аңғарасың. Бұрынғы қоғамдағы осындай құбылыстар тек өткенде қалған шығар деп ойлаймыз, ал шын мәнінде олардың ізі қазіргі өмірде де бар екені жаныңды түршіктіреді. Осы тұста өз өміріңе де сырттай қарап, кейбір нәрселерді қайта бағалай бастайсың.
Айқынның бейнесі арқылы адам ішкі күйзеліс пен сыртқы орта арасында қалай өзгеретінін көреміз. Ең қатты әсер еткені — адамның бәрін түсініп тұрып, бәрібір үнсіз бейімделуді таңдауы. Бұл жерде еріксіз өзіңе сұрақ қоясың: біз де кейде дәл солай істеп жүрген жоқпыз ба? Кейде тыныштық үшін шындықтан қашып, өзімізге ыңғайлы әлем құрып алмаймыз ба?
Негізі, мұндай тақырыптарды қазақ әдебиетінде көп кездестірмеп едім. Сол жағынан бұл шығарма ерекше әсер қалдырды. Автор қоғам, адам, жауапкершілік туралы өте өзекті ой қозғаған. Әсіресе адамның өз-өзінен қашуы, ішкі ар-ожданы мен сыртқы тыныштығының арасындағы күресті көрсетуі қатты әсер етті. Бұл тек бір кейіпкердің емес, жалпы қоғамның күйін көрсететіндей.
Тағы бір ұнағаны — көлемі шағын болса да, ойының тереңдігі. Кейбір ұзақ шығармалардан да артық әсер береді. Әр кейіпкердің артында белгілі бір мағына, белгілі бір ой жатыр. Соның бәрі бірігіп, оқырманды ойлануға, өзіне сұрақ қоюға итермелейді.
Жалпы, бұл кітап оқып болғаннан кейін ұзақ уақыт ойыңнан кетпейді. Ішіңде бір сұрақ қалып қояды: сен қай жолды таңдар едің? Осындай шығармалар адамды бей-жай қалдырмайды және өз өміріне басқа қырынан қарауға мәжбүр етеді. Керемет шығарма ????

Facebook ссылка на этот отзыв

 
69. Айгерім Құмашева  23/04/2026 10:14 (8543)

Кейде өмірдің өзі бізді үлкен бір жындыханаға қамап қойғандай әсер береді. Біз сырттай сау көрінгенімізбен, ішкі дүниемізде әлдебір жүк арқалап, рухани «бүкірлікке» бой алдырамыз. Мен оқыған бұл шығарма дәл осы ащы шындықты кейіпкерлер тағдыры арқылы шебер жеткізген. Оқиға ерекше мекемеде – жүйке аурулары емханасында өрбиді. Бірақ автор бұл орынды жай ғана аурухана ретінде емес, қоғамның кішірейтілген моделі ретінде көрсеткендей. Мұндағы әрбір кейіпкер – өз тағдырының құрбаны әрі өз ойының тұтқыны. Әсіресе, Айқынның жары Жанардың бейнесі маған қатты әсер етті. Ол — Айқынның саналы түрде таңдаған «ішкі эмиграциясының» басты құрбаны. Жанардың күн сайын үмітпен келіп, күйеуінің «сау» кезін аңсауы — нағыз адалдықтың үлгісі болса, Айқынның оған шындықты айтпай, «жынды» болып қала беруі — оқырман ретінде жаныңды ауыртатын қиянат болып көрінеді. Жұман мен Айқынның диалогы — шығарманың ең биік интеллектуалдық нүктесі. Бұл тек екі «науқастың» дауы емес, бұл — екі түрлі өмірлік философияның, екі түрлі күрес жолының қақтығысы. Диалог барысында Жұман Айқынды «сатқын» немесе «жігерсіз» деп айыптағандай болады. Ал Айқын Жұманды «қиялшыл» деп есептейді. Шын мәнінде, бұл диалогта ешкім жеңген жоқ. Олар — бір монетаның екі беті сияқты. Осы тұста автор бізге үшінші жолды іздететіндей әсер қалдырады. Жұман сияқты елес қумау керек, Айқын сияқты үнсіз бекініп қалмау керек, бірақ жақындарыңның алдындағы жауапкершіліктен де қашпау қажет. Бұл туынды – оқырманды өз ішіне үңілуге мәжбүрлейтін шығарма. Біз кімбіз? Арқасына «бүкірлік» орнатып алған, шындықтан қашқан тобырмыз ба, әлде өз еркіндігін іздеген Айқынбыз ба? Шығарма осы сұрақты әр оқырманның өз еншісіне қалдырады.

Қорытындылай келе, «Бүкірлер елі» мен үшін өте әсерлі, ойландыратын шығарма болды. Ол адам жанының күрделілігін, махаббаттың күшін, жалғыздықтың ауырлығын және қоғамның әсерін терең көрсетеді.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
70. Madina  Bekbolatyzy  23/04/2026 12:14 (8597)

«Бүкірлер елі» – тек бір қоғамның емес, тұтас адамзаттың ішкі қайшылығын, моральдық әлсіздігін және рухани дағдарысын бейнелейтін күрделі әрі көпқабатты шығарма. Роман атауының өзі символдық сипатқа ие: «бүкірлік» – физикалық кемістік емес, ең алдымен, рухани майысу, әділетсіздікке бейімделу, шындық алдында тіктеліп тұра алмау. Автор осы метафора арқылы қоғамдағы жалғандықты, қорқынышты және бейқамдықты әшкерелейді. Шығармадағы негізгі кейіпкерлердің бірі – Айқын. Оның тағдыры арқылы оқырман жүйенің адамды қалай жұтып, біртіндеп ішкі еркіндігін жоятындығын көреді. Айқын алғашында саналы, ойлы, қоғамға пайда келтіруге тырысатын тұлға ретінде танылады. Ол журналист ретінде шындықты айтуға, әділеттілікке қызмет етуге ұмтылады. Алайда уақыт өте келе оның ішкі әлемінде үлкен өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер сыртқы қысымнан ғана емес, ішкі әлсіздіктен де туындайды. Айқынның психологиялық күйзелісі романның басты желілерінің бірі. Ол өзінің кәсібі мен ар-ұжданы арасындағы қайшылықта қалады. Журналист ретінде ол шындықты айтуы тиіс, бірақ қоғамдағы жүйе оған мүмкіндік бермейді. Бірте-бірте ол өз сенімдерінен алыстап, компромиске бара бастайды. Бұл – тек жеке адамның трагедиясы емес, бүкіл қоғамның дерті. Романдағы аурухана көріністері ерекше әсер қалдырады. Бұл жер – тек физикалық ауруларды емдейтін орын емес, сонымен қатар қоғамның моральдық жағдайының айнасы іспетті. Әрбір науқас – белгілі бір әлеуметтік топтың, белгілі бір проблеманың символы. Бесінші қабаттағы ауыр науқастар – қоғамның ең әлсіз, ең қорғансыз бөлігін көрсетеді. Ал дәрігерлер мен қызметкерлердің әрекеттері билік пен жүйенің қатыгездігін айқындайды. Айқынның уақытқа деген қарым-қатынасы да ерекше. Сағаттың тоқтап қалуы, уақыттың баяу ағуы немесе мүлде сезілмеуі – оның ішкі күйзелісінің көрінісі. Қорытындылай келе, «Бүкірлер елі» – қазіргі заман әдебиетіндегі маңызды шығармалардың бірі. Ол адам табиғатын, қоғамның кемшіліктерін және моральдық құндылықтарды терең талдайды. Автор оқырманды тек оқиғаға емес, ойға жетелейді. Бұл – нағыз әдебиеттің белгісі.
Instagram ссылка на этот отзыв

 
71. Есбол Есбосынов  23/04/2026 12:55 (8628)

«Бүкірлер елі» – мазмұны терең, астарлы ойға толы ерекше шығарма. Бұл туындыда автор адамзат қоғамындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оқырманды терең ойға жетелейді. Шығарманың атауының өзі символикалық мәнге ие. Мұндағы «бүкірлік» тек сыртқы кемшілік емес, адамның ішкі дүниесіндегі рухани әлсіздік, әділетсіздікке бейімділік, ар-ұжданның төмендеуі сияқты қасиеттерді білдіреді. Осы арқылы автор қоғамдағы моральдық құндылықтардың құлдырауын көрсетеді.

Шығармадағы кейіпкерлер жүйесі де ерекше. Әр кейіпкер – белгілі бір әлеуметтік топтың немесе мінез-құлықтың көрінісі. Олардың әрекеттері мен ойлары арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар ашылады. Бірі өз пайдасын ғана ойласа, енді бірі билік пен байлыққа ұмтылады. Ал кейбір кейіпкерлер өмірдің ауыртпалығына төзе алмай, өз тағдырына мойынсұнып кеткен. Осындай әртүрлі тағдырлар арқылы автор адам болмысының күрделілігін көрсетеді.

Маған ерекше әсер еткен нәрсе – кейіпкерлердің ішкі жан дүниесінің суреттелуі. Олар өздерінің кемшіліктерін сезінгенімен, оны түзетуге әрдайым дайын емес. Бұл – шынайы өмірде де кездесетін жағдай. Көп адамдар өз қателігін мойындаудан қашады, ал бұл олардың дамуына кедергі келтіреді. Автор осы мәселені өте нәзік жеткізеді.

Шығарманың тілі көркем әрі бейнелі. Әрбір сөйлемде терең мағына бар. Автор астарлы ойды шебер қолдана отырып, оқырманды өз бетінше ойлануға итермелейді. Бұл туындыны оқығанда тек оқиға желісін бақылап қана қоймай, әр сөздің мағынасына үңілесің.

Сонымен қатар, «Бүкірлер елі» шығармасының тәрбиелік мәні зор. Ол адамды адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке шақырады. Автор адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетіп, бір-біріне деген құрмет пен түсіністіктің қажеттілігін еске салады. Әсіресе, қазіргі қоғамда бұл құндылықтар өте маңызды.

Қорытындылай келе, «Бүкірлер елі» – терең философиялық ойға құрылған, оқырманға үлкен әсер қалдыратын шығарма. Ол тек көркем туынды ғана емес, сонымен қатар адамды өзін-өзі тануға, ішкі әлеміне үңілуге жетелейтін құнды еңбек.


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
72. Алия Ермекбай  23/04/2026 18:40 (8836)

Кітапқа пікір жазғым келеді. Соңғы уақытта оқыған шығармалардың ішінде Бүкірлер елі ерекше әсер қалдырды. Автор — Азамат Салықов. Шығарма психиатриялық мекемеде жатқан бұрынғы журналист Айқын туралы. Бір кезде телеарнада жұмыс істеген ол эфирде айтуға болмайтын дүниелерді айтып қойып, қызметінен кетеді. Осыдан кейін оның ішкі күйзелісі күшейіп, ойлары күрделене түседі. Жанарды өзіне қарсы адам ретінде қабылдап, соған ұмтыла бастайды. Ақыры туыстары оны “уақытша” деп ауруханаға жатқызады, ал оқиға сол жерден өрбиді. Кітаптағы кейіпкерлердің бәрі ерекше, ұмытылмайды. Мысалы, Жұман — бұрын тарих факультетінің доценті болған. Бірақ туыстары үйін тартып алу үшін оны “жынды” деп осында өткізген. Ол өзін Исатай батырдың замандасымын деп сенеді. Бір сәтте профессорға қарап: “Сен подполковник Гекенің өзісің!” деп айқайлайтын жері бар — өте әсерлі. Тағы бір кейіпкер — Құдірет. Ол медбике Алмаға сезімін жеткізе алмай, Айқыннан хат жазып беруін сұрайды. Осындай қарапайым көріністердің өзі кітапты шынайы етіп көрсетеді. Маған әсіресе осындай кішігірім, адами сәттер ұнады. Мысалы, Құдіреттің балалар үйіндегі ұлына арнап ағаштан жылқы ойыншық жасап, оған хат жазатын жері өте әсерлі шыққан. Немесе Жұманның қонжық ойыншығын жасырып, кейін соған “лекция оқитын” тұстары — бәрі артық сөзсіз, бірақ терең мағына береді. Дегенмен, ұнамаған жерлері де бар. Жанармен байланысты студенттік естеліктер тым ұзақ берілген сияқты. Сол жерде оқиға сәл баяулап, негізгі желіден ауытқып кеткендей көрінді. Жалпы, кітаптың негізгі ойы — қоғамға сыймайтын адамдарды бірден “жынды” деп қабылдау мәселесі. “Бүкірлер елінде тік жүру — айып” деген ой осыны дәл жеткізеді. Кейіпкерлердің әрқайсысының өз тағдыры, өз шындығы бар, сондықтан оларды біржақты бағалау қиын. Қорытындылай келе, бұл кітап оқуға тұрарлық. Оқып отырып ойландырады, кей тұстары ауыр сезім қалдырады. Бірақ дәл сол әсері үшін де құнды деп ойлаймын.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
73. МАРЖАН НУРБАЙ  23/04/2026 22:40 (8909)

Бұл әңгіме — адам жанының нәзік иірімдері мен сананың сан түрлі күйін шебер суреттеген психологиялық туынды екен. Шығармаға қатысты мынадай негізгі ойларды атап өтуге болады:


2. Кейіпкерлер галереясы

Автор әр кейіпкер арқылы қоғамның немесе адам мінезінің түрлі қырларын ашқан:

  • Айқын: Зиялы, сезімтал журналист. Оның «бүкірлік» туралы ойы — өзін қоғамнан бөлектеуі мен ішкі жалғыздығының көрінісі. Ол тіпті «көрінбейтін допты» көре алмауы арқылы өзінің әлі де болса ақиқаттан ажырамағанын сездіреді.

  • Жұман: Ғылым жолындағы сәтсіздік пен тарихқа деген құштарлықтың құрбаны. Оның Исатай мен Махамбет дәуіріне «кетіп қалуы» — орындалмаған арманның ауыр салдары.

  • Құдірет: Денесі алып болса да, жаны бала секілді пәк кейіпкер. Оның махаббат хаты арқылы Айқынның бойындағы шығармашылық қабілеттің қайта оянуы — үміт нышаны.

  • Сарман: Кез келген ортада кездесетін «жағымпаз» бейнесі. Тіпті мұндай орында да ол өз пайдасын ойлап, меңгерушіге ақпарат тасумен айналысады.

3. Психологиялық параллельдер

«Көрінбейтін доппен футбол ойнау» көрінісі — өте терең метафора. Бұл — жоқ нәрсеге сену арқылы бақытты болуға тырысу немесе шындықтан қашу. Айқынның бұл ойынға қосыла алмауы оның «сау» әлемге әлі де болса бір жіппен байлаулы екенін білдіреді.

4. Махаббат пен Үміт

Жанардың бейнесі — шығарманың ең жарық тұсы. Оның қажымай-талмай келуі, ескі естеліктерді жаңғыртуы — Айқынды түнектен суырып алатын жалғыз күш. Соңғы бөлімдегі Айқынның әйелінің кешіккенін байқауы және «ертең хат жазып қоямын» деуі — кейіпкердің сауығуға деген алғашқы қадамы.

Түйін: Автор туынды арқылы «Шын мәнінде кім сау, кім ауру?» деген заңды сұрақ тастайды. Біреуі тарихқа қашса, біреуі махаббатқа, енді біреуі жоқ допқа сенеді. Әңгіме тілі бай, суреттеулері қанық және оқырманды бейжай қалдырмайтын, мұңды болса да, соңында үміт отын жағатын сапалы туынды.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
74. Алима  Дуйсмаганбетова   24/04/2026 13:01 (9165)

Жақында “Бүкірлер елі” атты бір туынды оқыдым.  Жындылар туралы емес, ЖҮЙЕГЕ бейімделіп кеткендер туралы шығарма. Автордың ойы санамда біраз қайшылықтар тудырды...... “Мен де жынды боп жүрген жоқпын ба?” - деп қорқып кетеді екенсің ..... Біз әдетте “психбольница” дегенде ақылынан адасқан адамдарды елестетеміз. Бірақ бұл шығарма сол түсінікті төңкеріп тастайды. Шын мәнінде, ең қауіпті “жындылық” — шындықты көре тұра, соған қарсы тұрмау. Шығармадағы басты кейіпкер Айқын дәл осы тұста “құлайды”. Ол шындықты білетін адам бола тұра, соны қорғаудан бас тартады. Қарапайым өмірде де адам шындық пен өз әрекеті сәйкес келмегенде, шындықты өзгертпесе де, оған деген көзқарасынөзгертеді.  Айқын да солай жасайды. Ол жындыханада күн сайын көзге көрінбейтін доппен ойнап жүрген бір топ адамды көреді. Алғашында жоқ допқа күледі, кейін өзі де сол көрінбейтін допты ойнайды. Бұл  -  саналы түрде  иллюзияны таңдау. Бүгінгі қоғамда біз осы “жоқ доппен футбол ойнап жүргендерді” көремз. Әділетсіздікті көріп тұрып үндемеу,

жүйеге қарсы шықпау, “маған тыныш болса болды” деу  - бұл да бір түрдегі бүкірлік. Яғни, физикалық емес, рухани бүкірлік. Адамның омыртқасы емес, позициясы бүгіледі. Мысалы, КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ:

  • “ренжіп тұрмын” деудің орнына күлімсірей саламыз;
  • “мені тыңда” деудің орнына үндемей қаламыз;
  • “бұл маған ауыр” деудің орнына бәрін қалыпты қылып көрсетеміз.

Осылайша адамдар бір-бірімен емес, бір-бірінің жасап алған елесімен өмір сүре бастайды.Сырттай бәрі тыныш көрінеді. Бірақ ішінде айтылмаған сөздер, басылған эмоциялар, жалған келісімдер қалады. Мұны қарым-қатынастағы “бүкірлік” дер едім. Денесі емес, ішкі шындығы бүгіліп қалған адамдар боп кетеміз......Ең қауіптісі, бұл жағдай ұзаққа созылғанда, адам шынайы сезімін ажырата алмай қалады. Ол расында жақсы ма, әлде тек “жақсы сияқты” ма?  Өзі де білмей қалады........  


Осы пікірге Facebook-сілтеме

 
75. Алтынай Жанабекова  25/04/2026 14:09 (9542)

Фейсбук мен үшін аса қолданылатын әлеуметтік желілердің бірі емес, алайда бүгін сәті түсіп, осында пікір қалдырғалы отырмын. Пікір - танысымның “Бүкірлер елі” атты шығармасы туралы болмақ. Қазіргі тірі қалу үшін аламанға айналған заманда, өзіңнің ішкі әлемің мен ар-ожданыңның қалауларына да көңіл бөлуді, оларды тыңдауды дәріптейтін шығарма ретінде керемет әсер қалдырды. Шын мәнінде әркімнің ішінде қоғам алдында деген жауапкершілік пен өмір сүріп жатқан ортама тіттей де болсын пайдамды тигізсем деген ұмтылыс бар, шығарма оны Айқынның көзімен және оның өмір жолымен еске салғандай болды. Оның өмір жолында ол қасиеттерден алшақтап қалғаны да, жан тыныштығы үшін күйбелең тірлікті қабылда салсам ба екен деген ойдың белең алатын сәттер болатынын да көрсетеді. Бірақ, адам өзінен қашып құтыла алмйтынын, өмір жолында бізге кім екенімізді, қайда бара жатқанымызды еске салатын адамдар кездесетінін, соның нәтижесінде бәлкім өзімізді қайта табу мүмкіндігін иемденетініміз де жақсы жеткізілген. Жұман тарихшының орны бұл жерде ерекше. Кейді біз өзімізді тура сұрақтар қоюдан қашамыз, себебі ішімдені иллюзиялық тыныштық бұзылады, дискомфорт басталады. Неге? Ол дикомфорт бұрыннан бар еді, тек оны жалған контроль мен өзімізді көндіру арқылы, комфорт ретінде өзімізге “жарнамалағанбыз”, ал бізге ыңғайсыз сұрақтар, жараға тұз сепкендей, ашытып, орнымызды тыпыршуға итермелейді.

Және мені өте таң қалдырғаны кейіпкелердің есімдері, себебі әркімнің аты өзінің болмысын одан әрі толықтырып тұрғандай сезілді. Айқын, Жүман, Құдырет, Майра - қандай керемет есімдер. 
Жалған әлемге түспей, өзіміздің қазіргі тілмен айтқанда “айдентитиімізді” жоғалтпау жолында күресу қажеттігімізді тағы еске салды. Автор Азамат Салықовқа ерешке рахмет, жазар кітаптарыңыз көп болсын!

Facebook ссылка на этот отзыв

 
76. Мәліке Серғалы   25/04/2026 19:43 (9580)

Шығарма көпшіліктің жасыратын шындығын әшкерелейтіндей…Бәріміздің бүгіп қалатын, жасырып, ешкімге көрсеткізіміз келмейтін болмысымыз, сөзіміз, өткеніміз бен болашағамыз бар. Міні шығарманы оқып отырып сол туралы еріксіз ойланасың…Бір оқыған адамға ауыр, адамның тек ішкі күйзелісін ашатын шығарма болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің ойымша бұл шығарма проблеманы емес, керісінше мән беру керек дүниені көрсеткісі келетіндей. Мына әлем дәл “Бүкірлер еліндегідей” сияқты ма? Әлде керісінше ме? Мен сол елде өмір сүрсем қалай болар еді? Әлде өмір сүріп жүрмін бе? Міні оқып отырып оқырманды әртүрлі сұрақпен жетелейтініне дәлел…

Оқырман бұл шығармадан өзіне керектіні сан түрлі призмамен алатыны анық…Бұл мен үшін автордың шеберлегін көрсетеді???? Автор Азамат мырза былтыр шеберханамыздың екінші маусымының қатысушысы болған еді. “Бүкірлер елі” ол кісінің қателеспесем екінші туындысы???? Өзіндік стилі бар, сюжетке терең бойлайтын жазушы. “Бүкірлер елі” бір рет емес, қайта-қайта оралып бірнешк мәрте оқуға тұрарлық шығарма дер едім???? Әр деталь, әр кейіпкердің өзіндік болмысы, жеткізгісі келген ой бәрі-бәрі ерекше ашылған. Шығарманың ұтымдылығы сюжет пен теиең мағынасынан бөлек оқырманның өзін ойлануға, сұрақтарға жауап табуға білдіртпей жетелеуінде дер едім???? Оқыған адам атауының өзі терең метафораға құрылғанын бірден байқайды???? Тағы бір ұнаған тұсы кейіпкерлердің шынайылығы мен тірілігі. Айқын да, Жұман да жасанды кейіпкер емес, шынайы өмірден алынғандай әсер қалдырады. Әсіресе Айқынның ішкі күйі, ортаға бейімделуге мәжбүрлігі өте шынайы берілген. “Көрінбейтін доп” ойыны — автордың ерекше фишкасы дер едім. Өйткені Азамат мырза қарапайым деталь арқылы үлкен философиялық ой жеткізе алған. Бұл ойын өмірдің өзіне ұқсайды — бәріміз бір нәрсеге ұмтылып жүргендейміз, бірақ нақты не нәрсеге екенін түсінбей қалып жатамыз...
Тағы бір артықшылығы шығарманың атмосферасы. Жындыханадағы оқиғалар тек визуалды құрал ғана емес, тұтас бір символдық кеңістік ретінде ашылған. Жас жазушылардың қатарының көбейгені біз үшін қуаныш????

Instagram ссылка на этот отзыв

 
77. Балауса Жақсылық  25/04/2026 21:15 (9596)

“Бүкірлер елі” шығармасы маган бірден түсінікті болып кетті деп айта алмаймын. Тіпті басында іштей қарсылықпен, қабылдамай оқыдым десем де болады.Бірақ оқып болғаннан кейін ұзақ уақыт бойы ойымнан шықпай қойды. Әсіресе Айқынның ішкі күйі маған қатты әсер етті. Басында ол шындық үшін күресетін, өз пікірін ашық айтатын адам сияқты көрінеді. Бірақ біртіндеп оның өзгеріп, бәріне бейімделіп кетуі мені ойландырды. Психиатриялық ауруханадағы көріністер сырттай қарағанда абсурд сияқты. Мысалы, допсыз футбол ойнау алғашында күлкілі де көрінуі мүмкін. Бірақ кейін бұл жай ғана ойын емес екенін түсінесің. Адамдар жоқ нәрсеге сеніп, соны шындық ретінде қабылдай бастайды. Ең қызығы Айқын да соған қарсы тұрмай, сол ортаға сіңіп кетеді. Маған ең ауыр тиген жері Айқынның өз-өзінен қаша бастауы. Ол тек қоғамнан емес, өзінің ар-ұжданынан да қашқысы келеді. Жұман кейіпкері арқылы автор адамның ішінде әрқашан шындықты еске салатын бір дауыс бар екенін көрсеткен сияқты. Бірақ сол дауысты тыңдау әркімнің қолынан келе бермейді. Шығарманың соңында Айқынның қайтадан сол жерге оралуы мен үшін өте ауыр әрі шынайы көрінді. Себебі кейде адам шындықты түсінсе де, оны қабылдауға күші жетпейді. Бұл шығарма маған бір нәрсені түсіндірді: кейде ең қиын нәрсе шындықты білу емес, сол шындықпен өмір сүру. 

Менің ойымша, бұл шығарманың басты идеясы адам өз өмірінің авторы деген тұжырымға келіп тіреледі. Яғни, қандай жағдай болмасын, соңғы шешімді адамның өзі қабылдайды, және сол арқылы өз тағдырын қалыптастырады. Тағы бір маңызды аспект сезім мен ақыл арасындағы баланс. Автор бұл екі ұғымды қарсы қоймайды, керісінше, олардың үйлесімді болуы маңызды екенін көрсетеді. Тек сезімге берілу немесе тек логикаға сүйену толық картина бермейді. Ал екеуінің теңдігі дұрыс бағытқа жетелейді. Шығарманың астарында уақыт тақырыбы да байқалады. Уақыттың өтуі, мүмкіндіктердің шектеулілігі, әр сәттің маңыздылығы бәрі де жанама түрде көрініс табады. Бұл оқырманға немесе көрерменге қазіргі сәттің қадірін түсінуге көмектеседі.

Instagram ссылка на этот отзыв

 
78. Жұлдызай Даулет   26/04/2026 02:11 (9613)

Психиатриялық мекемедегі өмірді суреттей отырып, адам жанының терең қайшылығын ашады. Шығарма орталық кейіпкері Айқынның ішкі күйзелісі арқылы өрбиді. Ол бір кезде табысты, елге танымал журналист болғанымен, қазір өз санасының тұтқынына айналған. Таңертең оянған сәтінен бастап-ақ оның ойы тыныш емес: қарапайым уақыттың өзін шатастырып алуы – оның психологиялық күйінің бұзылғанын аңғартады. Бірақ мәселе тек “ауруда” емес, оның жан дүниесіндегі терең жалғыздықта жатыр.

Айқынның өткен өмірі мен қазіргі жағдайының қарама-қайшылығы ерекше әсер қалдырады. Сырт көзге табысты, бақытты көрінген адамның ішінде қаншалықты ауыр ойлар жатқанын ешкім байқамаған. Автор осы арқылы қоғамдағы үлкен мәселені көтереді: адамдар көбіне сыртқы жетістікке қарап баға береді, ал адамның ішкі әлеміне үңіле бермейді. Айқын да сондай түсінілмеген жандардың бірі.

Психиатриялық мекемедегі күн тәртібі бірсарынды, қатаң жүйеге құрылған. Бұл орта адамның еркіндігін шектеп қана қоймай, оны бір қалыпқа салып қояды. Мұндағы “дәрі” ерекше символ ретінде берілген. Ол науқастарды емдемейді, тек уақытша жеңілдік сыйлайды. Бұл – адамдардың да шынайы мәселеден қашып, уақытша жұбаныш іздейтінін меңзейді.

Жұман кейіпкері арқылы шындық пен қиялдың араласуы көрсетіледі. Ол өзін тарихи тұлғалармен байланыстырып, өткен заманға “еніп кетеді”. Бұл оның санасының бұзылуын ғана емес, шынайы өмірден қашу әрекетін де білдіреді.

Айқынның аспан туралы ойлары – шығарманың ең терең философиялық тұстарының бірі. Ол өзін жалғыз аспанмен салыстырады. Айналасында адамдар көп болғанымен, өзін жалғыз сезінуі – қазіргі қоғамдағы көптеген адамдарға тән жағдай. Бұл жерде автор жалғыздықтың физикалық емес, рухани күй екенін көрсетеді.

Жанар бейнесі – үміт пен махаббаттың символы. Ол Айқынды тастамай, үнемі қолдау көрсетеді. Бірақ Айқын оның сезімін толық қабылдай алмайды. Бұл – адамның ішкі күйзелісі кейде ең жақын адамдармен байланысты да әлсірететінін білдіреді. Жанардың естеліктер арқылы оны “оятуға” тырысуы – өткенге оралу арқылы емделуге деген үміт.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
79. Клара Сердалина  26/04/2026 10:38 (9620)

«Бүкірлер елі» атты жас жазушы Азамат Салықовтың шығармасы оқырманды терең ойға жетелейді. Автордың сөз саптауы ерекше, тілі өте көркем. Шығарма жеңіл, әрі тартымды оқылады. Шығарма негізгі кейіпкердің коғамның мәселесін көтерген шындығы, халыктың санасын оятуы үшін жасаған әрекетінен 180 градусқа өзгеріп кеткен өмірін сипаттайтын окиға желісінде өрбиді. Негізгі кейіпкердің адалдығы мен әлсіздігі таразыға түскендей әсер қалдырады. Басты кейіпкердің жары Жанардың бейнесі ерекше назар аудартады. Оның кіршіксіз тазалығы, шынайы сенімі мен адалдығы - адамгершіліктің символындай. Алайда сол шынайылығы мен сенгіштігі кей тұста өзіне ауыр тиетіндей көрінеді. Кейіпкердің ішкі жан дүниесі, психологиялық күйзелісі сипатталып, оның әрекеттері мен шешімі оқырманды ойландырады. Шығарма классикалық бақытты аяқталудан гөрі өмірдің шынайы, ащы ақиқатын көрсететін бағытта аяқталады. Бұл оқырманды терең ойға қалдырып, белгісіздік әсерге бөлейді. Бұл шығармада автор коғамдағы көптеген мәселелерді қозғаған. Шығармадағы әрбір кейіпкер арқылы коғамның дамуына кедергі келтіретін ұсак-түйек мәселелер, ең күрделі мәселелер қозғалған. Автор басты кейіпкерінің «Жеңіске татитын жеңілістер болады» деген сөзі арқылы адами құндылық пен жалған ұлтшылық, ізгілік пен зұлымдықты таразылау арқылы оқырманын құнды ой түюге жетелейді. 

Қогамдаты адамдардың бір - біріне деген енжарлығы мен қатігездігінің салдарынан қаншама тағдыр бұзылып, каншама өмір қасіретке ұшырады. Қазіргі қоғамда аяушылық тудыратын тұрмыстық мәселелер көптеп кездеседі. Бұдан да күрделірек әрі ауыр маселе - көрсоқырлык, зұлымдық жене қуыскеуделік. Адамдардың бір-біріне деген немқұрайлылығы, ешкімге керексіз болып қалу сезімі мен енжарлыгы - қогам үшін ең алаңдатарлық құбылыс. Жас жазушы Салықов Азамат өз шығармасында коғамдағы осы мәселелерді шиленіске толы тағдылар арқылы жеткізуді мақсат еткен деген пікірдемін.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
80. Жомарт Қарсыбек  26/04/2026 20:31 (9654)

“Бүкірлер елі” - қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтеретін бірегей шығарма. Қоғамда болып жатқан абсурдты жағдайларға адамзаттың тәні мен жаны үйреніп, сол ақылға сыймайтын дүниені нормаға айналдыруы - сол қоғамның басты дерті. Бұған шығармадағы көрінбейтін доппен ойнаған бір топ адамдарды соның бір мысалы ретінде көрсете аламыз. Ал шығарманың басты кейіпкері Айқын сол абсурдпен күресу жолында еңбек еткен журналист. Қоғамда орын алып жатқан әділетсіздектерді айтып, шындықты жеткізу жолында өзін жындыханадан тапқан адам. Шығарма адамның бойынан қазірде жоғалып жатқан адамгершіліктің сол адамдарды зұлымдыққа апарып жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар онымен күрес жүргізудің қаншалықты маңызды екенін жеткізеді. Және де сол әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы тұрған адамның сол қоғамда күлкі мен “ауруға айналып жатқандығы туралы жазылады. Ізгіліктің не екенін барлық адам білуші, бірақ қоғам тұстастай оның жолын шектегеннен, адамдар теріс жолды жөн көруде. Шығарманың “Бүкірлер елі” деп аталуы да, соны меңзеген болуы керек. “Бүкірлер елінде тік жүру айып” деп соңынан келтірілген нақыл сөз де осы шығарманың негізгі идеясын көрсететін сияқты. Сонымен қатар Жұман мен Айқынның арасындағы диалогтардан, осы қоғамның дертіне қатысты адамдардың екіжақты пікірін көруге болады. Біреуі табиғат заңына бағыну дұрыс екендігін айтып, қоғамның барлық дертін қабылдау қажеттігін, соны мойындап, соған сай бейімделе отырып өмір сүру керектігін айтса, екіншісі ондай зұлымдықты табиғат заңы ретінде қарамай, адамның ол нәрседен жоғары болу керектігін айтады. Қорыта айтқанда “Бүкірлер елі” қоғамның шынайы бейнесін ашып көрсететін, терең мағыналы шығарма. Автор адамгершілік пен зұлымдықтың ара жігін айқындап, әр адамның өз таңдауы бар екенін көрсетеді. Қоғам қаншалықты бұзылса да, адам өз болмысын сақтап, әділдік жолында күресуі тиіс деген ой түйінделеді. Терең ойлы, пәлсапалық туындыларды бағалайтын оқырман үшін бұл шығарма таптырмас дүние деп айта аламын.Ал шығарманың басты кейіпкері Айқын сол абсурдпен күресу жолында еңбек еткен журналист.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
81. Айбол Қайырғали  26/04/2026 21:23 (9658)

Шынымды айтсам, бұл шығарманы оқып болғаннан кейін бірден пікір жазуға отыра алмадым. Әсерінен шыға алмай, біраз уақыт ойланып жүрдім. Бұл - жай ғана повесть емес, бүгінгі қоғамның айнасы сияқты.

Оқиға психиатриялық ауруханада өрбігенімен, оқып отырып түсінесің: нағыз "бүкірлер" тордың ішінде емес, сыртында жүр екен ғой. Шындықты айтқаны үшін жұмысынан айырылған журналист Айқынның тағдыры - қазіргі өміріміздің ащы шындығы емес пе? Сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, адамның ішінде қандай арпалыс жүріп жатқанын ешкім білмейді.

Әсіресе "көрінбейтін доп" ойыны қатты ойландырды. Жоқ нәрсеге таласып, иллюзияның ішінде өмір сүретін адамдар - бұл біз емес пе? Атақ, мансап, абырой деп шапқылап жүрген өзімізді көргендей болдым. Алғашында бұл ойынға таңғалған Айқынның соңында соған мойынсұнуы — ең ауыр тұсы болды. Демек, бұл қоғамда "жынды" болмасаң, аман қалу мүмкін емес пе деген сұрақ көкейге қонақтайды.

Құдіреттің бейнесі жүректі қарс айырды. Алып денелі, бірақ жаны балаша пәк адамның балаларына ағаштан ойыншық жонып, хат жазған тұсында көзге жас үйірілді. "Сендердің осы күйде жүргендеріңе мен кінәлімін" деген сөзі әлі күнге құлағымнан кетпей тұр. Үлкен қызының тағдырын естіген жерде өз-өзіңнен ұяласың- осындай қоғамның мүшесі бола тұра, неге үнсіз қарап отырмыз деп.

Жанардың адалдығы- бұл сұрқай әлемдегі жалғыз жарық сәуле сияқты. Күнде емханаға келіп, күйеуінің көңілін көтеру үшін өткенді еске түсіріп отыруы- нағыз әйел төзімінің шыңы. Ал Жұман мен Айқынның философиялық айтысы- екі түрлі дүниетанымның шайқасы. Бірі "күштінің сөзі жүреді" деп табиғат заңына сүйенсе, екіншісі адам хайуаннан биік болуы керек дейді. Осы екі көзқарастың қайсысы дұрыс екенін оқырманның өзі шешеді.

Сарманның сөз тасуы, Майра апайдың емделушілердің асын ұрлауы - бұлар қоғамдағы екіжүзділіктің көрінісі. Ал күзетші Миша ағайдың Айқынға көмектесуі - қараңғылықтағы кішкене үміт сәулесі. Автор адамды тек қара немесе ақ деп бөлмейді, әр кейіпкердің ішінде күрес жүріп жатқанын көрсетеді.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
82. Гүлдана Әминова  27/04/2026 10:46 (9716)

Шығармадағы басты кейіпкер дүниетанымы кең, ой парасаты биік ар мен ождан алдында өзіне есеп бере алатын айқын болмысымен белгілі. Адамзат қай ғасырда да жаратылыс заңынан асып түсуге ұмтылып небір соғыс не арпалыс кешіп, осы дүниенің заңдылықтарын әйтеуір бұрмалаумен қоғамды сан-түрлі тармаққа бөліп келеді. Жақсы заманда да адам баласы жақсыға тап болса одан лезде жалығып, билік я белгілі бір күшке ие болса Құдай түгіл өзін ұмытып, қу дүниенің соңын қуалай береді. Сол үшін де менің ойым парасат иелерін тек Құдай таңдайды. Парасат иелері ғана мына ғажап дүниеге титтей де болса тигізер пайда ойлайды, жан жағына терең бойлап, түзету үшін барын да жанын да салады. Алайда әр қоғамда "бес саусақ бірдей емес" болып сол бір әділ жолды көздеуші, ой шеңбері кең жандар жымысқы, атаққұмар, небір зиянкес тірлік иелерінің кесірінен ақтықтан күйіп жатады. Дәл осы туындыда автор өте ерекше стильде қоғамның бүгінгі ахуалын сипаттай білген. Өзіме түрткі болған дүние - Айқынның өзінің жары Жанар алдындағы адалдығын өзі сынап, дәл осы жындыханаға тап болған күйінің өзін адалдыққа сыйғыза алмағаны жаныма батты. Жанардай жаны сұлу адамға Айқындай адал азаматты тең етіп, алайда бақытымен де уақытымен де сыналып жатса да екі ғашық бір-біріне деген кіршіксіз таза сезімді сақтағаны. Жеңіске татитын жеңілістер туралы Жұман тарихшы ретінде өткенімізді сынаса, Айқын адами құндылықтарға ден қоюы тағы да Айқынның парасат шеңберін айқындады. Құдіреттің болмысы қазіргі адамзаттың көзге көрінбес алып жауы нәпсі атаулының сондай күш алып, көзді басатынын, одан жеңілсең досыңнан, барыңнан тіпті ең қымбатыңнан айырылып қалатыныңды еске салды. Бәлкім кейбір тұста "бүкір"болып жүре беруді таңдаса қазір Жанаржанның қасында мүлде басқа ғұмыр кешіп жатар еді ғой, бірақ мұны мен де өзімше бас кейіпкердің "жеңіске татитын жеңілісіне" баладым. "Бүкірлер елі"- мейлінше ауқымды аудиторияларды қамтуы керек әрі бірнеше рет оқылуы тиіс туынды деп санаймын
Facebook ссылка на этот отзыв

 
83. Әнуар Еспенбет  27/04/2026 12:52 (9839)

«Бүкірлер елі» повесі жаңа заман прозасындағы өте салмақты, экзистенциалдық тереңдігімен ерекшеленетін туынды. Меніңше бұл тек отандық әдебиет үшін ғана емес, жалпы әлемдік деңгейде адамзаттық құндылықтарды қозғайтын психологиялық драма.

Азамат Салықовтың шығармашылығына деген шынайы құрметімді білдіре отырып, повесті оқығаннан кейінгі әсерімді және осы туындыға деген өз пікірімді назарларыңызға ұсынып отырмын.

Негізінде әлемдік әдебиетте «жындыхана» метафорасы жаңалық емес. Антон Чеховтың «№6 палатасынан» бастап, Кен Кизидің «Пролетая над гнездом кукушки» романына дейін бұл локация қоғамның ең ауыр дерттерін ашып көрсететін мінсіз микромодель ретінде қолданылып келеді. Ал Азамат Салықов бауырымыз болса бұл дәстүрді қазақтың қазіргі қоғамдық-әлеуметтік реалиясына шебер бейімдеген екен. Шүбә жоқ, оқырманды психологиялық тұрғыдан сілкіп алатын жаңа көркемдік кеңістік тудырған. «Бүкірлер елі» жай ғана емханадағы науқастардың өмірі туралы жазылған шығарма деп ойласаңыз, қателесесіз! Бұл біз күнделікті өмір сүріп жатқан, бірақ мойындауға қорқатын үлкен қоғамның айнасы.

Ең алдымен айтқым келетіні, шығарманың тақырыбының өзі ақ алғашқы беттерден оқырманға үлкен ой тастайды. «Бүкірлер елі» деген атаудың астында адамның тән кемістігі емес, моральдық деформациясы, рухани мүгедектігі жатыр. Айналадағы адамдардың барлығы дерлік бүкірге айналған қоғамда тік жүру: қылмыс, тік сөйлеу: жындылық болып саналады.

Бүкірлер қоғамында адамдар өздерінің «бүкірліктерін» қалыпты жағдай деп қабылдайды. Олар зауытқа қуана кіріп, жүздері түнеріп, бүкірейіп шығады. Бұл – жүйенің адамды қалай сындыратынын, қалай өз қалыбына салып, ар-ұжданын мыжып тастайтынын сұмдық көрсететін дәл суреттеу. Салықов бұл жерде көпке көніп, тобырлық сананың жетегінде кету адам жанын қалай мүжіп жейтінін ерекше шеберлікпен жеткізген.


Facebook ссылка на этот отзыв

 
84. Әсемай Қайыпова  27/04/2026 15:23 (9920)

Бүкірлер елі
Бір оқиғада бірнеше мәселе бар. Мен бұл жерде ең алдымен Айқын мен Жанардың махаббаты .Екеуіде өмірлерінің қиын сәттерінде бір біріне демеу бола білгені қазір қоғамда бала болмаса әйелді кінәлап кішкене қиындықты сылтауратып тағдырларын екіге ажыратқысы келетін жұптарға қарағанда Жанар мен Айқын екеуінің арасындағы сезім шын махаббат екенін түсінуге болады .
Аурухана ішіндегі жағдайларға келетін болсақ біз сау адамдар түсіне бермитін бағалай бермитін жайттарды түсінесің. Қарапайым өзіңнің бас бостандығыңды бағалайсың.Және сол бүкірлер еліндегі адамдардан сырттағы адамдар қорқып жатады ,негізі сол жерде жатқан адамдардың себебі сырттағы жауыз адамдардың кесірінен осындай бүкір болды деген ойға қалдым.
Жұман мен Айқын айтысында екеуініңде ой пікірі ойға қонымды екеуіде дұрыс әңгіме айтып отыр.
Мен бұл оқиғада жаныма батқаны главный герой Айқын емес оның іздер адамы сұрау бар ,құдай қосқан жары өмірлік серігі бар жанында.Бұл оқиғада жаныма батқаны Құдіреттің өмірі. Оны қолдап қорғайтын жанында жары мен туысы жоқ. Туғандары оны қолдан жынды қылып отыр. Үш перзентті біріншіден қорғандарынан, өмірлік тірегі әкесінен айырды . Сондағы бұған себеп адамдардың қайдағы дүние үшін осыншама жауыз бола алама? Ол дүние бір күнде жоқ болып кете саладығо ? Сол дүние үшін үш баланың әкесін қолдан жынды қылды , үш перзенттің бірі осы жолда бақилық болды, екі бала балалар үйінде қорлық көріуде.Осы оқиғада маған жүрегіме ең қатты тигені осы болды.Құдіреттің балдарына жазған хаты қызына жазған сөздері !
Айқынның балалар үйіне барған кездегі сәтін көзіме елестетіп отырып оқығанда жүргіме батты . Біздің қоғамда балалар үйінде күнделікті жағдайда комиссия барғандағыдай жағдайда болмайтынын бәріміз білсекте неге үндемеміз?
Мен бұл оқиғаның тура мағынада сипаттама жаздым.Егер астарына үңілер болсақ айтар ой көп!!!

Facebook ссылка на этот отзыв

 
85. Қайрат Нысанбеков   27/04/2026 16:01 (9925)

Қазақ әдебиетін бозбала күнімде сүйіп оқитынмын. Бертін келе кітаптан қол үзіп қалған кездер болды. Дей тұрғанмен соңғы төрт-бес жылда қайтадан кітапқұмар адамға айналдым. Жақында жас қаламгер Азамат Салықовтың “Бүкірлер елі” атты туындысын оқып бітірдім. Бұл шығармада “Бүкір” атауы ортасында және аяқ жағында ғана кездеседі. Оқып отырып мен шыны керек, “кітаптың аты неге бүкірлер елі?” деген сұраққа жауапты да іздеп тапқым келді. Бас кейіпкер Айқын кейбір “бүкірлердің” иықтарын тегістеп қоюға тырысса да әлгілердің қырсығып, қайтадан бүкірейіп алуы да таңқалдырмай қоймас. Құдірет деген кейіпкер шын мәнінде науқас емес, қыр соңынан қалмай қуып келе жатқан өзінің “бүкір” көлеңкесінен қашып жүрген бір бейбақ күйінде суреттелген. Айқынның келіншегі Жанар өте мейірімді жан ретінде сомдалған. Айқын екеуінің кездесулерін терезеден жасырын бақылап жүретін Сарман деген қаскөй. “Бүкірлер елі” деген астарлы атауға ие болған бұл жерге Айқын “абайсызда” бастығына қарсы іс-әрекеттер жасап, соның кесірінен жұмыссыз қалып, босып қаңғып жүргенде дәрігерлер диагноз қойып бағыт беруінің нәтижесінде келіп түскен. Бес қабатты тас қамал алғаш келгеннен-ақ Айқынға ұнай қойған жоқ. Айқынның ерекшелігі мұндағы дәрігерлер, мейірбикелер беретін дәрілерді ішпеуші еді. Сол себепті де мұндағы басқа науқастардың “Көрінбейтін доп” ойынын ойнауын онша түсінбесе де түйсінгендей кейіп танытты. Шығарманың соңына қарай Айқын да көрінбейтін допты “көру” қабілетіне ие болады. Оның себебі ішпей жүрген дәрілерді кенет ішіп жіберуі еді. Автор “Көрінбейтін доп”ойыны арқылы қоғамның моделін көрсетіп, бір дертті келесі дертпен емдеу идеясының онша ұтымды еместігін меңзейді. Жұман - Айқынның жаңадан келген палаталас досы. Өзі тарихшы. Айқынның көкейінде жүрген біршама сұрақтарға жауап береді. Құдіреттің баласының туған күніне ойыншықты апарып беру идеясы Айқынға табан астынан келеді. Психология, мистика, пәлсапаға қызығатын жастарға және де барша оқырман қауымға оқуға кеңес беремін. Автордың негізгі идеясы адамдардың арасында мейірімнің азаюын осы бір оқиға арқылы көрсету деп ойлаймын.
Осы пікірге Facebook-сілтеме
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
86. Қоңырша Ермұханбетова  27/04/2026 22:40 (9993)

"Бүкірлер елі" шығармасы қоғамдағы әділетсіздік пен адам болмысының күрделі қырларын терең бейнелеген туынды. Автор шығармасындағы кейіпкерлер арқылы терең әлеуметтік және моральдық ой айтқысы келеді. Нақтырақ айтсақ, өмірдегі қарама-қайшылықтарды: шындық пен екіжүзділікті, адалдық пен сатқындықты сипаттап, адам бойындағы алуан-түрлі қасиетерді оқырманына жеткізе білген. Шығарманы оқып отырып, оқырман кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді ой елегінен өткізіп, кейде сүйсініп, кейде жиіркенеді, алуан түрлі психоэмоционалдық күй кешеді. "Бүкір" образы тек физикалық кемшілік емес, рухани моральдық кемшілік ретінде қолданылған. Яғни шығармадағы кейіпкерлер арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттер сыналады, адамгершілік қасиеттер насихатталады. Автор кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы рухани бүкірлікті – адамның сырт келбетіндегі емес, оның ішкі дүниесіндегі кемшілікті көрсетеді. Сондай-ақ, әділетсіздікке толы қоғамның бейнесі шығармада көрініс тапқан: кейіпкерлердің бір-біріне деген қарым-қатынасы арқылы адамдардың бірін-бірі түсініспеуі мен мейірімнің аздығын көрсетеді. Кейіпкерлердің тағдыры арқылы автор оқырманға ой тастайды: адам өзін түземейінше, қоғам да түзелмейдіні меңзейді. Қысқасы, автор кейіпкерлер арқылы “адамның сыртқы кемшілігі емес, ішкі жан дүниесінің таза болуы маңызды” деген идеяны жеткізгісі келген. Шығармада оқиғалар бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, әрбір эпизод оқырманды ойландырып, қоғамға деген көзқарасын қайта қарауға жетелейді. Автордың тілі көркем, бірақ ауыр емес, сондықтан идеясы анық жеткізілген. Шығарманың авторы Салықов Азамат өзінің жастығына, өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан философияға толы, адамның ішкі жан-дүниесін қозғайтын туындыны дүниеге әкелген. Осындай терең мағыналы, оқырманды өзін-өзі саралап, түйін жасауға шақыратын шығармаларды жастарымыз көбірек оқып, танысса деймін. Шығарма теңіздің тамшысындай болса да қоғамның рухани жағынан алға жылжуына үлес қосары анық.
Facebook ссылка на этот отзыв

 
87. Фатима  Әбілтай  28/04/2026 15:01 (10396)

Бүкірлер елі шығармасын оқып шықтым. Күрделі шығарма. Бірден оқып пікір жазып тастау оңай емес. Астарлы мағыналарға толы. Негізгі ой адамның өзін, өз шындығын қабылдауы болмаса қабылдағысы келмей қашуы. Шешімді, бақытты, жауапты сырттан іздеп жүгіруі, қашуы. Алайда, жауап адамның өз ішінде. Өзін қабылдауында. Бір сәт кідіріс жасап, қорықпай, үнсіз қабылдауында, құлақ салып, мән беруінде секілді.Басты кейіпкер Айқынға келсек, өз ішкі дауысынан, шынайы болмысынан қажып, көндіккен, енжар, бейқам өмірге келіскендей.Тек дәрі қабылдап, ұйықтап тағы да осы сынды басқа әрекеттермен уақытша басуға болады. Бірақ басқан сайын ушыға беретіндей, тұншыққан сайын қинала түсетіндей…Себебі ол жоғалмайды, тек уақытша ұмытылады.Бұл шығарма сезімдер қақтығысын тудырған ауыр шығарма болды.Айқынның ақыры қалай болар екен, Құдірет расымен жынды болып қалғаны ма? Миша ағайдың жәйі не болды, көмектескені үшін зардап шегіп қалмады ма, Жанардың тағдыры не болмақ тағысын тағы осы сынды сұрақтардың жауабына жеткенше шығарманы аяқтауға асық болдым. Басында тек қысқартылған бөлігін оқып пікір жазған едім алайда кейін толық оқып шықтым және бұным дұрыс болды. Қаламгердің қаламы ұштала берсін, бұл тек басы болсын деп тілеймін????????????. Өмір расыменде ғажап қой тек оны өзіміздің болмайтын қабылдауларымыз бен мұңды, бұрыс тұжырыдарымызбен қиындатып, өз еркіндігімізді өзіміз шектеп, жоқ торды жасап алатынымызды қайтесің? Асылы бұл Айқын образында берілген адамзаттың ішкі күйі, арпалысы секілді… Тек біреулер аяғына дейін шыдап, күресіп, сабыр қылып әйтеуір барынша мәнді де сәнді ғұмыр кешсе, ал біреулер қолды бір сілтей сап, “жеңіл жолды” таңдаса керек… Бірақ ол расымен-ақ жеңіл жол ма өзі? Ар соты маза бермей қояма өзі?Хайуаннан еш айырмашылығын болмай қалудан артық сорақылық бар ма өзі?Әркім өзінше пайымдаса керек… Әрқайыссымызға бір тоқтап, айнаға, ішкі жан дүниемізге зер салу артық етпесе керек, бәлки бізде бүкір болып кеткен шығармыз?Алғаш Бүкірлер елі деген атауын оқығанда ойыма ештеңе келмей, түрлі сұрақ тудырған болатын, сөйтсем атауының өзі терең мағынаға толы мәнді шығарма екен.

Facebook ссылка на этот отзыв

 
88. Берік Мобарк  29/04/2026 04:35 (10881)

Бүкірлер елі шығармасының атауы ерекше, өзіндік құпиясы бар, кітап оқушының назар аудартатындай шығарма. Атауын алғаш естігенде балалар шығармасы көзіме елестеді. Шығарманы оқи келе балалар емес ересек адамдардың өздері бір-екі қайтара оқып, миды жұмыс істетіп, ойға салып, қорыту керегін аңғардым. Жалпы мазмұнды шығарма, бірден эмоция бермейтін, ойланып, толғанып түйін шығаратын шығарма. Ең ұнағаны жазушының оқырманға деген ой тастауы, ойландыруы. Өмірде әртүрлі тағдыр болады, сол тағдырды әркім әртүрлі өзінше бастан кешеді және де сол тағдырды сырттан көрген жандар әртүрлі ой қалыптастырады. Сол секілді шығармада бірнеше адамның тағдыры қозғалған. "Бүкір" сөзі бұл шығармада жайдан жай алынбаған. Адамның кемістігі тек сырт келбетінде емес, жан дүниесінде де болатыны хақ. Сырты бүтін - іші түтін жандар қаншама, осы бүкірлік. Басты кейіпкер Айқын сол адамдардың бейнесі. Айқын арқылы кәзіргі заманның, кейінгі заманның, тіптен өткен заманның қоғамда айтыла бермейтін, талқыланбайтын, адамдардың сыртқы жетістігімен адамды бағалайтын, ол жетістікке не нәрсені құрбан етумен жеткеніне көз жеткізбейтін, сол жеңістердің артында не тұрғанын, жарқырағанның барлығы алтын емес екенідігін көрсеткендей. Шығарманы қорытып отырып Абайдың мына өлең шумақтары есіме түсті Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай айтпақшы әр адамның жүрегіне бойламай, оның ой тереңдігіне түспей, Мұхтар атамыз айтпақшы оның сана биігіне шықпай, оның кім екенін білмейсің. Әр адамда оны қолдайтын, түсінетін адамы болса шын бақыт. Шығармада махаббат туралы да, үміт, адамгершілік, адалдық туралы да сөз қозғалады. Бұл адамнық асыл қасиеттері, діңгегі. Сол себептен де шығарма көңілден де, ойдан да шықты. Қай уақытта да, қай заманда да кездесетін моральді, психологиялық мәселелер қөтерілген шығарма болғандай.
Facebook link

 
89. Кенжегүл   29/04/2026 10:29 (11044)

«Өмір — ғажап. Оны азапқа айналдыратын-өзіміз» (Төлен Әбдік). Тура осы қысқа да нұсқа сөйлемнің менің санамды ащы толғақтай қысып толғатып жатқанына біраз күн болды. Өмірге не әлдекімге деген «әттең-ай» әнін айтып қалайын десем, сап етіп ойыма осы сөйлем келе қалады. Расымен мейірімі шексіз Жаратушымыз барлығын өз орнымен беріп қойса да, біз неге налып, неден түңілу керекпіз? Өмірдің жақсылығын көре білсек өмір шынымен ғажап-ақ ғой. Ал, налитын, азапқа айналдыратын сәт іздесек, ол да қас-қағым сәт. Шыны керек, осы керемет сөйлемнің авторы кім екенін де  бірнеше күн ішінде соңғы оқыған туынды арқылы білдім. Ол— қазіргі көркем әдебиетке өзінің жазушылық үлесін қосу үшін аламанға қосылған жас жазушы Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» шығармасы. Осы шығарманы оқығалы бері өмірге басқаша көзқараспен қарай бастадым. Шығарма деп ауқымды туындының тұғырын аласартпай, повесть деп тиесілі жанры бойынша атағаным жөн болар. «Бүкірлер елі» повесті- қазіргі қоғамның маймөңкелеп айтылмай жүрген біраз сырқатын ақ қағаз  бетіне төгілген көк сиядай айшықтап беріпті деп пікір айтсам артық болмас. Себебі, туынды- туындағанша автордікі, туындап, жарық көрген соң-оқырмандікі дегенді естіп өскен ұрпақпыз. Шығарманы оқитын, оған баға беретін оқырман. Ал, оқырманның жүрегінен жол тапқан шығарманың ғұмыры ұзақ болмақ. Азамат Салықовтың «Бүкірлер елі» оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алатын шығармалардың бірі боларына сенімім кәміл. Жалпы бұл туынды оқырман қолына алып, бір оқып ғана сөреге кері қоя салатын шығарма емес, олай болмауы да керек. Өйткені мұнда тек жоғарыда тілге тиек етіп өткенімдей біздің қоғамдық ғана  мәселе емес, жалпы әлемдік рухани дағдарыстың, жалпыадамзаттың  жан дүниесіндегі түрлі терең жан жарасы мен тағдыр-тауқыметі, қайғы-қасіреті, адамдық құндылықтары қозғалған әрі психологиялық, әрі философиялық үндестігі бар күрделі туынды. Оны оқитын оқырманның да өресі биік, талғамы жоғары болмақ керек. Туынды соны талап етеді де.

Жалғасын фейсбуктан оқи аласыз..

Facebook ссылка на этот отзыв

 
90. Асылан Жукенов  29/04/2026 10:40 (11091)

Азамат Салықовтың "Бүкірлер елі" шығармасы кез-келген адамға ой саларлықтай. Қазіргі замандағы өмірден өзінің орнын таппай жүрген көптеген жандардың ішкі жан дүниесі бейнеленгендей. Қоғамның ықпалына жығылып, ішкі армандарынан, алдына қойған мақсаттарынан бас тарту біз өмір сүріп жатқан ортаның ең үлкен дерттерінің бірі. Автор адамдардың осы ішкі дертін өз мәнерінде әдемі жеткізе білген. Шығарманың басты кейіпкері Айқын өзінің ойларын ашып айтуды, қоғамның мәселелерін көтеруді, адамдарды дұрыс жолға бағыттауды телеарна арқылы жүзеге асырғысы келгенмен, "ашық ойларды" дәл бұлай жеткізе алмайтындығын жете түсінбеген болса керек. Сол себепті де бұл мақсат жолындағы ең басты құралынан, жұмысынан айырылып қалады. Ол осыдан кейін өзін жоғалтып алғандай, өмірінен мән кеткендей күйде қалады. Қаншама атақ абыройдан бір сәтте айырылып қалу кім кімге болса да оңай соқпасы белгілі. Оның түн ортасында шошынып оянуы, басшылықтағы адамдарды жек көруі, сонымен қатар "ауруға" шалдығуы соның салдары болса керек. "Жындыханада" жүрген барлық адамдардың да шын мәнінде ауру екенін не әдейі ауру екенін тек өздері ғана білетіні шығарманың қызық бір тұсы деуге болады. Көрінбейтін доппен ойнау, өзің жан тәніңмен қалап тұрмасаң да басқалар сенен қалағандай өмір сүрудің жындыханадағы проекциясы десек артық айтпаймыз. Шығарманың тағы бір ерекшелігі, автордың кішкентай детальдарға мән беруі. Сағаттың басқаша уақытты көрсетуі, барлығы тек меңгерушіден ғана қорқуы, "ауруы" асқынғандардың жоғары қабатқа көтерілуі, тіпті ондайларды байлап тастайдындығы... Қазіргі қоғамдағы жүрек дерттерінің баламасы секілді көрінді. Биліктің, ақшаның жүрекке қатты кіріп, бұл ауру асқынған сайын қанағатсыздыққа басып жоғары қарай көтеріле бергісі келетіндігі, жоғары көтерілген сайын бұл дерттер адамды одан сайын қүрсаулап байлап тастайтындығы, бұл дерттерді көтеріп жүру үшін "үлкен укол" берілетіндігінен автордың ерекше ойлау стилін байқадым. Қорыта айтқанда, "Бүкірлер елі" шығармасын әрбір көзі ашық адам үшін үлкен ойлар салатын бағалы туынды деп ойлаймын.
Осы пікірге Instagram-сілтеме

 
91. Нұрсұлтан Әмірхан  29/04/2026 11:04 (11183)

Жас жазушы Азамат Салықовтың алғашқы туындысы "Бүкірлер елі" атты кітабын оқып шықтым, күшті әсер қалдырды. Басында кәдімгі жындыханадағы адамдардың өмірі сияқты көрінеді. Бірақ оқи берсең, жай ғана оқиға емес екенін түсінесің. Әр кейіпкердің ішінде бір проблема бар, біртүрлі күйде жүр
Айқын деген кейіпкер маған қатты өтті. Бұрын бәрі дұрыс болған адам ғой, жұмысы, әйелі бар. Бірақ бір кезде бәрінен шаршаған сияқты. Ең қызығы - ол шыққысы келмейді. Тесттен әдейі қате жасап, сол жерде қала береді. Осы жері ойландырады. Кейде адамдар шынайы өмірден қашып, оңай жерді таңдай ма деген ой келеді
Жұман да, Құдірет те қызық. Бірі өзімен өзі жүр, бірі ғашық болып жүр. Сыртынан қарасаң күлкілі, бірақ ішіне кірсең аянышты. Жалпы, бәрінің өз проблемасы бар
Тілі жеңіл, тез оқылады. Бірақ ойы жеңіл емес. Кейбір жерлерде өзіңді ұстап, "расымен солай ма?" деп ойланып қаласың. Кәдімгі өмірді бізбен бірге сүріп жүрген, қасымыздағы адамдар туралы айтып жатқан сияқты болып кетеді кейбір жерінде
Соңында нақты бір жауап жоқ. Бірақ миыңда сұрақ көп қалады. Жалпы, уақыт кетіруге емес, сәл ойланып оқитын кітап екен. Бір рет оқып қойсаң да, есіңде қалады

Төлен Әбдіктің почеркі сезіледі, автор өзіне шоқ жұлдыз ретінде осы кісіні таңдап алғандай болып көрінді. Алдағы уақытта да осы стильдегі шығармалардың көп шығуына тілектеспін. Осы жанрды дамытушы мықты қаламгер бола алатынына сенімім мол

Қазіргі заманның дерті, мүмкін кебіреулер үшін оңай сылтауы - депрессия, стресс сияқты кезеңдерді жүрген адамдар оқып шықса, шығаманы ой елегінен өткізсе, өзіне алары көп болатындай. Себебі, байқағаным - шығармада бүкірлік тек физикалық емес, ішкі күй сияқты берілген. Әр адам бір нәрсеге байланып қалған, бірі өткеніне, бірі қиялына, бірі өз қорқынышына. Сыртынан бәрі әртүрлі көрінгенімен, ішінде ұқсас нәрсе бар. Сол жағынан оқығанда, бұл тек жындыхана туралы емес, жалпы қоғам туралы сияқты әсер қалдырады

Facebook ссылка на этот отзыв